ӨЛЕҢІНІҢ ӨМІРІ ҰЗАҚ ӨМІРЗАҚ
Өмірзақ Қожамұратов — қазақ поэзиясының асқарына Жұмекен Нәжімеденов, Жүсіп Қыдыров,Құдаш Мұқашев, Мұқағали Мақатаев, Төлеген Айбергенов сынды тарландармен қатар шыққан талантты ақындардың бірі. Кезінде әйгілі жыр алыптары Әбділда Тәжібаев пен Әбу Сәрсенбаевтан бастап белгілі аға буын мен қатарлас қаламгерлер оның ғажайып ақын екендігін мойындап,байсалды көзқарастарын,жылы пікірлерін білдірген болатын. Алайда өзгелердей емес,Өмірзақтың өзінің де,өлеңінің де бағы ашылмай кетті.
Ақынның көзі тірісінде 3-4 кітапшасы шықты. Өкінішке орай аз ғана данамен жарық көрген титімдей үш жинағы мен балаларға арналған суретті кітапшасы оны өлеңсүйер қауымға толық таныстыра алған жоқ. Ақын әдеби ортадан қиыр шетте,сонау Өзбекстанның Бұхара облысының( қазіргі Науаи облысы) түкпіріндегі Тамды ауданында ғұмыр кешті.Мектепте,аудандық газетте еңбек етті. Сөйтіп жүріп» қосақ арасында бос кетіп жазықсыз шоқ басқан» ақын айықпас дертке душар болып,небәрі 47 жасында жалған дүниені тәрк етті.
Өмірзақ ақынның жоқтаушысы болмады десек күпірлік болар.Оның ең бірінші іздеушісі де,зерттеушісі де өзінің досы,қазақтың қалаулы перзенті,сыншы-ғалым Зейнолла Серікқалиев еді.З. Серікқалиев ақын шығармашылығына ерекше назар аударды. Тамдыға арнайы барып,ақынның қолжазбаларын саралады. Қыруар редакциялық,текстологиялық жұмыстар жүргізді. «Ой кешу», Күн астында- құдырет» кітаптары мен балдырған- бөбектерге арналған » Суретті жұмбақтар» атты шағын кітапшасын жарыққа шығарып,достық парызын адал атқара білді.
Жерлестері де ақынның мұрасын қастерлеп,есімін ескерусіз қалдырған жоқ. Мерейтойлары Кенмех,Үшқұдық, Тамды аудандарында салтанатпен атап өтіліп,екі мкктепке,көшелерге есімі берілді.
Өмірзақ қаламынан шыққандарды түгендеп болдық деп айта алмаймын. Жер басқан пенде жылдар бойы нәр сызбай жүруі мүмкін емес,сол сияқты кемерінен асып- төгілген ақындық құдыреттің де тілден кесілген,жүректен айырылған жым- жырт жылдары болады дегенге сенбеймін» деп жазған болатын З.Серікқалиев «Ой кешу» кітабының жолашар сөзінде.Айтса айтқандай- ақ, «алмас қылыш қын түбінде қалған жоқ», араға жиырма бір жыл салып Өмекеңнің «Сезім сәттері» жинағы,міне,жарқ етіп дүниеге келіп отыр. Кітаптың жарық көруіне себепші болған демеушілер- Мырзалы Даңбаев пен Нұртан Өтемұратов. Екеуі де Өзбекстанның Кенимех ауданында туып,Өмірзақтың өлеңдерінен сусындап өскен ақынжанды азаматтар.Реті келгенде қазақ жырына жанашырлық танытып жүрген қос азаматқа және олардың отбасына «Алланың нұры жаусын!»деген ізгі тілегімізді білдіреміз.
Осы жинақты құрастыруға бел буғанда, әуелі, Тамдыға соғып, Өмірзақтың заңды мұрагері,ақынның бауыры Бекенге жолығып,келісімін алдық. Бекен ағасының мұрасын сарымайдай сақтап отыр екен. Көнетоз сандықта сақталып жатқан қолжазбалар мен хаттарды оқып ақынның тыныс- тірлігінен біраз сыр ұқтық.
Әр қиырдан келген хаттарды толқымай,тебіренбей оқу мүмкін емес. Ақын жазушылар мен оқырмандардың парасатты пайым мен шынайы сезімге толы хаттарын хаттарын сүйсіне парақтап,сүйікті ақынымызға деген сүйіспеншілігіміз одан сайын арта түсті. Хаттардың бір парасы алғысқа толы екен. Сөйтсек ,ақын аға жоқ’ жітік студенттерге пошта арқылы ақша салып отырыпты!
Бір қолжазбада Өмекең Хафиз, Омар Хаям,Абай, Бернияз жырлары жайлы толғана жазыпты,тұтас ақындарды дәріптепті. Төлеген қайтыс болған жылы кітап бетіне медаль сызып,оған ақын досының бейнесін бейнелепті.Оны біз» келешекте дарынды ақындардың кеудесінде жарқыраса екен» деген ақеділ арманы деп ұқтық.Ия,бүгінде Төлеген медальдай жарқырап,әр қазақтың көкірегінде жүр. Сол сәтте «Өмірзақтың өзі қашан жарқырар екен» деп мұңайғанымыз рас…
Тағы бір кітаптың бетіне » 1 Бастау» деген тақырыппен былай деп жазыпты:» Біздің, әсіресе, Төлеген мен менің тұтас өлең жолдарым,ұйқастыруды іңкәр еткен талап- талпынысымыздың алғашқы көрінісі- Бернияз жырларынан байқалады. Сондықтан»1 Бастау» деп отырмын,т.б. Біз талап еткен ұйқас,ырғақ,әуен,наз бен сазды сырлы жол- шумақтардың сөз маржаны,дыбыс — сыңғыры мен іші- тысы бірдей жаңғыру,құлпыруының әдепкі нышандары да Бернияздан кездеседі.Июнь, 1970.»Арқалы ақын қара сөзді де лирикалық ырғақта желдіртетін арғымақ екен- ау?!
Тағы бірде марқұм З. Серікқалиев»…. келешекте ел болып,біз болып,көп кешіктірмей,көл- көсір мұраның етек- жеңін түгендеп,бәрінің басын қосып біріктіріп,өз алдына дербес толық томдығын мінсіз жариялай алсақ,сонда ғана шын мәнінде ақын рухы алдында бір парызымыздың өтелгені деп көңіл бірлеріміз анық» деп армандаған екен.Бұл- ақын мұрасын жинастырушы, Өмірзақтың бауыры марқұм Жанұзақ пен белгілі сатирик,ақын марқұм Серік Шұқынның да арманы еді. Дәл осылай,біз, ақынның жерлестері де армандап жүрміз….Алла бұйыртса,Өмірзақ Қожамұратовтың толық мұрасының том- том болып жарық көретіні шүбәсіз.
Серік бір өлеңінде былай деп жырлап еді:
— Өмірзақ аға!
Жырыңмен жанымжайқалар.
Ашыққан өңір,
Кеш ұққан көңіл жай табар.
» Өлгендер қайтып келеді» деген өзің ең,
Кетіп ең самғап,
Өтінем зарлап,қайта орал!
Өмекең » Сезім сәттерін» толғап ортамызға қайта оралды,ағайын, қабыл ал!
АҚЫН АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП
Отаршылдықтың бұғауынан құтылсақта,ескіліктің шырмауынан шыға алмай келеміз. Кешегі “ қызыл идеологияның” кезінде жақсылықты жаттай санап,жақыннан жау іздеп,барлық асыл әдет- ғұрыптарымыздан айырылып қалдық. Соның нәтижесінде тексізден- төре болды. Адалдықты арқа тұтқан асылдар аяқ асты болды. Осындай өресіздіктің салқыны әлі сейілмей келеді.Бірақ барлық жерде де жақсылыққа жаны құмар жандар- халық санасын сергітуге,біздің де бүгінгі таңда беделге ие болатындығымызға сенім ояту жолында еңбек етуде. Соның бір айғағы ауданымыздағы тарихи “ ақтаңдақтарды” қайта тірілтіп, тарихи шындықты қайта тіктеу жолында еңбек етіп жүрген ұйым- аудандық қазақ мәдени орталығы деп білеміз.Рас,қолында билігі болмаса да,елді бірлікке,татулыққа шақыру,шындықты ту етіп ұстау,егеменді Республикамыздың Тәуелсіздігін сақтауды насихаттауы көңілге қонарлық іс. Осы мәдени орталықтың басы- қасында жүрген азаматтардың қолдап- қуаттауымен қаладағы номері 4 қазақ орта мектебіне- жергілікті ақын Өмірзақ Қожамұратұлының есімі берілді. Қайсібір жақсы жұмыстың жанашырлары мол болса,қарсыластары көп болатыны ақиқат.Біз бұл мақалада қазіргі өтпелі кезеңде әрі- сәрі күйде жүрген қарсыластарды кіналай алмаймыз. Себебі бұл да өмір заңы.
Ия, өмір күреске толы, тартыссыз тағдыр шешілмейді. Сондықтан ақын Өмірзақ Қожамұратұлы:
Қасымдағы қасқамен,
Қаламында ұғыспай.
Алыстағы басқамен
Сыйласамын туыстай,- деп жырлаған еді.Ал кеше ғана қаладағы номері 4 мектепке ақын Өмірзақтың аты берілуіне арналған салтанатты рәсімде ақын өміріне қатысты біраз әңгіме айтылды. Осы салтанатты рәсімді өткізуді мектептің тарих пәнінің оқытушысы Базарбек Өмірзақов атқарды. Ол ақынмен бала кезінен бірге өскен,ақын өмірі мен қызметіне байланысты жәйттерді терең білетін азамат екен. Сондықтан болар,салтанатты рәсімді ұқыпты ұйымдастырып,тартымды жүргізіп отырды. Бұл бас қосуда ақынмен бірге Тамды аудандық” Социалистік шаруашылық”( қазіргі “ Тамды шаруагері” газетінде бірге қызмет істеген,аудандық қазақ мәдени орталығының төрағасы,журналист Дінбай Дабыл Өмірзақтың өршіл өлеңдерін жатқа айта тұрып,қызықты баяндама жасап берді. Сондай- ақ,ақын Өмірзақты өмірге баулыған,білім нұрын бере білген ұстаздары: Қатша Құлбарақова,Қалдыгүл Кенжеғараева апайлар,класстас- парталар досы Нұралы Сүлейменов,жерлес інісі Кеңесбек Рсалиев,ақынның туған інісі Жанұзақ Қожамұратұлы Тасымовтар өз пікірлері мен ізгі тілектерін ортаға салды.
Салтанатты рәсімге аудан және қала әкімі Анатолий Михайлович Храпов,әкімнің орынбасарлары- Б. Айхожаев,Қ.Батыровтар және ақынның туған туыстары қатысып отырды.
Осы кешті ұйымдастыруға ақын Өмірзақтың туысқаны- Үшқұдық қаласының тұрғыны Айжарық Ахметов ерекше қызмет етіп,мәжілістің барысын арнаулы бейнетаспаға жаздырып отырды. Сондай- ақ,мәжіліске аудандық мәдениет бөлімінің бастығы М.Мүрашимова қатысты. Ал аудандық мәдениет үйінің директоры Есенәлі Боранбаевтың басшылығымен қонақтарға арнап ән- жырлар орындалды.
Сөйтіп, Үшқұдық қаласының іргесінде,Әйтім жерінің топырағында туған ақын Өмірзақ Қожамұратұлының есімі қаладағы мектепке берілуі біз үшін үлкен қуаныш.Алда ақынның 60 жылдық мерейтойы да жақындап келеді.Бұған да дайындықты бүгіннен бастаған жөн болар еді.
Адилбай Шилманов, Өмірзақ Қожамұратов атындағы қазақ орта мектебінің оқытушысы.
“ Нұрлы жол” газетасы.
Өмірге артар өкпем жоқ,
Ешкімге есем кеткен жоқ.
Жеткізбей жүрсе біреулер,
Біреулер маған жеткен жоқ.
**********************
Өсек- аяң,қиянаттан құтылған,
Тірісінде- пысықтардан ұтылған.
Ақын жатыр- үнсіз тілі байланып,
Жырлары жүр дүниені айналып.
БИОГРАФИЯ КЫЗЫЛКУМСКОГО ПОЭТА ОМИРЗАХА КОЖАМУРАТОВА из поэтической книги
«КҮН АСТЫНДА — ҚҰДЫРЕТ». «СВЯЩЕННА ЖИЗНЬ ПОД СОЛНЦЕМ».
ИМЕНЕМ АКЫНА- ЗЕМЛЯКА.
В мае 1993 года хоким района и города Учкудук подписал постановление о переименовании городской школы номер 4.
В постановлении говорится:» Рассмотрев протокол собрания педагогического коллектива школы номер 4 от 11 февраля 1993 года,учитывая решение родительского коллектива названной школы» О переименовании средней школы,образованной постановлением хокима номер 228 от 23.06.1992 года»,хоким города и района.
ПОСТАНОВИЛ: «Переименовать среднюю школу номер 4 с казахским языком обучения на имя Омирзака Кожамуратова- местного поэта. ПХ- 05/582 от 6.05.93.г.»
Недалеко от Учкудука есть небольшой аул,называется он Айтым. Вот здесь в 1936 году родился поэт Омирзак Кожамуратов.
Тогда эти места относились к Тамдынскому району Бухарской области. Вся жизнь поэта была связана с большим казахским посёлком Тамдыбулак.
Начальную школу О.Кожамуратов закончил в Контае,далее учился в средней школе номер1 имени В.И. Ленина Тамдынского района.
Учителя О.Кожамуратова не только привили ему любовь к родному краю,родному языку,обычаям и традициям казахского народа,но и развили у будущего поэта творческие силы,любовь к поэзии,воспитали в нём настоящего человека- гражданина.
Всем сердцем понимал поэт жизнь своих земляков- чабанов.Ведь добрая половина жителей района- герой стихов и газетных статей,это его родственники и близкие,друзья,товарищи,сослуживцы.
О.Кожамуратов всегда сочетал гармоничное единство человека и природы,языка и края. Все свои думы,переживания он пытался передать строками стиха.
Читая стихи О.Кожамуратова,приходишь к мысли о том,что поэт глубоко философско рассуждает вместе со своими читателями о жизни,о характере человека,о его страданиях,надеждах,раздумьях.
Поэт через свой нестандартный подход к поэзии воспитывает,помогает от таких пороков,как безответственность,подхалимство,лесть.
Стихи О.Кожамуратова призывает нас к любознательности,стремлению к самостоятельному поиску,творчеству. Читая стихи,каждый из нас ощущает притягательную силу поэзии.
Конечно,тем,кто впервые взял в руки стихи О. Кожамуратова,будет трудно их понять и быстро уловить смысл,потому что мысли поэта глубоки,интересны,радикальны,содержательны и индивидуальны. В словарном арсенале О.Кожамуратова есть много слов,требующих раз’ яснений,толкований.
В пятидесятых годах появились первые стихи в казахстанской молодёжной газете «Молодой ленинец»- «Лениншіл жас».
Уверенность и вдохновение у Кожамуратова появляются после того,как в шестидесятые годы его творчеству дали оценку знаменитые в то время казахские поэты Жумекен Нажимеденов, Мукагали Макатаев,Толеген Айбергенов, Жусип Кыдыров и Кудаш Мукашев.
У О. Кожамуратова появилось не только желание,но и оптимизм. И поэт через несколько лет без предварительного согласования и договорённости с печатными органами и журналистской организацией для своего первого лирического стихотворного сборника везёт в Казахстан черновики и рукописи. И в 1966 году выходит первый сборник стихов с романтическим названием «Жиделибайсын».Многие поэты и критики высоко оценили сборник за его нешаблонность и индивидуальный стиль.
Всеми любимый писатель казахского народа Абдилда Тажибаев в газете» Казах адебиети»- » Казахская литература» писал о первых подборках стихов примерно так;» В Омирзаке чувствуется серьёзный и тонкий лирик. Если сегодняшние стихи радует нас,то будущее вселяется огромную надежду.»
Прошло ровно пять лет,когда О.Кожамуратов своих читателей- земляков порадовал новой книгой с лирическим названием «Таңғы дауыс»( Утренняя мелодия»)
В лирическом сборнике О. Кожамуратов самораскрывается,становится самостоятельным,независимым,ощущает себя интеллектуальной личностью,освобождается от цензурной опеки.
После двух лирическо- философских сборников поэт решил порадовать детей и школьников своей маленькой книжкой с картиной » Санамак»- («Считалка»).
О. Кожамуратов хорошо понимает,что надо обогащать словарьный запас учащихся. И это можно сделать языком поэзии.
Детские стихи, стихотворные считалки,загадки ритмически организованы,оформлены с учётом детской национальной психологии,легко заучиваются не только школьниками,но даже ещё не умеющими читать детьми.
О.Кожамуратов пытается исследовать природу родного края и передать своему читателю в оригинальном описании,своеобразным языком. Омирзак к следующему своему сборнику стихов приходит не провинциальным поэтом. И сборник» Жол аяқталмайды»-» Дорога не кончается»,вышедший в 1981 году,это подтвердил.
В поэтическом плане стихи подтвердили ещё одну сторону поэта-это высокая литературная культура. Но не высохли чернила нового сборника стихов,как не стало короля кызылкумской поэзии.
При жизни О. Кожамуратов,работая в местной газете «Социалистик шаруашылык»- «Социалистическое хозяйство»,много печатался и много писал.
После смерти все рукописи и черновики по крупицам собрал родной брат Жанузак Тасимов и передал их казахстанскому литератору Зейнолле Сериккалиеву. А он уже выпустил ещё одну поэтическую книгу «Ой кешу»- «Думы мои».
Поэтическая книга абсолютно точно соответствует своему названию. В них описана жизнь,реально в натурах отражается особенности настоящей,будущей и прошедшей жизни. Поэт очень внимателен и чувствителен. Эти стихи выходит из его души. Об этом говорит сам поэт в своём сборнике.
Много есть ещё стихов у поэта О. Кожамуратова. Они хранятся дома в сундуке.Это поистине золотой сундук.
Будут ещё у О.Кожамуратова книги. И наверно потолще той,что вы держали в руках,богаче и разнообразней.
Хочется верить в это. В книгах этих не умолкнут прекрасные стихи короля кызылкумской поэзии. И опять будут строки о тепле человеческого общения,о любви.
Стихи эти будем читать и мы,и наши дети,и будущие дети детей.Конечно,если нам удастся это сделать. Потому что при нынешних трудностях очень сложно нам и издательству. Но эту работу следует преодолеть всем нам вместе.
Пожелаем же себе удачи в этом деле. Да поможет нам Аллах!
Издательство» ЖАЗУШЫ». АЛМАТЫ. 1998 год. 272 страниц.
ҚЫЗЫЛҚҰМДЫҚ АҚИЫҚ АҚЫН ӨМІРЗАҚ ҚОЖАМҰРАТОВТЫҢ ҒҰМЫРНАМАСЫН ТОЛЫҚТЫРУ БОЙЫНША ӘДЕБИ БАЙҚАУ
ХХ ғасырдың бірінші жартысында Қызылқүмның Әйтім ауылында тазалықты, ақиқатты, әділдікті оқырманына поэзия арқылы жеткізген ғажайып ақын ӨМІРЗАҚ ҚОЖАМҰРАТОВ өмірге келді. Мектепте оқып жүріп-ақ аудан, облыс, республикалық мерзімді басылымдарда алғашқы өлеңдері жарық көріп тұрды.
Ал ақынның «Жиделібайсын» атты тұңғыш кітабы 30 жасында шықты. «Жазушы» баспасынан шыққан «Таңғы дауыс» атты екінші өлеңдер жинағы жерлестерінің қолына 1971 жылы тиді. Сол жылы «Санамақ» атты суретті кітапшасымен балаларды қуантты. Ал «Жалын» баспасында басылған «Жол аяқталмайды» жинағы — ақынның көзі тірісінде шыққан соңғы кітабы.
Ақын дүниеден өткеннен сыншы-ғалым Зейнолла Серікқалиев ақын досының «Ой кешу» жинағын, балдырғандарға арналған «Суретті жұмбақтар» кітапшасын және «Күн астында — құдірет» атты көлемді топтамасын баспадан шығарды. Сондай-ақ, Мырзалы Даңбаев пен Нұртан Өтемұратовтың демеушілігімен, әдебиет зерттеушісі Қали Жолдасовтың құрастыруымен ақиық ақынның «Сезім сәттері» кітабы 2009 жылы жарық көрді.
Қызылқұмның тұлпар тектес дарынды ұлының есімін жерлестеріміз ескерусіз қалдырмай келеді. Өзбек елінде мерейтойларын өткізіп, есімін Үшқұдық пен Тамдыбұлақтағы қазақ мектептеріне, көшеге берсе, Қазақ еліндегі Теміртау, Шахтинск қалаларында еске алу кештерін, ақынға арналған спорт жарыстарын өткізіп келеді.
Күллі қазақ елі Өмірзақ Қожамұратовтың ғажайып жырлары, шығармашылығы арқасында Қызылқұмды таныды.
2026 жылы Өмірзақ Қожамұратовтың 90 жылдығы атап өтіледі. Осы мерейтойға орай ақынның ғұмырбаянын толықтыру мақсатында БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙМЫЗ!
БАЙҚАУ ШАРТЫ 3 БӨЛІМНЕН ТҰРАДЫ:
1.АҚЫН МЕНІҢ — МАҚТАНЫШЫМ!
(Ақынның өмір жолына қатысты деректер, кездесу сәттері және оқиғалар туралы жазу бойыша).
2. «КҮН АСТЫНДА — ҚҰДІРЕТ» — БІЗГЕ ӘН СЫЙЛАЙДЫ.
(Ақынның сөзіне жазылған авторлық әндер бойынша).
3. ӨМІРЗАҚТЫҢ ӨЛЕҢДЕРІ — АҚЫННЫҢ ӘЛЕМІ.
(Ақынның жалпы және жекелеген өлеңдеріне талдау, шолу жасау, рецензиялар жазу бойынша).
Байқауға қатысушыға жасына, мекен-жайына байланысты шектеу қойылмайды. Байқауда жеке және топпен жұмыс жасау формалары да жүзеге асады. Ғұмырнаманы өлең, поэма үлгілерімен жазуға да болады. Байқауға қатысушы қаламгер болмаса да, бұрын-соңды мақала, өлең, поэма, өмірбаян жазбаса да қатысуларына есік ашық.
Ең бастысы — Өмірзақ ақынның шығармашылығына көзқарасын, ой-пікірін білдіріп, өзі кездескен немесе есітіп-білген оқиғаларды шынайы баяндаса құба-құп. Ақын ғұмырнамасын бұрын-соңды баспасөзде жарық көрмеген, кітаптарға енбеген эпизодтармен суреттеп, құнды материалдармен толықтыру да біздің негізгі мақсатымыз.
Байқауға қатысушы өте көп ізденуі керек, ақынның көзін көрген кісілермен сұхбат өткізіп, өзіңізге керекті, маңызды ақпаратты, диалог, интервьюді телефонға жазып алып, өз қорытындыңызды жасауыңыз керек.
Еш жерден көшіріп алмай, бұрынғы мәліметтерді қайталамай, ақынның жастық шағынан бастап, мектепте оқуы, ұстаздық жұмысы, спорт қоғамының төрағасы, газетте әдеби қызметкер, Қызылордп қаласындағы халық шығармашылық үйінің әдістеме- маманы, Қармақшы, Бөген, Мақтаарал аудандық газеттерінің әдеби қызметкері болып жұмыс атқарғандығын фактілермен дәлелдеп, ашып көрсетіп, ақын болып қалыптасқанын, қазақ әдебиетіндегі ролін, орнын көрсетуіміз керек.
Құрметті ақынның поэзиясына қызығатын, қазақ жырын сүйетін, тілегі бір ағайын! Біліміңіз орта ма, жоғары ма, қайсы саланың маманы болсаңыз да, бұрын- соңды ғұмырбаян жазып көрмесеңіз да байқауға қатысып, өзіңізді сынап көріңіз!
Жазбаларыңызды бізге, ватцаппен мына номерге: +7 701 593 66 96, Үрістемов Сәндібекке салып жіберіңіз. Сондай-ақ, өзіңіз туралы мәліметтерді де қоса жолдаңыз.
Байқау 2023 жылдың 1 тамвзында басталады. Жазған еңбегіңізді ұйымдастыру комиссиясы 2024 жылдың 1 наурызына дейін қабылдайды.
Әділқазылар байқау қатысушыларының еңбектерін оқып, бағалап, 2024 жылы, 4 наурыз күні өтетін ғылыми-практикалық конференцияда жеңімпаздарды марапаттайды.
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИССИЯСЫ.
Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы.
1 тамыз, 2023 жыл.
ӨМІРЗАҚ ҚОЖАМҰРАТОВ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІК
Мен бұл азаматты 1950 жылдан танимын. Мен 1950-1951 жылдары Тамдыдағы орта мектептің 10 сыныбында оқып жүргенімде,ол 7 сыныбында оқитын еді.Содан бері түрлі жұмыс саласында,түрлі жағдайда жүргендерінде білемін. Бірақ,дарынды сөз шебері болатынынан хабарым жоқ еді. Оған оның өзі себепші болды ғой,бұл бәрімізге аян.
Бұл жігіт 1980 жылдың жаз айларының бірінде біздің совхозға келген екен,түскі үзіліске шығып келе жатсам,кеңсе алдында құрылған,тастан құйылған ұзын орындықта отыр екен. Үзілісті аяқтап,сағат 15 -терде кеңсеге қайтып келсем,бағанағы көрген жерімде әлі отыр екен.
— Ау, Өмірзақ,бағанағыдан отырсың ба?Бір жерден шәй- пәй іштің бе?- деп сұрап едім,— е, іштім ғой,- дей салды. Шамасы бір жұмыспен біреуді күтіп отыр ғой,тілші болғасын деген оймен тағы да өте шықтым.Сонымен не керек,үзілістен кейінгі жұмысты аяқтап,үйге қайтып келе жатсам,Өмірзағым баяғы жерде әлі отыр.
— Ау, Өмірзақ,сен әлі отырсың,жұмысың кімде еді,оны кездестіре алмадың ба? Сыры бар жұмыс болмаса,айтсаң,қолымнан келсе көмектесейін,- дедім. Сонда ол ауыр күрсініп:- ие,жұмысым бар еді,сол жұмысты кімге айтарымды білмей отырмын деді. Ау бала, қой,өзің жұмыспен келесің,оны кімге айтарыңды білмейсің,бұл қалай?- деп қасына отырдым. Демек бұл балада бір гәп бар,анығын білейін деп қайта сұрау қоюға ыңғайланып едім,бұл кісі мені қоймас дегендей сөйлеп кетті.
— Ореке,мен сізді жақсы танимын. Тәкеңді де,Өсекеңді де. Бірақ сіздерге жұмысым түсіп, сырласқан емеспін. Осы совхоздың азаматтарын халық мақтайды, жақсы жұмыс атқарып жүргендеріңізді өзім де көріп, біліп жүрмін. Мен қатты қиналып жүрмін. Жақында Жазушылар Одағына мүше болуым керек еді, соған Ташкентке баруға қаражат тапшы болып, сіздер демеуші бола ма екен деп келіп едім бұл ойымды Тәкеңнің алдына кіріп айтуға батылым бармай отыр. Бұған себеп, осы жерде Жайлау ағам бар, ол кісі білсе осындай етіп жүр деп Ақаңа айтады. Сосын мені шақырып алып сен менің атымды сатып, әркімдерден ақша алып жүр екенсің деп тағы да Тамдыдан қуып жібереді, — демесі бар ма.
Қой, олай етпе,жүр Тәкеңе барамыз, — деп қолынан демеп едім, орнынан тұрып жүре берді. Сөйтсем,бұл ешкімнің үйіне бармаған,онша танысы жоқ,құр отырған.
Сонымен жұмыс аяқталған кез,кеңсесінде Тәкең бір өзі отыр екен.Сәлемдескеннен кейін Өмірзақты таныстырдым, жұмыс жағдайын түсіндірдім, бұл бала жұмысым бітсін- бітпесін, әйтеуір Жайлау ағамыз білмесін дейді.
Онда Өсербайды шақырып кел,келгесін ойласып-кеңесіп көрейік деді. Мен Өсербайға барсам, олда бір өзі отыр екен, оғанда жағдайды түсіндірдім,ондай болса барайын деп,екеуміз келсек, олар әңгімелесіп отыр екен. Келгеннен Өсербай мына баланың жұмысын қалай бітіруге болады деп еді, ол қиын жұмыс емес, жұмысшылар комитетінің біріккен қаулысы болса болды, 10 малшыны 50 сомнан сыйлықтасаңыздар 500 сом болады. Өмірзақ барып келуіме жетеді деп тұр ғой деп еді, онда Жайлауды әкеле ғой деген кезде Өмірзақ қатты қысылып қалды. Сол кезде Өмірзаққа Тәкең де, Өсербай да қысылма,тәртіп солай, ол көнбесе қойсын, жұмысың орындалады дегесін, күлімсіреп алды. Өсербай барып Жайлауды ертіп келіп еді, сәлемдесу жоқ, Өмірзаққа дүрсе қоя бемесі барма.Бала сасып қалды.Сол кезде Тәкең: — Әй, Жайлау, сенің қалтаңнан шығатын ешнәрсе жоқ, біріккен қаулы шығарып бересің бе,жоқ па, соныңды айт, шығарып бермесеңде бір азамат талаппен келген екен, осы ауданның баласы ғой,мүше болып келсе ауданға зияны тимес, — деді.
Сонда Жайлау: -Тәке, сіздер мұның сырын білмейсіздер, сіздер ғой ақша берерсіздер, былай шыға бере арақ ішеді. Мен мұның сырын білемін, — дей бергенде әкел Өсербай осыған қарап отырамыз ба, 500 сом расходный жазып кел, қол қойып беремін, кейін бір есебі болар, — деді. Өсербай расходныйға қол қойдырып маған берді. Кассирге апарып беріп ақшаны алдық Өмірзақ қайта- қайта рахметін айта берді.
-Өмірзақ, жұмысың бітті, кеш болып бара жатыр, енді қайда барасың, — деп едім, үндемеді. Сосын үйге әкелдім. Кешкі ауқат болды, ауқат алдында аздап-аздап көрейік деп едім, — Ореке, менің түбіме жеткен осы ғой, мені қойыңыз, өзіңіз ала беріңіз, — деді. Қонақ ішпегенде менің ішіп нем бар. Ауқаттан кейін көк шай іштік. Менің әйелім Күзембаева Шарибан қалтықсыз қызмет етіп жүр. Шәймен де,шәйдан кейін де көп әңгімелер айтып берді. Қайсы бірі есімде тұрсын содан екі әңгімесі есімде қалыпты.
Олар: Бір күні Алматыдағы Жоғарғы оқу орындарының талабаларына лекция оқылатын болыпты. Лекцияны Мұхтар Әуезов оқыпты. Лекция аяқталғаннан кейін сұрақ- жауап басталып кеткен. Ауызша- жазбаша сұраулар көп болыпты. Тағы да сұраулар бар ма? — деп сұрапты, жоқ деген жауап алғасын, онда тыңдаңдар мына бір жазбаша сұрау бар, сонымен аяқтайық деп сұрауды оқыпты. Сұрауда былай делінген екен: Осы көптің арасында бір өсек сөз бар, Сіздің ауыл көбіне-көп Абай ауылымен ауылдас болыпты, Сізді Әуездің баласы емес, Абайдың баласы деген сөз бар сіз осыған анық жауап бере аласыз ба?- деп аты-жөнін жазбаған екен. Сонда Мұхтар: сұрау орынды,табиғи сұрау. Менің білетінім, ата-бабаларымыз Абай ауылымен ауылдас болғаны рас, егер Абай ауылымен ауылдас болмағанда, мен Абайды Әлемге таныстыра алмас едім. Мен өзімді кімнің баласы екенімді білмеймін, анау Көкшеде шешемнің моласы бар,кімнің баласы екенімді содан сұраңдар, анық-қанығын сол кісі айтады, — деп мінбеден түсіп жүре берген екен.
Репрессия жылында көптеген жазушылар атылған, 25 жылға сүргін болған. Солардың бірі Мұқамеджан Қаратаев та қамалған екен. Қамақ жазасын өтеп, Алматыдағы жоғарғы мектеп талабаларымен, жалпы халықпен кездесу өткеріпті. Соған Көкшетаудан Сәкеннің әйелі Әйтгүл жеңгейде қатынасыпты. Кездесу басталған кезде,мінбеде енді сөзін бастайын деп тұрған Мұқамеджанның қасына барып қалған Әйтгүл жеңгей: — Эй, Мұқамеджан,не бетіңмен халықтың алдына шығып сөз сөйлейін деп тұрсың. Сәкен қайда?, — деп бетіне былш еткізіп түкіріп жіберіпті. Сонда Мұқамеджан:- жеңге не қылсаңда ерік өзіңде.Момент солай болды ғой,біреулер атылды,біреулер қамалды,мен де жазамды өтеп келдім, — деген екен.
Сонымен жаттық ертеңіне автобусқа шығарып салдым. Қайта-қайта рахметін айтып ол кетті. Сол кеткеннен мүшелікке өтіпті. Арадан бірер ай өткеннен кейін » Алтын шаңырақ» деген тақырып- пен Өсербайды мақтап жазған мақаласы «Социалистік шаруашылық» газетіне шықты.
Бір күні тілшілік жұмыспен Аяққұдыққа барып, Мәдрейімов Пернебайдың үйінде болыпты. Себебі ол сыныптасы екен. Сонда мені көп мақтапты. Орекеңді мұншалық білмеуші едім, осындай көмек көрсетіп,жұмысым бітті, депті. Сонда Пернебай: бір сөткедей үйінде болыпсың,ауқатын жеп, шәйін ішіпсің, сол қызметті атқарып жүрген әйелін таныдың ба, — деп сұрап едім,жоқ деп жауап берді. Неге танымайсың, өзімізбен бірге оқып, 10- сыныпты бірге бітірген Күзембаева Шарибан ғой дегенімде беті біресе бозарып,біресе сұрланып, ұзақ үндемей отырып, Пернебай мен әбден есенгіреген екенмін ғой- деп қатты ұялғанын білдіріпті.
Бұл жағдайды Пернебай Тамдыға жиналысқа келе жатып Аяққұдықтан- Ергеш-Жырық арқылы біздікіне келіп, бір жатып кеткенде айтты.
Өмірзақтың асыл жан екенін халық қатары мен де кейін білдім. Жатқан жері торқа, жаны жәннатта болсын.
ТАҒАЕВ ОРАЗБАЙ.
«ДОСТЫҚ- ДРУЖБА» ҮШҚҰДЫҚ АУДАНДЫҚ ГАЗЕТІ.
номері 43(477) 24-29 қараша,1997 жыл.
Спутник
В небе вечернем чистом,
Вижу огненный росчерк.
Радостно сердце стучится-
Наш спутник средь звёздных точек!
Это — чудо нашего времени.
На луне наш вымпел лежит-
Человеческих рук творение!
Мечта во вселенной мчит.
Перевод А. Икрамова
Утро в чулях
Аромат источает бескрайняя степь.
Звон от ветра в джусане плывёт и плывёт.
Если заяц пугливый от звона проснётся,
То прыжок у него на бархан,словно взлёт.
Ветерок освежает лицо чабана,
Степь поёт свою песню,звучит,как струна.
И от песни приподняли головы овцы.
Степь давно пробудилась уже ото сна.
Чуть алеет над пастбищем нежный восход,
По степи расползаясь ,отара бредет.
Разбрелись овцы в поле,как камни на склоне,
Наблюдает джигит за отарой. Поёт.
Перевод А. Икрамова
Перевод Леонида Ветштейна
ЕР ЕЛ ЕСІНДЕ; ЖИДЕЛІБАЙСЫНДА ӨТКЕН ТОЙ
Жиделібайсын — ол қай жер?
Ол — » Әркімнің туған жері — Мысыр шәһәрі» дейтін әрбір қазақтың туған мекені. Ал,туған жерін әркім өз әлінше жырға қосты дегенмен,дәл Өмірзақ ақындай айта алмаған шығар.
Ми қайнатар ыстықта,құмда,шөлде өмір сүріп жатқан халыққа былайғы жұрттың «мұнда қайтіп жасайсыңдар?» — деген кездері де болды. Сол ҚЫЗЫЛҚҰМДЫ Өмірзақ ақын Жиделібайсыңға теңейді. Кітабына » ЖИДЕЛІБАЙСЫН» деп ат қояды. Тіпті: МАҒАН МЕККЕ- МӘДИНЕ, ВЕНЕЦИЯ,ПАРИЖ НЕ? ТУҒАН ЖЕРДІҢ ШӨЛІНДЕЙ ЫСТЫҚ ЕМЕС,ӘРИНЕ. ЖАН АНАМДАЙ ҚАДІРЛІ МЕНІҢ ТУҒАН БАЙТАҒЫМ, ЖЕРДІҢ ЖӘННАТ- ЖҰМАҒЫ ҚЫЗЫЛҚҰМ ДЕП АЙТАМЫН, деп жырлайды.Демек, ақын үшін Жиделібайсын — Өзбекстанның Науайы уәлиятына қарасты Үшқұдық ауданындағы Әйтім деген кішкентай ғана ауыл. Жиделібайсын осы ҚЫЗЫЛҚҰМ өңірі. Ақынның жерлестері, осы өңірдегі халық үшін де солай. Жақында осы өлеңге зарафшандық Мүсіреп Сатан тамаша ән шығарыпты. Ол қазір ҚЫЗЫЛҚҰМ өңірінің әнұранына айналып кеткен.
Жердің жәннат — жұмағы ҚЫЗЫЛҚҰМ — ЖИДЕЛІБАЙСЫН топырағы бір жасарып,ел қуанып қалды. Туған жерінде өмірді өлеңмен өрнектеген, шабыттан хас тұлпарын ерттеп мінген,жарық көргенінен жарияланбағаны көп,әлі толық зерттелмеген Өмірзақ Қожамұратовтың туғанына 60 жыл толуына байланысты мерейтой болып өтті. Әрине,белгілі себептерге байланысты Ташкент, Шымкент, Алматыдан қонақтар шақырылмағандығы өкінішті.Қысқа ғұмырында » Таңғы дауыс», «Жиделібайсын», » Санамақ», » Жол аяқталмайды», » Ой кешу» атты кітаптары жарық көрген дарынды ақынның астанадағы,жер — жердегі қаламдас достары, көз көргендері қатысқанда өте дұрыс болар еді. Өмірзақтың Төлеген Айбергенов және Мұқағали Мақатаевпен достығын ел жыр ғып айтады.Бұл өз алдына бір тақырып,үлкен әңгіме. Ал оның көзі тірі достарынан Зейнолла Серікқалиев, т.б. достары қанша ма?
Ең алдымен мынаны атап өтуіміз лазым. Тойды ұйымдастыруда Үшқұдық ауданы және қала әкімінің орынбасары Надежда Шахарбаева бастаған топ заматтық,өнегелілік танытты. Бұл топ құрамында әкім орынбасары Әбдіжан Сәрсенбаев, Өмірзақ Қожамұратов атындағы нөмері 4 мектеп директорының орынбасары Әділбай Шілманов,мәдениет бөлім меңгерушісі Мейірше Мірашимова, қазақ мәдени орталығы төрағасының орынбасары Ұлықбек Үмбетов, нөмері 4 мектептен Төлташ Төлебаева, мәдениет үйі қызметкері,айтыскер ақын Ақбай Таубалдиев,ақынның інісі, аудандық оқу бөлімінің қызметкері Жанұзақ Қожамұратов т.б. кісілер ұйымдастырушылық қабілетін толық байқата білді. Әрбір істің қаржыға тірелетіні белгілі. Осы орайда Қайырбай Дінбаев есімді жігіттің атын ылтипатпен атап өту орынды. Ол дайындау акционерлік қоғамына басшылық жасайды.
Тойдың басты демеушісі осы жігіт. Алдағы уақытта ақынның кітабын шығаруға да демеушілік етуге ниет білдіріп отыр.Бір бұл ғана емес,осы өңірде болып жатқан түрлі мәдени шараларға бас көз болып,қолдап- қуаттап жүргенін ел жыр ғып айтады.
Мерейтой ақын есімі берілген мектептегі мұражаймен танысудан басталды.Мектеп оқушыларымен кездесу,түрлі спорттық және мәдени шаралар өтті.
Тойдың шырқау шегі Мәдениет сарайындағы салтанатты жиын болды. Ине шаншар орын қалмаған жиынды той комиссиясының төрайымы Надежда Шахарбаева ашып,Халық демократиялық партиясы Үшқұдық аудандық кеңесінің екінші хатшысы, ақын Қазбек Амандықов пен Мейірше Мірәшімова жүргізіп отырды.
Жиында Тамды ауданы әкімінің орынбасары Тайыр Сәденов,Зарафшан қала әкімінің орынбасары Роза Аяпова,кенимехтық делегация жетекшісі Қали Жолдасов, республикалық » Нұрлы жол» үнқағазының Науайы уәлиятындағы меншікті тілшісі Жүсіп Әлқожаұлы,ақынның құрдасы Парахат Нұрабаев,Алтынтау азаматтар жиынының төрағасы Шүкірбай Ақназаров, Тамды ауданы халыққа білім беру бөлімі меңгерушісі Әшім Досыбаев,ақынның қарындасы Сәуле Қожамұратовалар естеліктер, тілектер айтты.
Тамдылық ақын, «Тамды шаруагері» үнқағазының сарашысы Қайыпназар Шотбасов, Кенимехтен Ақшагүл Төлегенова және осы жолдардың жазбагері,Үшқұдықтан Руза Алдашева, Күнтуған Ақназаров,тамдылық жас ақын Зоя Өтеубаевалар ақын жырларын,соңынан ақынға арналған жырларын оқыды.
Кенимехтық өнерпаздар Камал Бақтыбаев пен Бағила Мұратовалар ақынның сөзіне жазылған » Тамдым әнім» әнімен бірнеше ән,зарафшандық Маржан Омарова » Арман- ай» әнін,Әкім Сәрімтаев терме,ақынның қарындасы Зәуре Қалымбетова » Ағаларым», ұзынқұдықтық Гүлбира Жұрмаханқызы Әбдиева халық әндерін, тамдылық Нәсір Айдарқұлов Қайыпназар Шотбасовтың сөзіне жазылған » Ақындар кереметтен жаралады» атты өз әнін орындады.
Жиын соңында қазақ мәдени орталығы төрағаының орынбасары Ұлықбек Үмбетов сыйлықтар табыс етті. Ақынға арнап өлең жазудан Зоя Өтеубаева(» Жасын жанды ақын екен»(» Достық» үнқағазы,сәуір 1996 жыл.бірінші, Әбдіғапбар Шөлбаев » Ақын ағаға», «Ө. Қожамұратов үйі», » Тамды шаруагері » үнқағазы 1995 жыл. екніші, Руза Алдашева » Ағын жырлар тасқыны ( «Достық» үнқағазы.1995 жыл) үшінші орындарды иеледі.
Ақын еңбектерін насихаттау ,мақалалар жазу бойынша Қайыпназар Шотбасов («Ақын ақынды алыстан таниды») » Нұрлы жол нөмері 23, 1994 жыл, Әбдісәли Дәулетбаевқа » Өмірі өлеңге айналған ақын»( Азия» газеті 1992 жыл. Шымкенттік Бердіуәлі Тұрмағанбетовке » Аңқылдаған ақкөңіл ақын еді» ( «Ордабасы оттары») газеті 1994 жыл) сыйлықтар берілді.
Ақын өлеңдеріне ән жазу бойынша Сембі Әйтпенбетов ( » Тамдым әнім») бірінші, Мүсіреп Сатанов (» Туған жер») екінші, Аманкелді Молдамұратов (» Ақын аға») пен Нәсір Айдарқұлов (» Ана туралы ән») үшінші орынға ие болды.
Ақын портретін салған суретшілер Шарапат Меңліқұлов пен Олег Владимировичке сыйлықтар тапсырылды. Ал,ақын шығармалары бойынша («Өлгендер қайтып келмейді») тақырыбына сурет салған Асылбек Нұртазаев бірінші орынды иемденді.
Сондай- ақ орыс тілінде мақала жазып орыс тілді оқырмандарға кеңінен таныстырған ,осы тойдың бастамашысы- ұйымдастырушысы Әділ Шілмановқа арнайы сыйлық табыс етілді. Сонымен бірге жерлес аудармашылар Л. Ветштейн, Икрамов, Туровтың еңбектері де аталып өтілді.
Жиын саны қалалық дәмханадағы салтанатты кешке ұласты. Мұнда ӨзХДП Үшқұдық аудандық кеңесінің бірінші хатшысы Молдабек Сейтназаров,Науайы пединституты қазақ тілімен әдебиеті бөлімінің аға оқытушысы Әлмахан Сұланов,демеуші Қайырбай Дінбаев,ақынның құрдасы Сахи Әбдікәрімовтер тілек айтып Аманкелді Мергенбаев,Алдаберген Өтешов,Нұрділлә Шамұратов,Әбдіраш Егізбаев,Ақбай Таубалдиев және » Мереке» ансамблінің орындауында ақын сөзіне жазылған әндер,термелер,шырқалды,жырлар оқылды. Сөйтіп өмірден ерте кеткен ақынның 60 жылдығына арналған той тамаша өтті. Ақын әруағы риза болып бір аунап түскен шығар-ау…
Алайда ақын тойы әлі тарқамайды. Өйткені той қатысушылары желтоқсан айының екінші онкүндігінде Науайы пединституты қазақ бөлімдері студенттері арасында ақынға арнап кеш өткізуге уағдаласты. Зерафшан қаласы әкімінің орынбасары Роза Аяпова » Үміт» бірлестігі атынан ақынның кітабын шығару үшін 15000 сум қаржы аударатынын мәлімдеді.
Басқаларда үлес қосатындығын айтты. Осының бәрі Өмірзақ ақынның өмірі ұзақ екендігін,өлеңдері мәңгілік өлмейтінін,айғақтай түседі.
АҚЫН АҒАНЫ ЕСКЕ АЛУ
Мен туған күн маусымның ортасында,
Жасағам жоқ ешкімнің қалқасында.
Ел таныды таланттың арқасында,
Өмірімнің болғаны нарқы осында — деп өзі туралы жырлап өткен Тамдылық ақын аға Қайыпназар Шотбасов арамызда болғанда бүгін 16 маусым (июнь) келесі туған күнін тойлап отырар еді ау. Ол кісі үшін осы мерекелі күні біз ағаны еске алайық. Өзбекстан. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, асыл ағаны Тауелібайлық кейінгі жастар біледе бермес.
Тамдылық Ақиық ақын Өмірзақ Қожамұратов пен дастарқандас болған, Қ. Шотбасов ақын ата да өмір сүрген Тауелібай Тамды топырағында Шотбасов Қайыпназар Жалғаспайұлы (1947 — 2013) өткен ғасырдағы «айттым — біттім » заманда Тауелібайдың батыс
жағындағы ауылдарды Молотов, Крупская Комсомол ( 9-10-11) 1941 жылы ККАСР дың батыс үстірт жағына егін егу жермен шұғылдану мақсатында көшіреді. Сол ел барған Шоманай деген жерде, қанша ұрпақ дүниеге келді. Соның бірі 1947ж. 16 маусым күні туылған Қайыпназар аға болатын. Әль- Фараби ат. КАЗ Ұлттық Универ журналистика факультетін бітірген. » Тамды шаруагері» газетінде жауапты хатшы, және редактор қызметінде болды. Ағамыз бірнеше рет республикалық жыр мүшайраларының жүлдегері. » Жабайдың жұлдызы» » Сыр сандық» » Көңіл көктемі» » Жан шуағым мерейім» «Сағыныш сазы» «Жүректері жазулар»
» Айналайын адамдар» » Дүние дүрмек» және сатиралық «Мыртық мылтық» жыр кітаптарының авторы Осыншама кітаптың баспадан шығуына, өзі көшіп келген 1999 жылдан сәті түсті. Сол жылдан бастап Жамбыл обл. Байзақ ауданының » Ауыл жаңалығы» газетінде өмірімнің соңына дейін, бөлім меңгерушісі болып қызмет етті. Асыл сөздің иесі, ауыр мінезді, жүзінен шуақ нұры төгіліп тұратын, өте кішіпейіл, ағаны бір көрген кісі сөзге тартар еді. Осы жылы жүрек жұмсақ мінезбен ол кісі өз ортасында үлкен беделге ие болатын. Сол кездегі аудан әкімі Батырбек Құлекеев, Қ. Шотбасовқа » ауданның құрметті азаматы» атағын беру туралы, аудандық сессияда депутаттарға ұсыныс тастайды. Қарсылық шу болады. Бұл кім сонша, кеше ғана келді, жазса өлең жазыпты , кітап шығарыпты ауданға не еңбегі сіңді. Осы жерде туып өскен қаншама азамат жүр — деген сияқты пендешілік ойлар ұсынысты қайтарып тастайды. Осы сессия туралы, депутаттар ойы, Тараз қаласында жасаушы Жамбыл облысының құрметті азаматы ақсақалы жазушы Арғынбай Бекбосын қарияның( марқұм) құлағына тиеді. Ол кісі Б. Құлекеев әкімге келесі сессия да және ұсыныс тастауын сұрайды. Жазушы А. Бекбосын сессияға қатысып депут-ға ау ағайын мына ортаға келген ағайынды неге шектетесіңдер. Мен Шотбасовты ауданның ән ұраны болған өлеңі үшін ақ құрметке ие деп есептеймін. Осы жерде туып өссеңдер неге өздерің аталарыңды ән ұранға қоспадыңдар. Ән ұранда Сеңкібай
, Қосы, Мәдімар, Байзақ Батыр бабалар рухы шалқып желбіреп тұрған жоқпа. Осы аталар алдында ұялсаңдар етті деп депутаттарды жерге қаратады. Нәтижесінде толық дауыспен Қ. Шотбасов » Байзақ ауданының құрметті азаматы » деген атаққа лайық болады.
Бөлінбес несібе құт ырыс бағы,
Мейлі ол батыстағы шығыстағы.
Мейлі ол түстіктегі арқадағы
Қазақтың түбі түгел туыс бәрі.
Деп ақын өзі жырлағандай аудан әкімі Абдалы Нұралиев бастаған басшылар қазақтың туыстығын дәлелдеді. Ағайынның атасына рақмет ақын аға дүниеден өткен соң Байзақ аудандық «өлкетану — тарихи» музейінің бір бұрышын Қ. Шотбасов бұрышы деп белгіледі. Ақынның өмір жолы барлық жыр кітаптары түрлі фотосуреттермен безендірілген керемет бұрыш. Өмірдің өтері анық жазыды бұл,
Көңілдің бітер анық назы да бұл.
Артымда қалар сонда асыл сөзім Халқыма қалар сонда қазына жыр. Деп өзі айтқан «қазына жыры» Байзақ ауданының төрінде жадырап тұр. Сарыкемер аулына келсеңіз музейді тамашалаңыз ақын аруағына бас иіп өтіңіз Тауелібайлық ағайын. Ақын аға жастық шағы өткен Шоманайды еске алып.
Біздер кешкен Шоманайдың ақ құмы,
Бөлекше еді көңілдің де пәктігі.
Біздің сынып 14 ұлмен 7 қыз
Бір біріне болмайтын еш жаттығы
Деп ұзақ жырапты.
Есейіп азаматтық өмірі өткен Тамды туралы.
Талай жанды тағдыр салып алдына.
Туған жерде керемет бір қасиет бар мына
Сендіре алмай сезімді, көндіре алмай жанды да.
Жүрегімнің жартысы қалып кеткен Тамдыда.
Деп ұзақ толғапты.
Өзіне топырағы бұйырған Байзақ жері туралы
Алатау мен Қаратау дың етегі
Өзен бойлап мекендеп ел кетеді.
Мәмбет батыр Қосы батыр қонысы
Сеңкібай мен Мәдімарлар мекені
Дархан дала Алла құтын шашқан жері
Төскейінен » Жібек жолы асқан жері»
Қобыландылар шыққан кезде жорыққа Тайбурылдың табынын да басқан жер.
Деп жырлады ақын аға.
Ақын ағаның жүрегі 13 қараша күні 2013 жылы Алланың қалауымен Сарыкемер ауылында 66 жасында тоқтады. Тауелібайлық ағайын жылда елге барып қайтамыз. Тараз қаласынан Солтүстікке қарай шыққан соң 15 км де » Ұлы Жібек » жолы бойында оң жақ тау бетте үлкен қорым бар жоғары жағында ерекше көрініп төрт- төрт құлақ бейіт көрінеді. Сол аруақтар топырағы Қаратаудың етегінен бұйырған аталар Бегім Ақназаров, Тоқтар Түгелов, Марқаш Молдақов және Қайыпназар Шотбасов ағаларымен бірге сізге сәт сапар тілеп жатыр. Ағайын ақын аталар аруағына құран оқып қол жайып өтіңіздер. Ақын ағаның өмір жолдасы Аманкүл Айдарбекқызымен (бозғұл әлімбет)
6 ұл қыз тәрбиелеп өсірді, балалары жоғары білімді, медицина білім саласының мамандары. Айдана қарындасымыз әке жолын қуған журналист. Аманкүл жеңгемізге немере шөбере қызығына тоймай жасай беруін тілейміз
Жас айырмасы ма, ағамен көп жолдас болғаным жоқ, ол кісі аз сөйлейді көп тыңдайды. Аға үйінде бір бас қосу мерекеде, аға мен сіз туылған соң дәл он жылдан кейін дүниеге келіппін. Менің де 16 июнь туған күнім дедім. Ау солайма аман бол, өмірлі бол, қазақ ата жолын қатты ұстаған, сенің жолың үлкен шалдың баласысың мен сенен үлкен емеспін — деп жымиған жүзі көз алдымда мәңгілік қалды.
Туыласың өсесің шал боласың
Жоқ бақытты іздейсің сандаласың.
Зымыраған уақытқа алданасың Басың жетпей ақыры таң қаласың, деп аға өзің айтқан сол уақытпен мен інің Камал шал болдым.
Өзіңіз жүріп өткен 66 жаста тұрмын, аға бізді Алла жұмақтың төрінде жолықтырсын деп тілеймін. Аты аталған ағалар рухы пейіште шалқысын Ақын ағасын еске алушы Камал Рысбайұлы Тараз Түймекент
16.06. 23ж
ШОТБАСОВ ҚАЙЫПНАЗАР ЖАЛҒАСПАЙ ҰЛЫНЫҢ ӨЛЕҢДЕРІ
Тамды
Болдың ба достым, Тамдымда?
Бөлекше бір сыр бар мұнда.
Жатуы бөлек таудың да,
Атуы бөлек таңның да.
Түр-түсі бөлек қырдың да,
Күлкісі бөлек ұлдың да,
Кешуі бөлек судың да,
Көшуі бөлек құмның да.
Тынысы бөлек түннің де,
Иісі бөлек гүлдің де.
Білмедің бе, білдің бе?
Қызуы артық күннің де.
Алтынмен бірдей мыс мұнда,
Айрықша қызғын іс мұнда.
Ұшуы бөлек құстың да,
Түсуі бөлек қыстың да.
Асуы бөлек белдің де,
Басуы бөлек шөлдің де.
Бедері бөлек жердің де,
Мінезі бөлек елдің де.
Осындай елді көрдің бе?
Қызылқұм
Белес, белес, белес құм,
Бауырыңда мен өстім.
Жай-күйіңді ұқпастай,
Бөтен кісі емеспін.
Қияметтің көзінде,
Қиын шөлдің өзінде.
Жатырсың сен Қызылқұм,
Шуақ сеуіп сезімге.
Бөленесің төзімге,
Бөгелесің көзімде.
Қиындық та, қызық та,
Бәрі сенің өзіңде.
Кеңістік те өзіңде,
Кемістік те өзіңде.
Ең ыстық та өзіңде,
Терістік те өзіңде.
Мол дауыл да өзіңде,
Малды ауыл да өзіңде.
Арманым да өзіңде,
Ардағым да өзіңде.
Мұңды шер де өзіңде,
Құмды жел де өзіңде.
Кенді жер де өзіңде,
Көнбіс ел де өзіңде.
Ерендер де өзіңде,
Тереңдер де өзіңде.
Сексеуіл де өзіңде,
Селеулер де өзіңде.
Азап, жұт та өзіңде,
Ғажап құт та өзіңде.
Азаттық та өзіңде,
Қазақтық та өзіңде.
Ірілік те өзіңде,
Тірілік те өзіңде.
Соны анық сеземін.
Соны анық сеземін,
Сені кезген кезімде.
Сағыныш
Талай жанды жөңкіткен, тағдыр салып алдына,
Туған жерде керемет бір қасиет бар мына.
Сендіре алмай сезімді, көндіре алмай жанды да,
Жүрегімнің жартысы қалып кеткен Тамды да.
Ұмыта алмай қырын да, ұмыта алмай тауын да,
Шын сағынып жүр-ау деп сырлас дос, жар, бауыр да,
Ақылымның жартысы қалып кеткен алыста,
Асылымның жартысы қалып кеткен ауылда.
Туған жерді аңсаумен толып сезім толғаққа,
Біреу келіп қалар деп көзім кілең жол жақта.
Өмірімнің жартысы өтіп кеткен ол жақта,
Көңілімнің жартысы қалып кеткен сол жақта.
Ой дуалап басымды, сағынғаным үшін бе?
Қой қуалап жүремін, құмды кешіп түсімде.
Қимай-қимай ақыры қиялымның жартысы,
Қалып кеткен қалайда Қызылқұмның ішінде.
Шоманай
Сағынғанда ұзақтан,
Жеткермейді жол оңай.
Оттай ыстық құшақтан,
Аумайсың-ау, Шоманай!
Кіндігімнің кезінде,
Қаны тамған әз өлке.
Жастық шақтың өзіңде,
Табы қалған наз ерке.
Ақ мақталы алқаптан,
Ән тарайды өңірге.
Достар жазған әр хаттан,
Нәр құйылар көңілге.
Іздеп келсек ауыл боп,
Алдымыздан шығасың.
Ағайын, дос, бауыр, боп,
Айтпай танып тұрасың.
Бөлейсің сен сыйға анық,
Бабымды да табасың,
Қоштасарда қиналып,
Шығарып сап қаласың.
Тербейсің сен сезімді,
Білмеймін бұл неге олай?
Алыс жүріп өзіңді,
Аңсай берем, Шоманай!
«Ақтаудан» ескен ән самал
Қыр жақтан ессе ән самал,
Талайлар тыңдап тамсанар.
Сағынып келсең Тамдымды,
Ән-күй боп «Ақтау» қарсы алар.
Ән лебі бейне таң лебі,
Емдейді мәңгі жанды емі.
Тербейді сені Тамды елі,
«Ақтаудың» әсем әндері.
Сезімді шертер сазды әуен,
Ару қыз билер назбенен.
Айналып басың сол сәтте,
Жолығар жаның жазбенен.
Шуақ боп кіріп бойыңа,
Қуат боп сіңіп ойыңа.
Әнімен шашу шашады,
Мереке, думан, тойыңа.
Жүрекке жүрек сәлемін,
Жеткерер әсем әуенім.
Өнерге қанат бітірген,
Айналдым сенен ән-елім.
Тамдыдай жер қайда
Гүл теріп белестен,
Тең жүріп, тел өскен,
Достармен кеңескен,
Иығым кеңескен,
Жастықтың желі ескен,
Шаттықтың лебі ескен,
Тамды елі, мен өскен,
Шықпайсың сен естен.
Заманнан жерініп,
Тұманнан серіліп,
Қандаспен біңр жүру,
Қажеті көрініп,
Қиялға беріліп,
Өмірмен өріліп,
Көзден жас төгіліп,
Өскен жер өзіңнен,
Көшкенбіз бөлініп.
Жазылған маңдайға,
Тағдыр да алдай ма?
Тамдыдай жер қайда,
Табанды ел қайда?
Сен кеттің шалғайға,
Қалқамен қайтадан,
Жолығар жол қайда?
Мұрынтау, Мыңбұлақ,
Қалдың сен тым жырақ.
Алыстан көрінер,
Бір сағым бұлдырап.
Бұлтқа кіреді,
Күн жылап тұнжырап.
Үкілі үмітім,
Үзілмей жүр бірақ.
Ауылым алыста,
Атажұрт қоныста.
Тәуелі ұрпағы,
Тырыстық намысқа.
Ермедік ағысқа,
Ерістік табысқа.
Сағынып жүр ме екен,
Сәлем айт, танысқа.
Әке – асқар тау… Осы сөздің мәнін әкемнен айрылғанда тереңірек түсінгендей болдым. Ол 2013 жылдың 13-ші қарашасы болатын… Ауыр дерт ақыры әкемізді бізден айырып тынды.
Сол түн ерекше ызғарлы болды… Қарашаның қытымыр мінезімен қатар, суық хабарды естіп тұла бойым мұздай қатып қалды…
Сол түн ерекше тыныштықта еді… Бүкіл тіршілік бір сәт тоқтап қалғандай. Дүние төңкерілгендей. Сенбедім, сене алмадым, өлімге қимадым. Құдды бір түс секілді көрінді. Ояна кетсем, мұның бәрі болып жатпағандай. Өңешім өксіке толы, өзегім өртеніп барады. «Қалай ғана тау тұлғалы азамат оп-оңай осылайша кете барды» деген ой мазалай берді, мазалай берді.
Азалы күн. Ағайын-жұрт асыл азамат, ардақты ақынымен қимастықпен қоштасып жатты. Дос-жаран бірге жүрген күндерін, аға-іні бауырмалдығын, әріптес-қызметтестері еңбегін айтып еске алды. Ал, біз үшін оның орны ерек. Бірімізге өмірлік жолдас, бірімізге мейірімді, қамқор әке, немерелерінің сүйікті атасы бола-тұғын… Менің де көз алдыма әкеммен өткен әдемі күндер келе бастады…
Балғын балалық шақ, тағатсыздана жарын есік алдынан күтіп алған анам, үлкен жанұяның мерекелі де берекелі күндері. Жұмыстан шаршап келген әкешімнің портфелін біреуіміз, костьюмін екіншіміз көтеріп, ішкі үйге кіргіземіз. Енді біріміз қолдарын, тағы біріміз аяғын уқалап, басымыздан сипап, бетімізден сүйген әке мейіріне мәз болып қалатынбыз. Әкемізбен өткен әрбір сәт шынында да қуанышқа толы болатын. Әсіресе туылған күн кештері ерекше есте қаларлықтай етіп тойланатын.
Анам апаларыммен бірге дастарханды жайнатып жасап, ас қойылғаннан кейін тілектер айтылады. Сыйлықтар табысталады. Үлкенімізден бастап, кішімізге дейін сол күнге бір апта бұрын дайындаламыз. Біздер ғой тиын жиып, дүкеннен дайын дүние сатып аламыз. Ал, әкемнің сыйы айрықша. Әр мерекеде жеке-жеке жырын арнайтын аяулы жан өлеңін өзі мәнермен оқып беретін, ыстық қолымен қолымыздан алып, құшағына қысып, мәз-мейрам болатын. Артынша домбырамен ән салады. «Ақ бантик», «Арыс жағасында», «Әке туралы жыр» әндерін әуелеткен әкемізге қол соғып, қолпаштап, біз де өлең-тақпағымызды кезек –кезек айтып шығамыз.
Мерекенің мерекесі анамның туылған күні болатын. Жыл сайын 18-ші қаңтар үйімізде үлкен той. Анамызға біріміз гүл сыйлап, біріміз ақ жаулық әкеліп тағып жатсақ, әкеміз әдеттегідей әдемі жырларын оқи жөнеледі.
Бөлек-бөлек жаралып ек басында,
Белді будық аяқты тең басуға.
Содан бері екеуміз қол ұстасып,
Сен қасымда келесің, сен қасымда.
Бұл тірліктен бірде шат, бірде жеріп,
Жалғыз күлше жейміз біз бірге бөліп,
Қиындықты, қызықты бірге көріп,
Бір көгеріп келеміз, бірге көніп.
Шырқыратып шілдеде, бұрқасында,
Тірлік шіркін салады күнде сынға.
Тәтті өмірде, қиын, мәз сәттерімде,
Мұңдасым да өзіңсің, сырласым да.
Жастық қалды десек те жар басында,
Асығамыз аптығып, алға асуға.
Тек өзіңмен ұрпағым өсіп-өніп,
Жақсылыққа, жақсылық жалғасуда.
Мін жетеді іздесең бір басымда,
Келе жатсың жерімей кіл қасымда.
Қадіріңді кей-кейде білмей қалам,
Тіпті жақын жанымда тұрғасын ба?!
Бірде кеңмін, басамын бірде ашуға,
Мұң басым ба көңілден жыр қашуда.
Қиянға алыс жетелер қиял кейде,
Қылтияды қоңыр күз қыр басында.
Білем күндер мәңгілік тұрмасын да,
Жетер ме өмір сірә бір ғасырға.
Жарық дүние басымнан баз кешкенше,
Асыл жарым тек өзің жүр қасымда, — деп келетін өлең жолдарын ол асыл жарына арнады. Бұдан асқан қандай сый болсын? Анам үшін де солай, қымбат сый — арнау жыр.
Анамыздың кезекті бір туған күнінде төс қалтасынан көзілдірігі мен жыр жазылған парақты алып, былай дегені де есімде:
Бүгін сенің туған күнің асылым!
Көңіл толқын қуаныштан тасыдым.
Ай-жылдарды бірге өткізіп келеміз,
Арамызда сыр қалмапты жасырын.
Жан-жылуын жақсылыққа арнаумен,
Жастық шақтың қызығыа қанбаумен,
Өмірдегі өз жолыңды таңдаумен,
Өте шыққан бақыты мол бал дәурен.
Өткен шақтан түк жоқ деме, бар белгі,
Күн батқанмен күліп тағы таң келді.
Тағдыр саған сәл қиындау жар берді,
Бірге жүріп басып өттік сан белді.
Бүгін сенің туған күнің, көріктім!
Шаттанасың қабағыңа қонып күн.
Талайларды таңдап жүріп ақыры,
Менің ғана бақытым боп жолықтың.
Жалтақтамай жол бастадық үмітпен,
Өмір қиын боларын да біліп пе ең?
Ауыр сәттер жүдеткенде жаныңды,
Намыс шығар көздің жасын іріккен.
Бірде жетіп, бірде тірлік жетпеген,
Еркелік те етіп қоям ептеген.
Шын пейілмен шүкіршілік қыласың,
Қатар жүріп келеміз де көппенен.
Себебі бар бақыттымын деп жүрсең,
Сан сынақтан сүрінбестен өттің сен.
Сезіміңмен жанымызды сергітіп,
Төзіміңмен мұратыңа жеттің сен.
Бүгін сенің туған күнің, қымбаттым!
Бекер емес өтіп жатса зырлап күн.
Тілегіме тілегіңмен үн қосып,
Жүрегіме жүрегіңмен тіл қаттың.
Ақын болсам өзің тербеп жырлаттың,
Бағбанысың жайқала өскен гүл бақтың.
Аялаумен ұрпағымды жеткеріп,
Айларыңды, жылдарыңды ұрлаттың.
Бірге бастап биіктерге жол кетті,
Біз өсірген ұл мен қыздар ержетті.
Бір-біреуге ынтық сезім тым ыстық,
Ең бастысы сол махаббат сөнбепті.
Қолдан келсе сенен немді аярмын,
Құрмет тұтып құшағымды жаярмын.
Бірге жасап, бір көрейік бақытты,
Қабағыңа қонбасын еш қаяу-мұң.
Бүгін сенің туған күнің аяулым!
Осылайша жылда жаңа жыр жарының құрметіне арналады. Анам мен әкем 45 жыл тату-тәтті, мәнді де сәнді ғұмыр кешті. Біз де есейдік, білім алдық, білікті маман атандық. Оқуда озат, еңбекте ерен болуымызда әрине ата-ананың ықпалы аз болмағаны белгілі. «Біліміңмен ғана биіктен көрініп, жұмысыңмен ғана жұрт ілтипатына бөленесің, балам» деген әке сөзі әлі күнге дейін құлағымда. Енді біз де біреудің жары атандық. Қалай дегенде де отбасылық өмірде біз үшін ата-анамыз үлгі болып қала береді. Анамыз секілді адал жар, аяулы ана болу бір бөлек әңгіме, қасымыздағы серігіміздің дәл әкемізге ұқсағанын қалайтынбыз. Жүзі жарқын, жүрегі таза, көңілі көркем, пейілі ақ әкеміздің өмір жолы біз үшін үлкен өнеге. Бұл жолғы өлең өзгелерден өзгерек…
Сен үшін бүгін туған күн,
Мен үшін де бұл думан күн.
Әрі жар, әрі құрдаспыз,
Сен туған жылы туғанмын.
Сенің де жасың алпыста,
Менің де жасым алпыста.
Арманды қуып келеміз,
Алпыс жыл өмір-тартыста.
Алпыс жыл деген немене?
Өсірдік ұл-қыз, немере.
Ескекті естік қосыла,
Екеуміз жалғыз кемеде.
Шығыппыз бірге алпысқа,
Ізіміз қалған әр тұста.
Махаббат қызық жастықта,
Болатын тіпті таң қысқа.
Еншілеп өстік еңбекті,
Есеміз артық, кем кетті.
Таңдантсақ деуші ек жер-көкті,
Қайтейік қолдан келмепті.
Кеудеге орден тақпадық,
Қайғырып оны жатпадық.
Талайға жақтық, жақпадық,
Қалайда арды сатпадық.
Сенің де шашың ағарды,
Менің де шашым ағарды.
Көз көрді жақсы, жаманды,
Өзгерді заман, жаңарды.
Сенің де көңілің баяғы,
Менің де көңілім баяғы.
Арқада ойнап келеді,
Өмірдің әңгір таяғы.
Көктем де емес, жаз емес,
Денсаулық аса мәз емес.
Алпыс жас деген көп емес,
Алпыс жыл деген аз емес.
Өткіздік солай уақытты,
Таппадық асыл жақұтты,
Кім бар деп бірақ ойлаймыз,
Біздерден асқан бақытты.
Сенің де жасың алпыста,
Менің де жасым алпыста.
Есеміз кетсе кеткен де,
Еңсеңді кемпір, мәрт ұста.
Айтатын мұны жөнім бар,
Тойымсыз ашкөз көңіл бар.
Алдыңа қара асылым,
Алдыда тағы өмір бар.
«Сенің де жасың алпыста» атты бұл шығармасын анам 60 жасқа толғанда айтып берді. Бұдан кейін «Сен менің асылымсың», «Біз екеуміз» тағы сол сияқты көптеген жырлар дүниеге келді.
2014 жыл. 18 қаңтар. Анамның туылған күні. Алайда сол қуанышты күні көңіліміз мұңлы болды. Отбасымыздың тірегі асқар таудай әкеміздің арамызда жоқтығына налып, жылап аламыз. Тағдырға өкпе айтамыз. Дүниедегі ең қымбат сый сыйлайтын жанның жанымыздан кетіп, келместің кемесіне мініп кеткеніне көндіге алар емеспіз. Әсіресе анам қатты қиналды. Ұл-қыздарының небір сый-сияпаты, жан жолдасының жыр сыйлығына татымайды. Әйтсе де әр жыл сайын әкеміздің өз қолымен жазған ақ парақтағы жырларын қайта-қайта оқып, жанына қуат алады. Біз де «Балаларым – бақытым» деп кеткен әке тілегіне қанаттанып аламыз.
Сағыныш… Ойымды билеген бұл сезім әкемді күн сайын көз алдыма келтіреді. Жымиған жымиысынан-ақ бүкіл болмыс-бітімі білініп тұратын ақжарқын жан менің әкем болғанына мақтанам. Біз Сізді сағындық Әке!…
Балама
«Ат бол, әке, желкеңе мінем» дейсің,
«Тепсініп тұлпарым деп жүрем дейсің».
«Өмірде баласына ат боп жүрген,
Талайдың әкелерін білем» дейсің.
Балам-ау, тілегіңді түсінермін,
Атың болып шабармын, кісінермін.
Арқама мінгізермін, түсірермін,
Әкенің бұл міндетті ісі дермін.
Ойын керек, мен оны сезермін де,
Атың боп олай-бұлай кезермін де.
Тілегің ауыр болсын, жеңіл болсын,
Орындармын, мен сенен безермін бе?
Шаршармын, өзімді өзім күштермін кеп,
Қалқам-ау, айтқаныңды істеймін тек.
Жүрмесең болды балам, ер жеткесін,
Үйренген сол мойыннан түспеймін деп.
Ат бол десең, құлыным ат болайын,
Сен мәз болшы, мен соған шат болайын.
Не бол десең бәріне тақ болайын,
Адам болшы тезірек, айналайын,
Соны көріп, әйтеуір бақ табайын.
Қыздарым
Ұл жалғыз, қызға толы үйім менің,
Мен бұған сүйіндім де күйінбедім.
Қыздарым – гүлім менің, күнім менің,
Қыздарым – тағдыр берген сыйым менің.
Қыздарым – үміттерім, армандарым,
Қыздарым – талшыбығым, ормандарым,
Құлпырып көркейер деп орман бағым,
Сендердің өсуіңді армандадым.
Қыздарым – алтындарым, асылдарым,
Өмірге сепкен менің асыл дәнім.
Қалаймын асыл дәннің көктегенін,
Жайқалып жасыл гүл боп ашылғанын.
Қыздарым – тіректерім, таянышым,
Құстарым қанатыңды жаямысың!
Шарықтап шыңға барып қонамысың!
Көңілім қызығына тоямысың.
Елжіреп жанымменен, жүрегіммен,
Сендерге ұзақ өмір тіледім мен.
Бүгінді болашаққа жалғастырар,
Өздерің бақытым деп білемін мен.
Бақытым – балапаным
Тіледім өсуіңді,
Тербеттім бесігіңді.
Сенім мен үміт арттым,
Болар деп досыңа үлгі.
Тірлікке қосып үнді,
Арнадым асылымды.
Өзіңе той беретін,
Аңсадым осы күнді.
Өмірден нәр аламын,
Өзіңмен жаңарамын.
Өзіңмен өсіп, өніп,
Өркендеп тараламын.
Өзіңсің бар алаңым,
Өзіңсің салар әнім.
Бақытым – балапаным,
Асылым – балаларым.
Шашылып нұр көңілге,
Мәз болдым күлгеніңде.
Жанымды жадыратты,
Былдырлап тілдерің де.
Күлімдеп күн көгімде,
Алшаңдап бірге өмірде.
Бақытты кім бар менен,
Жанымда жүргеніңде.
Болмайды аянарым,
Әлдилеп, аяладым.
Әлі де өзіңді ойлап,
Ұйқымнан оянамын.
Жайқалған сая бағым,
Сүйеніш – таянарым.
Ертеңге сен арқылы,
Кең қанат жая аламын.
ПОЭЗИЯ ӘЛЕМІНДЕ ЖАС АҚЫН
МЫРХИЕВ АМАНЖОЛ СЕРМАХАНБЕТОВИЧТІҢ ӨЛЕҢДЕРІ
«Қызылқұмды аңсау»
Шаруаның баласымын, сол үшін бе?,
Тәтті түстер көремін, түн ішінде.
Қой қуалап жүремін, қозы айдап,
Бұйра шағыл, қып-қызыл, құм ішінде.
Айналам дәні піскен, қалың кеурек,
Малынып сексеуіл тұр, басы бүрлеп.
Ебелекті жел айдап, іліп кетті,
Қара шірік селеудің, түбіне әкеп.
Діңгегі бермесе де, әлі дәнек,
Ажыралып қалыпты, қурап пәлек.
Құйын келіп, бұғының мүйізіндей,
Сіңіргенге тармасып, болды әлек.
Сүрлеу боп, тапталыпты ауыл маңы,
Боз жусанның, бұрқырап шығып шаңы.
Алыстан сап-сары боп, көрініп тұр,
Соны жердің жалтырбас арпақаны.
Шекесін қыздырғандай шұғылаға,
Дәндеген қоянсүйек құбылама.
Арасында қураған кәрі шыбық,
Басын иіп тұр екен құбылаға.
Қызыл күрең, қандым тұр мәуелеген,
Арудың шашындай жел әурелеген.
Осқырынды астыма мінген атым,
Құлақ түріп, шошынып әлдеңеден.
Селк еттім де сезімге, бой алдырып,
Жоғалды тәтті елес, жоғалды үміт.
Көргендерім көзімнен ғайып болып,
Төсегімде жатырмын, енді оянып.
«Мен бір өлең жазамын»
Мен бір өлең жазамын, тұңған сырға
Мәңгі өлмей жететін, мың ғасырға
Оқығанда манаурап, қазбауыр бұлт
Үнсіз тұнып тыңдайтын орман, қырда
Қашқан аңдар тыңдайды, тұра қалып
Буырқанған теңіздер, тына қалып
Баяулатып өзендер ағыстарын
Асқақ таулар, қалады мұңға оранып
Құлақ түріп қырандар, шың ұшынан
Оқ атылмай мылтықтың ұңғысынан
Аққу тыңдап айдында тапжылмайды
Жарқанаттар жартастың қуысынан
Күншілдердің көздері шағылатын
Көрмегендер бір—бірін сағынатын
Қанішердің оянып мейірімі
Сал болғандар дертінен айығатын
Арғымақтар шабыстан жаңылатын
Бай бағландар оқыса қамығатын
Кедейлердің жүзіне күлкі үйіріліп
Жемқорлар тоят тауып жалығатын
Зағиптың өзі оқып түсінетін
Мылқаулар мадақ айтып күрсінетін
Көкек ана бесікте бала емізіп
Ажырасқан қосылып бір жүретін
Жесірдің кірбің қалмай қабағында
Жетімнің жас болмайды жанарында
Жер бетінде жауыздық жойылады
Әкең күліп, жолықпас Анаң мұңға
Төгіп өтем таңдайдан, тұшымды ғып
Жүрек қанға, қаламның ұшын сұғып
Жазылады бір күні, көз жасыммен
Тілімнің соңғы тамшы, сөлін сығып
Сол өлеңді жазамын, тірі жүрсем
Тағатымды тауысып, сарқып ішіп
«Төлеген Айбергеновке»
Сіз кеткелі,
Өтсе де жарты ғасыр,
Санамызда, өрт өлең, қаршыға жыр.
Шағаладай шарқ ұрып, әлі іздейді,
Тым биіксің, асқақсың, халқыңа шын.
Отыз жас,
Тіпті қыршын,,, Тым ертелеу,
Тақса да дарымайды, сізге теңеу.
Әжем марқұм, айтатын сөз есімде,
«Өлер бала, болар деп өзгешелеу».
Құтқармады,
Сұм ажал құрығынан,
Жақсыларға жаны қас,,, Соны ұғам.
Атқардың аз ғұмырда, орасан іс,
Талантыңды түсірмей тұғырынан.
Жүйрік едің,
Суырылып шығар топтан,
Жасын болдың, жасыңда жалын атқан.
Өзіңді аңсағанда, алты Алашым,
Қоңыр жел боп, есесің Қоңыраттан.
Кім білген?,
Қырқыларын қанатының,
Қазан ұрып, тым ерте солатынын.
Әлі күтіп жүргендей, бүкіл қазақ,
Айтып кеткен, Бір тойдың болатынын.
Өсек ғайбат,
Жалғаннан, жаным жырақ,
Жырларыңнан келемін, жалын сұрап.
Сағыныш бар,,, Демессіз сағынбаған,
Өлең жаздым, шынымен сағынып ақ.
«Поэзия әлем»
Поэзия… Сыймайды өлшеміме,
Ауыр жолмен әкелді, сол сенімге.
Ұстанымым, «Әркімнің бар таласы»,
Айналсам деп келемін бөлшегіне.
Мойынсынып бәріне көніккенмін,
Шідер салды, тұяқты серіппедім.
Әуелгіде именіп, көп ойландым,
Болмасын деп, ермегі еріккеннің.
Мен кірейін, еркінсіп әлеміне,
Білмеймін,, Сөз құдірет, дәлелі не?.
Шабыт келсе, толғақты әйел сынды,
Шумақ жазу, айналды әлегіме.
Басқасы құрып кетсін. Қал адыра,
Тұсау салма, өтінем қаламыма.
Біржолата бәрінен, бас кешейін,
Егерде сай келмесем талабына.
Қара сөзге әдетім шөлдейтұғын,
Тоқылады санама, бермей тыным.
Қасиетке бас исем бойымдағы,
Өлеңімді қалдырам өлмейтұғын.
Қанағат тауып жатса мейірімім,
Жүйрік ой, жеткізбейді жез киігім.
Поэзия,,, меніңде бар шығар ау,
Талпынсам, алатұғын өз биігім.
«Қасқыр—Қасиет»
Деуші еді: Бабамыз қасқыр емген
Қаһарланса, қабағы тас түнерген
Қынындағы қылышты қанға малып
Кегін алған, қанішер қаскүнемнен
… Арылмаймын, азапты ауыр ойдан
Сол тәмсіл, осы күні құнын жойған
Таланып шуылдаған шибөріге
Айрылдық—ау, бөрілік абыройдан
Ордасына оқ атып, отқа көміп
Ыдыратты үйірді, топқа бөліп
Ұрпағымыз барады ұсақталып
Арлан туар кетті ме?, Құртқа кеміп.
Зәбір көрді жолақты жолбарыстан
Кәріне ұшыратты, кәрі арыстан
Бұрынғыша жосылып жорта алмайды
Апанына қайтарда жол алыстан
Көкжалды кең алапта, састырды кім
Қулығы бар түлкілер, тақсыр бүгін
Айбат шегіп, азуым ақсиғанмен
Сезілмейді ешкімге қасқырлығым
Ілігетін жемтікке, құрбан қайғы
Тасқа келіп тірейді, сор маңдайды
Бөлтіріктің ойласа болашағын
Амалы жоқ құйрығы бұлғаңдайды
Көрінгенге намысы тапталып жүр
Таланып жон арқасы қақталып жүр
Ұнжырғасы түскеннен ұлымайды
Иттей үріп кетуге, шақ қалып жүр
Боздайды жүрегімде, бота мұңым
Түсіме еніп, айлы түн, жота қырым
Қайсарлығы қасқырдай Қазағымды
Қасиетінен айырма, О Тәңірім!.
«Поэзия әлем»
Поэзия… Сыймайды өлшеміме,
Ауыр жолмен әкелді, сол сенімге.
Ұстанымым, «Әркімнің бар таласы»,
Айналсам деп келемін бөлшегіне.
Мойынсынып бәріне көніккенмін,
Шідер салды, тұяқты серіппедім.
Әуелгіде именіп, көп ойландым,
Болмасын деп, ермегі еріккеннің.
Мен кірейін, еркінсіп әлеміне,
Білмеймін,, Сөз құдірет, дәлелі не?.
Шабыт келсе, толғақты әйел сынды,
Шумақ жазу, айналды әлегіме.
Басқасы құрып кетсін. Қал адыра,
Тұсау салма, өтінем қаламыма.
Біржолата бәрінен, бас кешейін,
Егерде сай келмесем талабына.
Қара сөзге әдетім шөлдейтұғын,
Тоқылады санама, бермей тыным.
Қасиетке бас исем бойымдағы,
Өлеңімді қалдырам өлмейтұғын.
Қанағат тауып жатса мейірімім,
Жүйрік ой, жеткізбейді жез киігім.
Поэзия,,, меніңде бар шығар ау,
Талпынсам, алатұғын өз биігім.
«Жалғыз аққу»
Қойғандай қабырғаға, сурет іліп
Қозғалады, жәй ғана сүйретіліп
Пәк түстегі үлпілдек, сұлу бейне
Суда жүр, жалғыз аққу тербетіліп
Кербез құсым, келесің кімге иіліп?
Бұл әсемдік әрине, көлге көрік
Бағыт түзеп, самалға сырт айналса
Қауырсынын тарайды, жел көтеріп
Аппақ арман
Аппақ ар
Ақ ұлпалым
Құс төресі сен едің, дәл ұққаным
Сымбатына келіскен, сұңғақ мойын
Қайырылып сипайды мамықтарын
Жеңіл жүзіп, кілт кері бұрылғанда
Бұйра толқын, ұқсайды құбылғанға
Керемет бір көрініс
Күміс тамшы
Қанатынан себелер шомылғанда
«Киелі құс» бар сірә, бізде ұғым
Жақсылыққа жоритын тәріздімін
Су бетінде сырғыған, сұлу құсым
Ұнамай тұр, қазіргі жалғыздығың
Естімей—ақ кетейін, сыңсулы әнін
Көрмейінші көзіңде, мұң тұңғанын
Атанба тек тілерім
«Сыңар қанат»
Қайда сенің серігің, Сұңқылдағым?.
ӨЛЕҢМЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР
Сәрсенова Ханзада Төребайқызы—1957 жылдың 15 қазанында Өзбекстан Республикасы, Бұхара(қазіргі Науайы) облысы, Тамды ауданы, Керізбұлақ ауылында педагогтар отбасында дүниеге келді. 1964—1974 жылдары мектепте оқып, оны тәмамдады. 1974 жылы Ташкент қаласындағы Низами атындағы жоғары оқу орны филолгия факультетіне түсіп, оны 1978 жылы толық аяқтап шықты. Ол өзінің еңбек жолын туған ауылында Чкалов атындағы өзі бітіріп шыққан орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметінен бастады. Ол 1980—2010 жылдары Тауелібай өңіріндегі мектептерде ұстаз, балабақша меңгерушісі, кеңшар әйел—қыздар ұйымының төрайымы, мектеп директоры қызметтерін атқарды. 1980 жылы қаңтар айында Тауелібайдың Аяққұдық өңіріне қарасты Құлымбет ауылының жігіті Қайымов Марат Бақтыбайұлына тұрмысқа шықты. Өмір жолдасы Қайымов Марат Бақтыбайұлы 1957 жылы 1 қаңтарда Тамды ауданы Аяққұдық кеңшарына қарасты Құлымбет ауылында дүниге келген. 1974 жылы мектеп қабырғасын тәмамдаған. 1974—1979 жылдары Украина республикасы Луганск қаласындағы пединституттың филология факультетін бітірген. 1979 жылдан 1987 жылға дейін Құлымбеттегі В. Куйбышев атындағы, қазіргі 10 мектепте мұғалімдік қызметте болған. 1987—1995 жылдарда Аяққұдық ауыл кеңесінің жауапты хатшысы жұмысында істеген. 1995 жылдан 2007 жылға дейін, Аяққұдық кеңшар төрағасының орынбасары, кеңшар тексеру комиссиясының төрағасы, 4 Құлымбет фермасының меңгерушісі қызметтерінде жұмыс атқарған.
Марат: Қазақстанға көшіп келгеннен соң Теміртау қаласындағы 4 орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп, тәрбие жұмыстарымен айналысып, 2021 жылы қыркүйек айында жасына байланысты зейнетке шыққан. Қазіргі күнде Теміртау қаласындағы Халық Банкі бөлімінде күзетте жұмыс істеп жатқан жайы бар.
Қазіргі күнде Марат пен Ханзаданың өмірде арттырған өрімдей 5 қызы бар. Үлкені Сюзанна Науайы пединституның қазақ тілі мен әдебиеті және де Қарағанды қаласы Букетов атындағы пединституттың мектепке дейінгі тәрбие беру факультетін тәмамдап Теміртау қаласында мамандығы бойынша қызмет етуде. Екінші қызы Арайлым Зарафшан қаласындағы медбикелер дайындайтын колледжді бітіріп, осы қалада денсаулық сақтау орындарының бірінде қызмет қылуда. Әзірше қыздардан өлең жазатындары жоқтың қасы. Арайлымда анасының дарындылығының белгілі нышандары байқалады, бірақ ол өлең жазуды әлі бастаған жоқ. Үшінші қызы Гаухар Зарафшан қаласы медколледжін аяқтап, сонда балалар бөлімінде медбике жұмысын атқаруда. Төртінші қызы Бағжан Қарағанды қаласы Букетов атындағы жоғары оқу орнының психология факультетін тәмамдаған. Қазіргі күнде Астана қаласының мектепке дейінгі мекемелерінің бірінде тәрбиеші—педагог болып жұмыс істеуде. Кенже қызы Сезім Теміртау қаласында құқық саласы бойынша колледжді аяқтап, қазіргі уақытта Астана қаласында қызметін жалғастыруда.
Сәрсенова Ханзада 2010 жылдың қараша айында тарихи Отаны —Қазақстанға қоныс аударып, Қарағанды облысы Теміртау қаласына тұрақтаған болатын.
Мен әр кеш сайын өзімнің өткен бір күніме талдау жасап, саралаймын.Дұрыс емес жерлерімді түзеп, келесі күні ол қателіктерімді қайталамауға тырысамын.Бастысы, сол қателікті уақытында біліп отыру керек деп ойлаймын.
Кей кездері біреулерді өсектеп, я болмаса кей өсектерге сеніп жатамыз.Оның шын не өтірік екенін саралап бас ауыртпаймыз.Ал өзге емес, өзімізге бір рет болса да сыни көзбен қарасақ, өмір анағұрлым мәнді де мағыналы болар ма еді деп ойлаймын.
Өмір – сырға толы қызық әлем. Жүрекке бірде қуаныш сыйлап, шаттандырса, бірде еріксіз мұңға бөлейді.Өмір – ғажап, өмір – тәтті! Өмір сұлулық пен үйлесімділікті талап етеді, адам мен адамгершілікті қалайды.Бірақ біз осы жалған дүниенің қадірін білеміз бе? Қайталанып келмейтін, Алланың берген сыйын адамгершілік, имандылықпен неге өткізбеске? Ғажайып өмірді адамдардың неге жақсы көрмейтініне таң қаламын.Айналадағы адамдарға қарасақ, бәрінің өз өмірі, тірлігі бар.Біреуі қиналады, біреуі қуанады, біреуі дүниеге келіп жатса, енді біреуі қабірде жатады.Кейбір адамдар осының бәрін біле тұра, Алланың сынағына шыдамай, «Мен шаршадым, өмір сүргім келмейді» дейді.Қандай жағдай болмасын ақыл-ойымызбен, сабырлылығымызбен жеңе білуіміз керек.Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен,сәтсіздіктен, қайғы мен қуаныштан құралады.Міне, өмірдің өзі біле білсек, сонысымен қымбат.Өмірде бәрі өткінші.
Иә, өмір, өмір, өмір…Аллаһ адамға өмірді тек бір рет қана береді, сол арқылы адамның бұл өмірде жасаған жақсылығына, адамгершілігіне, өзі алданса да ешқашан өзге адамды алдамай, адал болса ғана өмірде шынайы бақытқа жеткізеді.Өмірде басыңа қандай қиыншылық түссе де, соған төтеп беріп, шыдамды, сабырлы болып, сол қиын кезеңнен шыға білсек, бұл біздің үлкен жеңісіміз.
Әрине, өмір жолы – даңғыл емес.Өрі де, ылдиы да жетерлік.Өмір сынынан сүрінбей өту – әр адамзаттың парызы.Әрбір адам аңсаған арманына жету үшін өмір бойы күреседі.Талаптанады, талпынады.Өмірдің бір «кірпіші» болып қалануға бар ынта-жігерін салады. «Адам болып қалу үшін ғаламда, үлкен арман керек екен адамға» деп, Мұхтар Шаханов атамыз жырлағандай, адамға қанат бітіретін ол – ой-қиялы, мақсат-мүддесі.Армансыз, мақсатсыз адам жарықсыз үңгірмен тең.Өмірге келгесін, артымызда өшпестей із қалдырмасақ та, адамгершілік пен рухани құндылықтарды ұмытуымызға болмайды.
Өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. «Көп адам өзінің өмірге не үшін келгенін, не үшін өмір сүріп жатқанын білмей өтіп жатыр.» деп, Джан жазғандай, сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолын таба алмай жатады.Соңғысы, әрине, өкінішті-ақ.
Өмір – күрес.Ең бастысы «дүние алма-кезек» дегендей, жалғандағы барша қиындықтың уақытша екенін ұғынып, «өмір» атты кемеде қатарыңнан қалмай, жолыңда кездескен қиындықтардың барлығын да жеңе білу керек.Сонда ғана біз өмірдің ғажайыптылығын сезіне аламыз.Менің түсінігімше, өмір – теңдесі жоқ, құдіретті күш иесінің бізге ұсынған сыйлығы.Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырды баянды да бақытты өткізгенге не жетсін, шіркін!
Алғы сөз: «Жыр менің жалғыз тарланым, жанымды жырмен жалғадым» деп қазақтың аяулы ақын қызы Фариза жырлағандай Тауелібайлық сыныптас досым Ханзада Төребайқызы өлеңдерінен өмірге деген құштарлығын, ата-анаға деген сағыныш сезімдерін, балалық бал дәурен кезеңдерді бастан өткізген туған жерге деген ыстық ықыласын , ұстаздық өнегелі өмір жолын, Тауелібайдың ақиық ақындары Өмірзаққа, Қайыпназар Шотбасовқа, курстасы Дінбай Дабыловқа, сонымен бірге Төлеген Айбергеновке деген жүрекжарды ақжарма пейілін, әйел жанының құпиясын, арманын, махаббатын көруімізге болады.
Қазақ халқының қастерлі ұғымдарының арасында «ана» сөзі ерекше құрметке ие. Кез келген адамның ішкі әлемінде сол бір жанға деген сарқылмас сағыныш пен үнемі балалығын аңсайтын кезі болатыны анық. Ештеңеден хабарсыз, күйбең тіршіліктің түйткілдері көңілді жабырқатпайтын сол бір шаққа ананың махаббаты қосылып, қайталанбас күннің келбетін жасай түсетіндей Ханзадтың «Анашым» деген өлеңін оқыған адам, перзентінің анасына деген сарқылмас сағынышын көруге болады:
Өзің жайлы ұғым,ана, биік тым,
Мейріміңді жүрегіме түйіппін.
Сағынышты көктемменен егіз ғып,
Көңіліме тұмар етіп жиыппын.
Әр көктемде өзгеше бір күй кешем,
Жаным жырмен мен анаммен үндесем.
Сен жанымда жүрген әрбір сәтімді,
Дүниенің байлығына бермес ем…
Соның әсерінен болар, қарапайым жанның жүрек түкпірінде бұл образбен (бейнемен) байланысты тәтті естелікті үнсіздікпен сақтаса, қолына қалам алып, анасының бейнесін шеберлікпен жырлап отыр десек дұрыс айтқан болар едік.
Астананың Сарыарқа ауданына қарасты Көктал-1 шағын ауданындағы жер үйде болған өрттен қаза тапқан бес бүлдіршіндерге талай ақындар өздерінің
өлеңдерін арнаған болатын.
Жұртшылық бір-бірін жұбата жүріп көз жұмған сәбилер үшін Алладан дұға тілеп, олардың ата-анасына, ағайын-туыстарына көңіл айтып, сабырлы болуға шақырып, қолдарынан келген көмегін ұсынып, өздерінің шынайы ниеттерін білдірген еді.
«Жер бетінде періштеге жоқ орын» деген Қазыбек Исаның күйінішке толы философиялық өлеңінде Астананың аязды күні бірін-бірі құшақтап жатып өліп кеткен бес қыздың аянышты өлімі жайлы айта келіп:
«Бұдан кейін қоғамға кім сенеді?
Көктей солды қызғалдақтар көкөрім.
Көкке ұшып кетті олар,себебі,
Біздің елде періштеге жоқ орын…» — деп келтірсе Ханзада ақын өзінің жер үйде болған өрттен қаза тапқан бес бүлдіршінге арнаған
«Аспанға ұшқан бес гүлің» өлеңіндегі:
«Білеміз… ауыр қайғы, ауыр қайғы…
Қалайша жүрек шіркін ауырмайды.
Қанатына мінгескен арман оттың,
Періштелер аспанда шырылдайды». — десе
бір шумақтарында:
Көкке ұшып кетті арман қиялдары,
Қазағым қайғыдан ес жия алмады…
Сабыр мен төзім тілеп қалғандарға,
Бір бірін адам біткен жиі алдады…
Өкініш…өзекті өртеп жалын құшты,
Салмасын дұшпанға да мұндай істі…
Баспанаң да бас қалаң да өзіңе деп,
Бес гүлің бәрін тастап аспанға ұшты… —
деп келетін өлең жолдарын тебіренбей оқу мүмкін емес…
Алаш арысы, ұлт перзенті Мағжан Жұмабаевтың: “Алаш баласы бас қосқан жерде төр – ұстаздікі”, – дегеніндей ұлылықтың басында тұрған ұстаздар қауымы қандай құрметке болса да лайық.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» — деген ұлы Абай бабамыздың сөзі бар. Ұстаздардың жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбие, үлгі-өнегелері өлшеусіз ғой…. Мұғалімдер – жастардың болашағын айқындап, бүгін еккен дәндері ертеңгі жемісті күннің кепілі десек жаңылыспаған болар едік. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады емес пе?
Сіз алғаш білім нәрін ұғындырған,
Кітап атты құдіретке сыйындырған.
Бас иіп өздеріңе, аяулы ұстаз,
Естелік тарту етем құйын жырдан.
Білемін…кенде емессіз құрмет, сыйға,
Құйдыңыз білім нәрін біздің бойға,
Шәкіртін биіктерден көрсем дейтін,
Ұстазым — өзім үшін ұлы тұлға…
Ханзадтың осы ұстазына арнаған өлең жолдарын оқи отырып, өзінің уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялаған ұстазына деген адал пейілі мен махаббатын аңғаруға болады.
«Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең»,– депті ғой бір кездері дана Абай. Демек, адам туғанда өлеңмен бірге туады екен. Бірақ ол – ұйқасқа құрылған өлең жолдары емес, сананың биігіне, өмірдің әсемдігі мен мөлдірлігіне ұмтылатын табиғи анықтама.
Өлең деген әдемі әлем дейтін болсақ, ақындар жүрегімен жырлайды, жүректен шықса, жүрекке жетеді.
Өмір – адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осы сөздің астарында үлкен мағына, терең сыр жатыр.
Өмірдің мәні жайлы әркім әр қилы ойлайды. Ханзада ақын үшін өмірдің мәні — осы бізге берілген сыйды бағалай білу, аялай білу, ардақтай білу.Өмірдің мәні адалдық, адамдықта. Бір күндік өмірдің мәні болмайды деген сияқты.
Өмір сырға толы әлем. Жүрекке бірде қуаныш сыйлап шаттандырса, бірде еріксіз мұңға бөлейді.
Ханзада «Өмір жайлы үзік ой» толғауында:
Өткіздім өмір күздерін,
Бәрібір күдер үзбедім…
Қаладым мен де…өзгедей,
Кемемнің өрге жүзгенін… — деп келтірсе,
енді бір шумағында:
Атым менің атойлап,
Кетпесе де алысқа,
Намысты қолдан бермедім…
Көріп өстік… не шара
Басыңа іс түскенде
«Амал достың» безгенін..
Бар екенін сезбейміз,
Жан ауыртар қауқары,
Табанға кірген шөңгенің… — деп толғайды.
Тағы бір өмір туралы өлеңінде:
Өмір саған сыр ақтарамын,
Іңгәләп келіп тұрақтағаным.
Таймасын дедім… бірақ табаным,
Жақсы екен,өмір, құлатпағаның…
Өмір, саған сыр ақтарамын,
Өзіңнен ғана шуақ табамын,
Сезіп кеп кейде сынақтар барын,
Сездірмей ғана жылап қаламын…
Өмір, саған сыр ақтарамын…
Жақсы ғой мені құлатпағаның,
Бекерге және жылатпағаның…
Өмір, саған сыр ақтарамын,
Көтеріп дүние сынақтың бәрін…
деп келетін Ханзадтың өлеңіндегі кейбір қатарлары, өмір туралы мұң мен уайым, барша ақындардың басында өтіп жатқан дүниелер сияқты болып көрінеді маған…
Коронавирус індеті өршігенде қаншама жақынымыздан айырылып қалдық.
Соның бірі сыныптас досымыз, ақын Ханзада Төребайқызы болатын.
Ханзаданың мезгілсіз қайтыс болуы қабырғамызды қайыстырып кетті, жазғанынан жазары көп еді. Ізінде өшпес өлеңдері мұра болып қалды.
Ханзада арамыздан кетсе де, жұрттың жадынан, көптің көңілінен кетпейді.
«Ақын – өз заманының ар-ұжданы» демекші Ханзаданың өлеңдері әрбір жыр сүйер қауымның жүрегіне салмақты ой салады деп ойлаймын. Ақынның асқақ рухты өнегелі өлеңдері келешек ұрпақты тәрбиелеуде өзіндік орны бар деп есептеймін…
СӘРСЕНОВА ХАНЗАДА ТӨРЕБАЙҚЫЗЫНЫҢ ӨЛЕҢДЕРІ
АНА
Өзің жайлы ұғым,ана, биік тым,
Мейріміңді жүрегіме түйіппін.
Сағынышты көктемменен егіз ғып,
Көңіліме тұмар етіп жиыппын.
Әр көктемде өзгеше бір күй кешем,
Жаным жырмен мен анаммен үндесем.
Сен жанымда жүрген әрбір сәтімді,
Дүниенің байлығына бермес ем…
Жазып жырын сені іздейді от кеуде,
Сағынышым сарқылатын жоқ, мүлде…
Мен бәрібір қимастықпен қараймын,
Сен туылып кеткен өзің көктемге.
Көктем келер жылда осылай шуақты,
Жыр жазамын мен өзіңе тұрақты.
Анам жайлы естелікті ойға сап,
Мына көктем мені тағы жылатты.
Әдіпті қыз
Қыз балаға жарасады әдебі,
Ару қыздар әдемілік әлемі.
Қырда өскен қызғалдақтар секілді,
Көрінеді бәрінен де әдемі.
Қыз дегенің үйіңдегі қылықтың,
Мөлдір таза бұлағындай тұнықтың.
Сағынысып көріскендей шуақпен,
Келер оның жанарынан сыр ұққым.
Биік болсын қыз дегеннің беделі,
Аямастан көктен нұрын төгеді.
Ең алғашқы мерекесі көктемнің,
Қыздарымды құттықтағым келеді.
Мұхтар және тіл…
Тіл туралы өлең оқып, Мұхтар ақын теңселіп,
Ұлы тұлға дегендерді алды біраз тексеріп…
Ұлт мүддесін қойып алға, тілдеріне тиек қып,
Жүргендерге шүйлікті ағам…ар, намысты биік қып.
Тілдің жайын қозғағанда Шахановтай тұлғаңыз,
Мұхтар жайлы айтылады ел аузында көп аңыз…
Ел мен жерің бөлінбейтін бір ұғымның бөлшегі,
Мүмкін емес ажырауы ерің болса еңселі…
Сөзі анық, ісі ерен Мұхтар сынды алыптың,
Шығар алдан соңына ерсе…ынтықтырған жарық күн…
Ел деп, жер деп соғып тұрса әр қазақтың жүрегі,
Орындалар алты алаштың бар бақыты, тілегі…
Бірлігіңді ұран етіп тастап кеткен
бізге қайран бабамыз,
Заман қандай, адам қандай…
Қайда беттеп барамыз…
Өлеңім жайлы…
Мейлі мені оқымасын, даттасын,
Өлең саған бұрдым тағы ат басын…
Бес күн жалған мына қысқа ғұмырда,
Бақыт ашып тұрса болар қақпасын…
Жүрегімде жатса егер жыр тұнып,
Шыға келер…бір ақ сәтте құлпырып.
Мына заман елге де сын,ерге сын,
Көңіл күпті, мазалайды сан күдік…
Өмір өтер…бәрімізден қас-қағым,
Ірімін деп, тірімін деп таспағын…
Көпке топырақ шашу мүлде ойда жоқ,
Ұқсаң болды…айтқан сөздің астарын…
Өмір жайлы үзік ой…
Өткіздім өмір күздерін,
Бәрібір күдер үзбедім…
Қаладым мен де…өзгедей,
Кемемнің өрге жүзгенін…
Біле алмайсың жасыңда,
Басыңа қатер төнгенін.
Ай маңдайлы арысың,
Ерте жанып сөнгенін…
Қазыналы қартыңның,
Қиындыққа төзгенін…
Шындық үшін шырылдап,
Талай жанның жүргенін…
Атым менің атойлап,
Кетпесе де алысқа,
Намысты қолдан бермедім…
Көріп өстік… не шара
Басыңа іс түскенде
«Амал достың» безгенін..
Бар екенін сезбейміз,
Жан ауыртар қауқары,
Табанға кірген шөңгенің…
Қымбаттығын сезе алмас
Еркелеп өскен ұл-қызың,
Еңбекпен келген теңгенің…
Бос келіп және бос кетпей,
Үлесімді қоссам деп
Өмірге құштар пендемін…
Жыр жазамын әлімше,
Өлең емес ермегім…
Кейінгіге қалса екен,
Өзімше ой-өрнегім…
Тереңінен теңіздің
Маржан жырым… тергенім…
Жеткізе алмай ойымды,
Бекер босқа терлесем…
Кешіріммен қараңдар
Өйткені, мен де пендемін…
Жастықтың кешіп көшесін,
Қарттыққа қарай көшесің…
Дүние думан қол бұлғап,
Бізден де бір күн өтерсің…
Әйелдің қолынан бәрі келеді…
Мейірім шашып, ұяға жылу береді,
Жаңбырдай жылы, жасын да кейде төгеді.
Әлсіздеу болып көрінгенменен кейде тым,
Әйелдің қолынан бәрі келеді…
Жүрегі оның қаруы дерсің… сенері,
Көп әлі білсең… бермегенінен берері.
Уақыт тауып, қарбалас кезде ұмытпай,
Баласына да ықылас нұрын төгеді.
Ойымның болды осылай менің тереңі,
Жыласа әйел…болады оның төлеуі…
Қорғаны болмай, ойраны болған әйелдің,
Еркектің ғана әйелге әлі келеді…
Қарашаш, Ұлпан үлгілі елге кешегі,
Тоқтатқан сөзге шешен мен биді деседі…
Әйелін сыйлап, көтерген көкке еркектің,
Болады дейді…маңдайға бағы бес елі…
Таңменен бірге бастайды үйдің тірлігін,
Ойлайтын әйел …отбасының да бірлігін.
Көз ілмей кейде атқызып алып таң бозын,
Ашатын әйел…үйдің де алғаш түндігін.
Есіңде болар…Данагүлдегі даналық,
Ұлжанның тапқан Абайың болды ірі, алып…
Тербетіп бала, айтатын бесік жырларын,
Затымыз әйел…қосамын үлес жыр жазып…
Әйелсіз сонда өтпейді екен бір күнің,
Күлімдеп қара…шақырмай ашу..тұр күнім…
Жарығы айдың,сәулесі күннің әйелде,
Болсаңдар мықты… Жүрсіннен артық дәлелде…
АҚЫН БЕРДАЛЫ ОРАЗАЛЫҰЛЫ
ҚЫЗЫЛҚҰМ да кеңінен танымал ақын Бердалы Оразалыұлы жыраулығымен де дүйім жұртқа мәшһүр болған дарын иесі. Ол қызылқұмның кең шөлінде сонау заманда елі үшін еңбек етіп, қалам тербеген өнер адамы. Ол қаламмен бірге домбырасын қолынан тастамай замана үніне үн қосқан тұлға. ХХ ғасырда туылып, сол дәуірдің үніне үн қосып отырды.
Бердалы Оразалыұлы жырау ретінде елге кең танымал болған кісі. Оның шығармашылығы тар заманмен тұспа тұс келіп, ақын ағамыз сол кезеңдерді жырға қосқан. Қазақ басына туған күннің ауырпалығын өз иығымен көтерген нар тұлғалардың бірі. Өнері мен ақындығын қатар қойып, елге еңбек етуде де көштен қалып кетпеген.
Ақын ағаның өлеңдері көбінесе ел аузында жүрді. Қағазға бертін түскен жайы бар. Өз ойынан жыр шумақтарын суырып салма ретінде тоқи білетін шығармашыл аға өз заманының айтулы қаламгері болғаны рас. Соған қарамастан оның жырлары көбінесе қағазға түспей, жыршылардың дәріптеуімен насихатталып келді. Өзі де жыраулықта қамшы салдырмайтын өнерпаз болған дейді. Ел аралап, той-думанда жырлайтын кездері болған. Бар өнерімен жұртты аузына қаратқан бұл тұлғалы ақынның қатардағы қазақтың бірі болмағанын тағы айта аламыз.
Біз сөз етіп отырған ақын ағамыз Бердалы Оразалыұлы «Тоқа Бердалы жырау» деген лақап атымен де елге танымал болған. Ол Шөмекейдің үлкені Тоқа руынан. Сол себепті жұрт оны «Тоқа Бердалы» деп кеткен.
Ақын ағамыз 1914 жылғы 11 қарашада Қызылорда облысының Қазалы уезіндегі бірінші ауылда, яғни «Бейбіт белгісі» деген жерде туылған. Бердекең 12 жасында ата-анадан жетім қалып, тұрмыс тауқыметін ерте басынан өткізген. Өз қатарлы балалар арасында зерек ойымен танылған. Жастайынан өлең мен жырға құмартып өсті. Отбасы ауыртпалығының қамытын ерте арқалады. Жастық шағы осындай тар заманға тура келген жайы бар.
Ол жыраулар мектебін сүйіп өсті. Әсіресе Сыр сүлейлерінің жырларына бар ынтасын аударып, құмары кетті. Сол дәуірдің әйгілі ақындары: Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Шегебай, Шораяқтың Омары, Кете Жүсіп сықылды өнер тарландарының жолын ұстанды. Жырларына тағзым етті. Өзі де жырлар жаза бастады. Сонымен қатар қазақтың ән өнеріне, халық әндеріне деген құштарлығын ұштай түсті. Дауысын өрге көтерді. Сыр елінің әншілері: Тасберген мен Әлібекті, Молдахмет пен Мұзараф сықылды көптеген әншілердің өнеріне ден қойды, өзі де соларға ұқсағысы келді. Олардың шығармаларын тыңдап, репертуарына енгізіп алған жайы бар. Той мен думанда өнер көрсетуге құмартты. Жыр десе ішкен асын жерге қоя салатын халге жетті.
Бердалы Оразалыұлы 1929-1932 жылдары Семейдегі ауыл шаруашылығы техникумында оқып, оны ойдағыдай бітірген болатын. Елге келіп мал маманы болып еңбек жолын бастады. Бұл сонау соғыстан алдыңғы бейбіт заман болатын.
1941 жылы ел басына күн туғанда бұл қарап жата алмады. Соғысқа өздігінен сұранып, қан кешуге кете барды. Нағыз ер жігіттің айбатын көрсеткен болатын. Қан майданда жаумен алысып, жеңіспен елге оралды. Аға лейтенант деген шенмен Тауелібайға қайта келді. Жаудың жағасын жыртып, елдің кегін қайтарды. Соғыс жылдары қазақтың өр ақыны Қасым Аманжоловпен жолығып, сырлас, жырлас болған.
Әскерден келген ақын жгіт бейбіт еңбекке құлшына араласып кетті. Бұхара облысы Тамды ауданындағы ауыл шаруашылығы басқармасында бас зоотехник болып жауапты жұмыс атқарды. Қаракөл қой шаруашылығын өркендетуге өзіндік үлесін қосты. МТС-те басшылық жасады. «Октябрь» колхозында басқарма төрағасы болып қызмет істеді. 1956 жылы жеңілдікпен зейнет демалысына шықты. 1961 жылғы 11 қарашада дүние салды.
Ақынның сол бір замандарда жарық көрген және қойын дәптерлеріндегі өлең-жырлары мен дастандарын оқығанда, оның айтулы ақын екенін білген елі өнерпазды бағалады. Еңбектері жергілікті газеттерде жарияланған. Ақынның арынды екенін мойындау керек. Кезі келгенде табанда аяқ астынан өлеңді суырып салма халде айтып кете беретін болған. Сыр сүлейлерінің қатарынан орын алған ол сол замандағы ақиық ақындармен иық тірестірді. Жырларының сарыны да солар жазған стандарттарға сай келіп жататыны да сондықтан. Отырыстар мен басқосулардың гүлі, арынды жыршысы болған. Айтқан сөзі дуалы ауыздан шыққан соң елге тез тарап отырған.
Ақын өз өлеңдерін жинастырып жүрмеген сияқты. Ел аузында жатталып, отырыстарда айтылатын болған. Ақын дүниеден өткен соң оның жырларын жинақтау еске түсті. Сөйтіп, ақынның шашылып жатқан маржандары жинақталған жайы бар. Әлі ел аузында жүрген жемістері де жоқ емес.
Ақынның тұңғыш жыр жинағы «Сырымды айтам» деген атпен 1977 жылы Алматыдағы «Жазушы» баспасынан 5600 дана таралыммен жарық көрді. Баспаға әзірлеген ұстаз Қыдыр Өтебаев болатын.
Ақынның ұрпақтары 2014 жылы Қарағанды облысының Шахтинск қаласында айтулы атаның 100 жылдық асын өткізді. Ел болып қолдап, ақын рухана деген құрметті таныттық. Ақын ағаның жыр кітабы қайтадан жарыққа шықты. Өнер зерттеушісі Балтабай Ыбырайұлының бастамасымен игі істер қолға алынды.
Ақынның ұрпақтары арасында Телжан ағамыз әке алдындағы перзенттік борышын өтеуге мұрындық болды деп ойлаймын. Ақын ағаның ұлы Әнуарбек ағамыз да тап әкесі сияқты өлең шығарып, жырлар жырлайтын болған. Телжан ағамыз да жақсы жыршы еді. Әлжан ұлы білімді жан болды. Сәулеткерлік саласында елеулі еңбек етті. Жер қатынастары жүйесінің білгір басшысы болғанын ел біледі. Басқа ұлдары мен қыздары да әке атына сай болды.
Бердалы Оразалыұлы танымал ақын. Оның мұралары елге азық.
ҚАСҚАСУ
Базарлап Бұхараны малын айдап,
Жарайтын алыс жолға көлік сайлап.
Кетуші ед тамақ іздеп қалың нөпір,
Басынан сары күздің тұрған қайнап.
Ішіп-жеу бірдей керек жарлы, байға,
Жарлыға бай тамағын бермей жайға.
Ішкен ас, киер киім құлы болып,
Бас еркі бағынышты еді байға.
Сенімсіз бір түнекте күнім өтіп,
Белгісіз еді маған кімде тетік.
Ішінде осы құмның өмір сүрген,
Айтайын бір күнімді баян етіп.
Бір байға жазыменен болдым жалшы,
Қауғашы, кейде отыншы, кейде малшы.
Алты айдай қамдестікпен босқа жүріп,
Ісіменің болып шықты бәрі балшы.
Қамданды күз жеткен соң жас пен кәрі,
Кезі ғой қомданатын халықтың бәрі.
Алақтап сасқаннан соң байға келдім,
Бұрында қалса-дағы өтіп зары.
Отырды бай ойланып түйіп маңдай,
Артықша жаратылған жеке жандай.
-Келдің бе тағы маған сүйретіліп,
Бай керек, байқа!-деді – кепсе таңдай.
-Айт,-деді,-маған келген жұмысыңды,
Жасырма айран сұрап ыдысыңды,-
Дегесін бір түйенің майын сұрап,
Тарылтып отырып ем тынысымды.
-Ал,-деді, бір тайлақтың менен майын
Қызметпен қайтарарсың деп орайын.
Шартпенен арықтатпау, мұрнын жырмай,
Тайлақтың алып қайттым етіп жанын.
Малым жоқ сататұғын, көмір жақтым,
Не болсын байдың малын босқа бақтың.
Тайлаққа ақым үшін майын алған,
Қос қанар көмір артып ноқта тақтым.
Жетелеп бір тайлақты ердім көшке,
Талай мұң, талай қорлық түсіп еске.
Сондағы жүрген осы жолым еді,
Қасқасу, тіке биік, құмың еспе.
Ол кезде малы жоқты қасқа деген,
Мал бітсе, мұңы болмай басқаменен.
Осы асу жалғыз көлік жүдеулердің
Жері екен қасқа атанын қаста жеген.
Жетелеп жөң тайлақты мен де келдім,
Болған соң жүрер жолы керуеннің.
Бір бәле жеке мені шырмағандай,
Бетінде әлектендік асу белдің.
Бақырып тұрды тайлақ жібін тартып,
Дегендей мұнша маған жүгіңді артып.
Жүк ауыр, жолы асу болғандықтан,
Айдап ем, налыды ол да мені қарпып.
Лаж жоқ, жүкті онан ала алмадым,
Баратқан керуеннен қала алмадым.
Үлкен қап тар жазыдан кейін түсіп,
Неше рет аударылып алаңдадым.
Сататын менің малым артқан көмір,
Не сатам, жолда қалса, ол ит жегір.
Арқалап көмір қапты кезек тосып,
Жерім ед тұрған осы жасып өмір.
Сонан соң ай да өтті, жыл да өтті,
Ел тепті езген құл қып сұр түнекті.
Бірлікпен, еңбекпенен бас қосқанда,
Ен байлық ел игісі көпке жетті.
Көркейді күннен күнге колхоз елі,
Таусылмас дария болып байлық кені.
Колхозшы, бірі маман, бірі ғалым,
Біреулер еңбек ері, ел беделі.
Орнады Отанымда бірлік берік,
Ен жайып күннен күнге сәндік көрік.
Бірі мен жөң тайлаққа зар болғанның,
Қонысын миллион малдың жүрмін көріп.
Айлық жол базарыңыз елге келді,
Балаға базар міне ермек енді.
Керегім не іздесем табылады,
Базарым елім сүйген еңбек енді.
Өткенді ойлай берсем кейін қалған,
Өткен көп орындалмай ойдағы арман.
Текке бір көз көрген соң, айтып тұрмын,
Ол көрген бір тамшысын қайғы зардан.
Отырмын сол Қасқасу биігінде,
Өмірдің елім шешіп түйінін де.
Астымда ГАЗ-63 машинам бар,
Көтерген көмір қап жоқ иінімде.
Бақ қонды, дәулет келді кеше маған,
Қиын іс елде енді жоқ шеше алмаған.
Кім нанбас жер жүзінде, айтыңдаршы,
Бақыттың қожасы өзім десем маған.
АҚТАУ
Ақтаудың алды жазық, арқасы тар,
Тік біткен, биік көлем тұлғасы бар.
Таулардан қатар тұрған түрі бөлек,
Секілді бақшадағы биік шынар.
Сандықтай қолмен жиған тақта тасы,
Терең жар көз талатын сай-саласы.
Жаңбырлы бұлт шөксе қабағына,
Басына нұрын төгер күн шұғыласы.
Бірөңкей бозғылт тасы, тарғыл емес,
Малға жай – кең жайылым басы дөңес.
Әртүрлі күнгейіне шығып шөптер,
Жерұйық секілді бір қойнау-көмеш.
Биік тау терістіктен көрінеді,
Құзында арқар ойнап керіледі.
Бұраңдап сулар ағар сайларынан,
Секілді қорғасынның ерігені.
Көктемде гүлі жайнап, жұпары аңқып,
Ырғалып жаз жерінде гүлдер балқып.
Кекілік күйін шертсе сайларында,
Бұлбұлдар ән шырқайды ол да шалқып.
Қой, түйе, алқабына сиыр өріп,
Жайылып тау шатқалын жатыр керіп.
Көп жылқы өніп-өскен тұқымы асыл,
Ақтаудың ой-қырына көрік беріп.
ДАРЫНДЫНЫ ТӨРГЕ ОЗДЫРЫП ДАРАЛАЙЫҚ
ҚЫЗЫЛҚҰМ ӨҢІРІНДЕ Тамды ауданының оның халқының Өзбекстан Республикасында орны бөлек. Бұл ауданнан еңбек ерлері,академик,профессор,саясаткер,білімді дәрігерлер мен ұстаздар,ақынмен әншілер шыққанын бүкіл республика біледі.
Ақсәуле Шамұратова “ Ақырын жүріп,анық бас,еңбегің кетпес далаға,- деген ДАНА АБАЙ өсиетінің өміршеңдігін өзінің ұстаздық еңбек жолымен, ақындық,шығармашылығымен дәлелденген жерлесіміз.
Ақсәуле Мәмбетқызы педагогика саласында көпдеген сатысынан өткен білімді,белсенді ұстаз. Мектеп жасынан осы күнге дейін өмірінің хронологиясына көз жүгіртіп басқалармен салыстырсақ өмірінде жалпы ұқсастығы көп,бірақ басқалардан айырмашылығы ақындығы оған ешкім таласа алмайды. Кезектегі qyzulwum.kz сайтының оқырмандарына ақынымыз туралы деректермен ақпаратты өзінің жеке өмірбаянынан алдық.
Шамұратова Ақсәуле Мәмбетқызы Өзбекстан Республикасының бұрынғы Бұхара облысы, Тамды ауданы, Молдиман елді мекенінде өмірге келген. Ақсәуле Мәмбетқызы Шамұратовтар отбасында он екі перзенттің сегізіншісі.Бес жасына дейінгі алаңсыз,аңғал балалық шағы Молдиман ауылында өткен. Сол бес жасынан оқимын,білім аламын деп өзінен бір- екі жас аға- апаларынан қалмай, жылап мектепке барып екі күн қолына жасыл дәптермен қалам алып отырғанда марқұм Дүкенбай ағайы ұрысып:” Кет,сен әлі кішкентайсың!,- деген сөздері еміс- еміс есімде деп Қазақстан Республикасында өткен екі мың ұстаз қатынасқан білім додасының ынталандыру сыйлығының иегері сол кезді еске алады.
Содан 1981 жылы Өтемұрат кеңшарының жанынан жаңадан “Прогресс” кеңшары ашылып Шамұратовтар отбасы да көшіп барып,сол жылы мектеп ашылу үшін бала санын толтыру қажет болып Ақсәуленің “ бағы жанып” тағы да өзінен бір жас үлкендермен бірге мектеп табалдырығын аттап, сол мектепте екі жыл білім бұлағының бастауынан сусындап өсті. Ол мектепте тек Елібай Ақназаров,марқұм Тұмар Абдуллаеваның кейбір әрекеттері алыс сағымнан көлбеңдеп өтеді,- деп еске алады ақын жерлесіміз.Сегіз жасынан В.И.Ленин атындағы кеңшары деп аталатын ауылдағы номері 9 шы мектебінде оқуды үшінші класстан жалғастырды. Бұл мектептен облыс, республикаға танымал мал шаруашылығының маңдай алды еңбек ерлері,делегат,депутаттар,ұлағатты ұстаздар,беделді азаматтар шыққан оқу ордасы. Осы мектепте оқып жүріп поэзия жолына түсуіне,қиял әлемін қатайтып,ақ көгершін жырларының самғауына Елемес Серікбаев, Төлеген Медетов, Полат Жанбаевтар ерен үлес қосқанын ақынымыз мақтанышпен еске алады. Мектепті “Күміс медальмен” тәмамдап Ташкент қаласындағы халықтар достығы орденді Низами атындағы мемлекеттік институтының филология факультетінің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімділігіне оқуға түсіп,сол жерде қазақ тілінде шығатын жалғыз қазақ тілді басылым ”Нұрлы жол” газетінен өлеңдері шыға бастады. Түрлі себептермен Ташкент қаласынан оқуын Науай қаласындағы институттың филиалына ауыстырып оны қызыл дипломмен аяқтап сол институтта екі жыл болашақ ұстаздарды дайындап шығаруда үлкен үлес қосты. Тарихи Отанына көшіп келіп Қарағандыда “Ата жұрт” көші-қон ұйымында кейін Алматыда Өзбекстан елшілігінде келер жылы Қарағанды қазақ-түрік лицейіне жұмысқа қабылданып Арқаның суығына үйренісе алмай кейін Алматы қазақ- түрік лицейінде директордың орынбасары лауазымында қызмет атқарған. ”Евразия” лицейінде, ”Юстади” білім беру орталығының директордың оқу ісі болып жүріп, өлеңдер жазып, “Жырларым жүрегімнің көгершіні” атты тырнық алды жыр кітабын шығарып халқына жеткерді. Қазір “Сулейман Демирел” атындағы мектеп-лицейінде қазақ тіл және әдебиет пәнінен қазақтың қаракөз балаларына сабақ беріп өлең жазып келеді. qyzylqum.kz сайтында танымал ақын Шамұратова Ақсәуле Мәмбетқызының әр жылдары жазған,ел арасында кеңінен тараған әсем әндерге арқау болған өлеңдерін, ХИТ СИНГЛ ”ҚЫЗЫЛҚҰМ music” ХИТ ПАРАДТАН ақын болып қалыптасқан мектебіне, Керегетаудың жастарының әнұранына айналған сазгермен бірлесіп жазған әндерін да тыңдай аласыз. Керегетаулықтар бұл әнді ықыласпен қабылдады. Ақсәуле Мәмбетқызының педагогикалық, шығармашылық жолы мазмұнды және айшықты,өмір жолы тәрбиелеп отырған шәкірттеріне жақсы үлгі- өнеге деп қарауға болады. ҚЫЗЫЛҚҰМДЫҚ жерлестер дарынды ақын Ақсәуле Мәмбетқызын төрге оздырып, даралайық. Ата — анаға,туған жерге махаббат құдыретін толғап,халқымыз сүйіп тыңдайтын әндерге жастардың рухын көтеретін сөздер жаза береді деп сенеміз. Біз Сіздердің шығармашылықтарыңызды үздіксіз насихаттап,өнерлеріңіздің өсуіне,өлеңдеріңіздің кеңінен таралуына үлес қосамыз.Жазған өлеңдеріңіз халқымыз сүйіп оқитын, әндеріңіз сүйіп тыңдайтын өлең-жырдың маржандарына айналсын!
АҚСӘУЛЕ ШАМҰРАТОВА ӨЛЕҢДЕРІ
Қарсы алды кең құшақпен елім мені,
Ардақты қонағым деп төріндегі.
Қақтаған аптап ыстық күйдірсе де,
Еш кірбің ешкімнен де көрінбеді.
Жарасып үлкен-кіші ынтымағы,
Шоқтағы шай, жүгірді құртын алып.
Кең пейіл, жайма шуақ ізгі жандар,
Сыпырды күйбең тірлік бұлтын әрі.
Ризамын дос-бауыр, әз халқыма,
Ақау түспей сақтаған өз салтына.
Қақаған боранда да бара қалсам,
Түсіретін көңілді жаз қалпына.
Дүниенің ұмыт боп жылтырағы,
Мойыныма тағылар жыр тұмары.
Жайсаң жандар бейнетпен бақыт тапқан,
Жан жүрегім ауыл деп ұмтылады.
***********
Атыңнан айналайын Керегетау,
Көркіңе кең дүниеде не жетеді?
Сағынған кер маралдай туған жерім,
Сені ойласам жүрегім тыз етеді-ай.
Атыңнан айналайын Керегетау,
Тау елінде ерекше, бөлек отау.
Қанат жайып қырандай кең далаға,
Сымбат сыйлап сен тұрсың кереге тау.
Атыңнан айналайын Керегетау,
Жеміс төгіп тұратын береке-бау.
Жаныма шуақ шашар бір құдірет,
Бойтұмарым мәңгілік сен екен-ау.
Қорықпаңыз аштықтан да, жоқтан да,
Қорқу керек күпірлік тонын жапқанда.
Қорқу керек ашу алып алқымнан,
Сабырменен келе алмасаң тоқтамға.
Жанардағы сағынышты шуақты,
Кірпіктерім қос тамшымен құлатты.
Биік, заңғар көрінсе де әдемі,
Таудың да бар сырға толы әлемі.
Тағдырдың жазуы — қатал заң,
Білмейсің қай күні шығасың қатардан.
Біле тұра бәрі жалған екенін,
Білмегендей беймазалық етемін.
Біреулерді біле тұра ренжітіп,
Біреулерден ренжітпеуін күтемін.
Кемеңгер-кеңдік жетіспей жатыр адамға,
Кеңірдек-дертті кигізіп қойып ғаламға.
Күйін кешпе періште болған Ібілістің,
Басы-соңы аян Бір Хаққа бүкіл істің.
Омарды да кәпір кезде біліп Алла ұнатқан,
Сусындатып құдіретімен ислам-кәусар бұлақтан.
Деп айтпаңыз: жасап жүрмін мен бәрін,
Соңғы ісіңді бағалайтын Жаратқан.
Қадірле, сүй анаңды
Қадірле, сүй анаңды
Нәзік жанды атанғанмен, табанды,
Жөнге салар талай асау-жаманды.
Қырық шырақты, қырық жанды деп атап,
Асқақтатып мойындап тұр бағаңды.
Көтеретін нар жүгіндей ауырды,
Тырнақ етім деп сүйейтін бауырды.
Өз басына қимаса да, кем қылмай,
Ұсынатын ұл-қызына тәуірді.
Жүрегі алтын, тілегі маржан жарына,
Тағдыр салса көне берген бағына.
Дара Ана да, дана Ана да қазақтың,
Әр уақытта лайық қымбат тағына.
Жаратқаннан кейін өмір сыйлаған,
Бар әлемнің нұрын бойға жинаған.
Ақ алақан жайып дұға тілеген,
Біздер үшін бар ма одан сыйлы адам.
Нәр сүтімен бойға қуат дарытқан,
Басқан ізі жәннаттағы жақұттан.
Түһ демейді, сірә қабақ шытпайды,
Ана қадірін болса егер жан ұққан.
Асылдарым, қадірле, сүй анаңды
Әр күніміз өлшеулі де санаулы.
Қарындасты, апа-жеңге, келінді,
Асыл жарың, қызың — құндыз жағаңды.
Ақындық жыр-жүректе не тұнғанын,
Қайдан ғана ұғынсын соқыр көңіл?!.
«Оймақтай ойларым»
Оқымай білімді боламын дегендер,
Суды тормен ұстағысы келгендер.
«Оймақтай ойларым»
Сыйлай білсе құлымын сыйлағанның,
Сыйдан бөлек дүние жимағанмын.
Сыйы ерек бауырым былай тұрсын,
Жамандыққа ешкімді қимағанмын.
(Көңіл кірлегенде)
Сағым сынып кейде көп мұқаламын,
Жапырақтай күздегі жұқарамын.
Жаратқанға қол жайып жалбарына,
Сынағының қайырын құп аламын.
(Көңіл кірлегенде)
Қызғаныштың өрт шашқан күйігінде,
Ақынды ақын жамандап дүйім елге.
Жүр ғой, әттең, сұмырай сезім құшып,
Ал ақиық қалады өз биігінде.
(Көңіл кірлегенде)
Қараймыз қайырылып өткен күнге,
Күнәлардан күйме-көш жеккен пенде.
Кімді пана тұтып ем, кімге пана —
Бола алып ем қиындық өткелдерде.
Өрекпідік өсек пен өрт кеудеге,
Шама жетпей жалғанды төрт күн деуге.
Өткен күннің өтелмес қателігі,
Қанжар-намыс құралын өткірлеуде.
(Көңіл кірлегенде)
Жүреміз өлмейтіндей,
Жұпар гүл сембейтіндей,
Жұлдыздар сөнбейтіндей,
Жан алғыш келмейтіндей,
Бүгінгі өлгендерді,
Өлетіндер көмбейтіндей…
Қайран, дүние-ай…
(Көңіл кірлегенде)
Тірісінде тырналаймыз,
Күншілдікпен кінәлаймыз.
Ғайбат айтып сыртымыздан,
Кешірім де сұрамаймыз.
Жақсылығын жіпке тізіп,
Өлгеннен соң «туралаймыз».
(Көңіл кірлегенде)
Ей, жүрегім, кінә артпа, маған терең
үңіл де,
Қателестім, пендемін ғой, ал сен бірақ
бүлінбе.
Ырық бермей кетесің-ау ақылымды
тыңдамай,
Сол себепті, жаза аламыз оңбастай боп
түбінде.
Сені тыңдап опық жедім талай жерде,
өкіндім,
Саған ренжіп бұйрығыңды тыңдамауға
бекіндім.
Жүрекке әмір жүрмейді деп тілім сайрап
тұрады,
Ал ақылым айран болды, «мен не
үшін жетілдім?»
Қылбұраудан құтылғаны қазақтың,
Тәуелсіздік — баға жетпес, ғажап күн.
Мұзда жанған от-жүректер себепті,
Бүгін міне, еркін жүрмін, азатпын.
Тарттың талай тауқыметін азаптың,
Тарландарға күйе жағып, «тазартты».
Төмен түспес көк байрағы ешқашан,
Тұран жерін тербеткен бек қазақтың!
Жарқырасын жасын болып жұлдызың,
Жамандықтан жырақ болсын ұл-қызың.
Жаратқаннан жіберілген толассыз,
Бек қазағым, үзілмесін дәм-тұзың,
Тәуелсіздік — біз сүйенген тұғырсың!
Жалған өмір тарпаңды жасытады,
Жүгені жоқ есекті тасытады.
Сынағына көнеді сабырлылар,
Ас орнына амалсыз тас жұтады.
Жабырқамай қалай жүрем жалғанда,
Жағымпаздар тамыр жайса бар маңға.
Жаласымен кетіп жатыр жаманның,
Жақсыларым жете алмай арманға.
Жанарымды мұң торлайды ойға бай,
Жақсылықты жүре алман қолдамай.
Жас балаша жаутаңдаймыз өкініп,
Жамандықты жасап алсақ ойламай.
Жалғаншы жабырқатып жасытады,
Жайнатып қайғы жоқтай тасытады.
Жақсы, жаман өткеннен сабақ алып,
Жөн білгенге кештеу бас қасытады…
Жеңдіреміз нәпсімізге, жеңеміз,
Жеңу үшін ізденеміз, желеміз.
Жамандықтың жүзі аулақ болсыншы,
Жар жағаға аман жетсін кемеміз.
Бақыт деген — бар мен жоқты бағалау,
Армандарға аласа деп қарамау.
Қуанышты қайғыменен жамамау,
Ырыс-құтты береке деп саралау,
Таланттыны төрге оздырып, даралау.
Бақыт деген — бауырларды бағалау,
Ағайын мен ауылдасты аралау.
Құда болып қызбен өріс жаңалау,
Ынтымақты босағаңа тағалау,
Тату-тәтті тыныштықты саялау.
Маңдай терсіз байлықтың:
Жүрекке түссе дендейтінін,
Кеудеге маза бермейтінін,
Құлаштап қол сермейтінін,
Обал сауапты білмейтінін,
Кедей-кепшікті көрмейтінін,
Достыққа адал, сенбейтінін,
Өзекке түссе меңдейтінін,
Ажалға қарсы тұра алмай,
Өлімді тіпті жеңбейтінін —
Білсек те қуып жетеміз,
Бұйырса ғана, бақиға,
Ақтықты орап кетеміз.
ӨР АҚТАУДАЙ ЖЫРЛАРЫ БАР
Елемес Серікбай ұлы Қызылқұм өлкесі, Тамды жерінде дүниеге келген. Бұхара қаласындағы медицина оқу орнын бітірген. Көп жыл медицина саласында, Тамды ауданында шығатын «Тамды шаруагері» газ етінде журналист болып қызмет атқарған. Айтулы ақын Өмірзақ Қожамұратовтың 80 жылдығына арналған жыр мүшайраға «Жыр шабандозына» атты өлеңімен қатынасып, жүлделі 2 орынға ие болған. Және осы ауданда өткен жаңа әндер байқауында сөзін де, әуенін де өзі шығарған «Жаңарған өлкем» әні жас әнші Әндіжан қызы Майраның орындауында 2 орынды жеңіп алған Ол 2014 жылы Қазақстанның Қашар кентіне қоныс аударады.Осындағы қазақ хандығының 550 жылдығына арналғана жазба ақындар ай тысында өз інің «Осындай ұлы елім бар» атты толғауы мен қатынасып, бас жүлдені қанжығасы на байлайды. Әкімнің мажақтау грамотасын алуға ерісе ді. Айтуынша жыр жазуына ағасы Әбдірахманның өлең шығара бастауы себеп болған көрінеді. Ол айтады: Бірде өзі жоқта ағам ның өлеңдерін тауып алып оқып. Содан менің де қызығушылығым оянып, өлең жазып көрдім дейді.
Мектеп қабырғасында жүргенде бір сыныптасы бірге оқитын Алтын дейтін қыз ға өлең жазып берші де йді. Бұл өлең шығарып беріпті.Ол бүкіл сыныптағы балалар көз алдында оқиды ғой әлгі өлең шығарушы бала. Сонда бұл қатты ұялыпты.Ел-екеңнің алғашқы газетаға басылған өлеңі өзі жақсы көрген қызына арналыпты. Ағамыз осы өнердің кімге дарығанын жақын уақытқа дейін білмеген. Менің әке-шешем де, Қош тіпті арғы әулетім де жырмен айналыспаған. Мен жақында 96 жасқа келген анамның немере ағасын Шайзында нағашыма сәлем бере бардым. Сонда ол кісінің әкесі айта беретін жыр сүлейлерінің бірі болған екен. Ауыл-ауылды аралап,өнерімен көзге түскен жан болыпты Шайзында ның өзі де өлең жазумен айналысып ты. Мен сонда ғана бұл өнердің нағашымыз дан дарығанын білдім дейді. Елеместің алғашқы жыр жинағы «Жырларым-сырларым» деген атпен Алматыда ғы «Нұрлы әлем шыңы» баспасынан жарық көрсе, екінші кітабы Қостанай қаласындағы «Шапақ» баспаханасында жарық көрген.
Жалынды жыршы түрлі тақырыпта қалам тербетеді. Ол өзінің көптеген өлеңдеріне ән шығарған әуесқой саз гер де, ойларын домбырада орындай біледі. Елемес Серікбай ұлы өз шығармасы «Туған жер» «Сол бір көктем» Тобыл таңы «Бауырларға», Мақтанышым От аным «өлеңіне әндер ар саған. «Туған жер» және «Сол бір көктем» әнін Қалдарбек ӘШІЛОВ орындаса, «Мақтанышым-Отаным» әнін Оңдасын Жанахан орындаған. Ал «Тобыл таңы» әнін Айгүл Абдирахманова орындайды. Ал «Лалагүл» өлеңіне Дәкеш Асанбаев ән жазып,орындары. Қай тақырыпты болса да Елеместің жазғандары тілге жеңіл,жүрекке жылу береді. Жақында Елемес Серікбайұлы на юстиция министрлігі бекіткен «Абырой, Даңқ», «Бірлік» қоғамы тарапынан «Халық құрметі» медалы беріліпті.
ЕЛЕМЕС СЕРІКБАЕВТІҢ ӨЛЕҢДЕРІ
Туған жер
Өр Ақтаудай
шыңдары бар,
Мыңбұлақ тың бұлағы бал.
Әз Шәмшіге ән салдырған
Ақсұлудай қыздары бар
Ей, туған жер,туған жер,
Ардақтап сені сүйеді ел.
Ыстық мекен Тауелібай
Байлығы мол таң қылғандай.
Тамды бұлақ суың мөлдір,
Таңдайына татар балдай.
Сексеуілді қырларың-ай.
Көрінеді шөккен нардай.
Алтынды аймақ асыл өлкем,
Теңесер жер саған қандай.
Қайырмасы:
Әншілер бар Бағиладай.
Ақын да бар Өмірзақтай.
Жан дүниемді баурап алған,
Жыр жазбайын саған қалай.
Сенде өтті жастық шағым,
Мысалы өзің Иран бағым.
Азамат қыпқып мені өсірді,
Аялы ыстық алақаның мені өсірді,
Аялы ыстық алақаның.
Білмеппін
Бақыт деген сен екенсің білмеппін,
Сені көрмей қалай ғана
жүрмекпін,
Сен жоқ жерде қалай енді күлмекпін,
Асылым!
Арман деген сен екенсің білмеппін,
Керегі жоқ сенсіз маған дүрмектің,
Сүюді де өзің маған үйреттің,
Ардағым!
Жұлдыз деген сен екенсің білмеппін,
Сенсіз маған күндізің де түнек тым,
Қан тамыры сен екенсің жүректің,
Аруым!
Шын Перизат сен екенсің білмеппін,
Сөйлей алмай алдыңда тіл күрметтім,
Айтшы қалай ұйықтап көзді ілмекпін,
Арманым!
Жәннат деген сен екенсің білмеппін,
Мен өзіңсіз қалай өмір сүрмекпін,
Жүрегіме жара салып меңдеттің,
Алтыным!
Ата-анаң бар болса
Ата-анаң бар болса егер,
Қолыңдағы гауһарың олар.
Саған жақсы тілегін тілер
Алға ұстайтын «шырағың» солар.
Ата-анаң ырысың,
Сүйенішің,тынысың.
Алсаң егер алғысын-ай, Сәтті бітер жұмысың.
Бала кезден бағып-қақ-
қандар,
Үмітінің шамын жақ
қандар.
Құлыным деп,жарық күнім деп,
Өздеріңді мақтан тұт-
қандар.
Қайырмасы:
Ата-анаға оң көзбен қара,
Көңіліне реніш салма.
Бүгін бар, ертең кім білген,
Тірісінде алып қал
бата.
қайырмасы
Ата-ана құрыш қорғаның,
Тірегің де,қара орманын.
Өміріңе өрнек тоқумен,
Жалғастырған асыл арманын.
ӨЛЕҢІ ӨЗГЕШЕ — ДҮЙСЕНБЕКТІҢ
Көктем кез келген ақынның танымында сұлулық, әдемілік салтанатын құратын мезгіл. Ойыңа қонымды, әдемі өлең оқысаң көңілдің көңілден су ішетіні секілді ғажап бір күй кешесің. Әйгілі Ленардо да Винчи «Живопись – это поэзия, а поэзия – это живопись, которую слышат» деген сөзі жыр Дүйсенбектің бұрындары, жастық шақтарында жазған көктем туралы өлеңін оқысаң, осы айтқандар еріксіз ойға оралады.
Жер ана босанар шақ жеткен кезде,
Шығармыз кеуде тосып өктем желге.
Ақ жаңбырмен аймалап жердің жүзін,
Көктем де келіп қалар күткендерге.
Көктем келер қамықпа, көктем келер,
Жаурағанға күн нұрын көктен төгер.
Мейрімі, шапағаты мол мырза уақыт,
Өсуге талпынғанға жәрдем берер деп келтірсе, тағы «Көктем көріністері» — атты өлеңінде
Сезімге нәр беретін,
Шабыттың кезі келді.
Далама сән беретін,
Еркенің өзі келді.
өлеңнің бірінші шумағының өзінен-ақ Дүйсенбектің өлеңге өзгеше бояу әкелуге ұмтылатынын байқаймыз. Осы жолдардағы «Ерке» деген сөз көктем екені айтпаса да түсінікті. Дүйсенбек көктемді «Ерке» сөзі арқылы беруімен оқырманын елең еткізеді.Бұл жерде көктем сөзін ерке сөзімен алмастырып қолданып отыр.
Жусанның жұпар иісі,
Далама дем береді.
Көк бұта жас арудай,
Майыса тербеледі.
Далаға дем беріп отырған жусанның жұпар иісі болатын болса, сол көктемдегі көк бұтаны самалмен бірге тербеліп тұрған жас аруға теңеп отыр.
«Ұйқастыра білгеннің бәрі ақын емес», дейді Александр Пушкин. Шынында да, солай ғой. Есті оқырман кез келген өлеңнен ұйқастан бөлек адам жадында өшпестей сақталатын өзгешелік іздейді. Соны тапса қуанады.
…Біз үшін асқар тау болған асыл әкеміз өмірі өлмейтіндей көрініп еді-ау… Әкем Үрістем ұлы Жәнібек өз ортасына сыйлы, қадірменді ұстаз еді… Өзекті өртер өкініштісі, өткен шақпен жазып отырғанымда бұл жазбамды дейді Дүйсенбек Жәнібекұлы: «Бала кезімізде көп нәрсені пайымдай бермейді екенбіз ғой. Өзің ер жетіп әке болғаннан кейін, ұл-қызды өмірге әкеліп, оларды тәрбиелеп, үйлендіріп, ұзатқаннан кейін, жасың да ұлғайғанда жан-жағыңа қарап, пайымдып, ақылмен көп нәрсені аңғаруға болатындығын түсінеді екенсің. Әке туралы естелік жазамын деген ой он ұйықтасам да түсіме кірмеген еді ғой. Адалдықты, әділдікті қашанда бірінші орынға қоятын әкем, ешқандай да қақ-соқпен жұмысы болмай адал өмір сүрді. Өзінше бір әлеммен ғұмыр кешті. Байлыққа да, билікке де еш қызықпады. Алланың берген күніне шүкіршілік айтып, қоңыр тіршілік етті. Әділдікті жаны сүйетін еді. Ешкімге қылдай қиянаты жоқ жан еді әкем марқұм. Әке туралы сөз қозғалғанда қатты толғанамын. Асқақ тұлға, асқар тау, мәуелі бәйтерек… Артында ауыз толтырып айтатын ұрпақ қалдырған әкеде арман жоқ болар. Ұрпағы үшін Әке салып кеткен сара жол, әрқашан құс жолындай сайрап жататыны белгілі. Уақыт өткен сайын кезінде мән бермеген сәттер айқындала түседі екен де естелік болып оралып, әке бейнесі көз алдыңда тұрады да қояды» — деп келтіреді ақын Дүйсенбек
Ыстық ау кім-кімге де әке деген,
Суыққа шалындармай мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген демекші . осы өлеңдер шумағын еске түсіргенде Дүйсенбектің әке туралы жазған өлеңі соның айқын дәлеліндей көрінеді:
Еске алсам бала кездің хош уақтарын,
Естілгендей «ұлым» — деп тіл қатқаның.
«Өмірін сепкен дәнім» деуші ең бізді,
Көбейіп, көгеруде ұрпақтарың.
Алдыңа жайып барлық тәуірімді,
Арқаласам деуші едім ауырыңды.
Иіскеп те үлгірмедің өз бағыңнан,
Көктеген немере атты сәуір гүлді.
Аттандың ұлдарыңды сынай да алмай,
Күрсініп тастай тындым жылай да алмай.
Өкінгенмен амал жоқ балаң қалды,
Көп ақыл-кеңесіңді сұрай да алмай.
Тұнық сезім сыйлайтын жазғы таңдай,
От толы келбетіңнен көзімді алмай.
Жалтақтап қайта-қайта қараушы едім,
Мен үшін айтылмаған сөзің бардай.
Шәкіртке арнап барлық білгеніңді,
40 жылдай ұстаз болған өмірің үлгі.
Еңбекпен ат қалдырған өзіңе ұқсап,
Ұлдарың ақтар әке сеніміңді.
Ана – әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. «Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да, қарызыңды өтей алмайсың» — деп бекер айтпаған. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаға қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар. Дүйсенбектің «Анама» деген өлеңін оқып отырсаң, құдіреті күшті, жаны нәзік ананың ақ сүтін тұла бойыңа, өміріңе азық болған алтын қазыққа теңесе, Айдан ақ, судан мөлдір, таудан да биікке теңеп отырған жайы бар. Жер басып жүру үшін өзінің жанын да аямайтындығын, ана болмаса тіршіліктің болмайтындығын көз алдыңа тізіп беріп отыр.
Құдіреті күшті болса да жаны нәзік,
Ақ сүті тұла бойға өмірі азық.
Бір айналмай еш жаққа кете алмайды,
Адамзатқа секілді алтын қазық.
Ана деген аяулы, ардақты аты,
Күннен нұрлы шуақты шапағаты.
Айдан ақ, судан мөлдір, таудан биік,
Балаға деген оның махаббаты.
Баласы жабырқаса оған қайғы,
Жарқылдап күлсе олда жадырайды.
Жер басып жүруі үшін сол баланың,
Өз жанын беруден де тайынбайды.
Көкірегі мәңгілік төзім кені,
Мейірі бала ауырса алғашқы емі.
Дүние асылдардан жаралса да,
Тіршілік ол болмаса болмас та еді.
Ахмет Өмірзақ: «Тектес таланттар бір-біріне ықпал етпей тұрмайды» — деген сұқпатында Өмірзақ Қожамұратов туралы жақсы пікірлер айтқан. Төлеген Айбергенов пен Өмірзақ Қожамұратов бір-біріне жақындығында ғана емес, шығармашылығы ғана емес, тағдырлары да ұқсас деген болатын. Сондықтан болар, кей жағдайда олардың поэзиясындағы ұқсастықтар туралы талас-тартыс болып жатады. Пікірлердің өзі алуан түрлі. Мәселен, ақын Сейфулла Оспанов Өмірзақ Қожамұратов туралы жазған бір мақаласында: «…Төлеген Айбергеновті өз поэзиясына еліктіріп, жақыннан қолтық демеу болған кім дейсіздер ғой. Ол да айқын. Ол – ақын Өмірзақ Қожамұратов еді. Бұл ақынның әлі күнге дейін аты онша шықпай жатыр. Бұл ақынға тән басты-басты қасиетін айтсақ, өз қатары Мұқағалиларға дейін, қала берді осы Төлегендерге көкірегі күрмеліп жүргенде, поэзия алтын сарайының қақпасын айқара ашып берген жан. Өйткені бұл ақынның тұла бойында бір грамм арамдық, бір грамм тұмандылық болмаған, тек әрқашан ашық күндей көңілі болатын. Сол көңілден күннің сәулесіндей шашылған отты жырлар болатын. Тегеурінді сөздердің тепкісінен тап-таза тұғырлы тәкәппарлықтың салқыны емес, самалы есіп тұратын…» деген екен. Өмірзақ Қожамұратовтың өлеңдері туралы көптеген ақын-жазушылар өз пікірлерін айтып, естеліктер қалдырғандығы жөнінде біз, әрине білеміз. Біраз ақындар Өмірзақ Қожамұратовқа арнап өлеңдер жазды. Зейнолла СЕРІКҚАЛИЕВ Мұқағали туралы: «Мұқағали мұрасы, сұлулық үлгісі біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, Мұқағали мұрасы, маржан поэзиясы — болашақ ұрпақтардың да еншісі, қастерлеп-қадірлейтін қазынасы» — деген болатын. Сол сияқты Өмірзақтың өлеңдері де болашақ ұрпақтың қастерлеп – қадірлейтін қазынасы десек, қате айтпаған болар едік. Дүйсенбек өзінің Өмірзақ Қожамұратовқа арнаған өлеңінде керме иық ақынның туған жерін туған анамен теңегендігін, туған жерін жырлаған ақын рухының өзінің туған дала көгінде мәңгілік ұшып жүргендігін, ондай ынтық жырларды қыз Ақтау ешқашан ұмытпастығын, дарынын халқы тығып тұра алмастығын, өзі өскен шағылдың шын алмас екендігін, Өмірзақ сықылды жасампаз ұлын Тауелі ешқашан есінен шығармастығын өлеңінде айқын да дәл көрсете білген.
Туған жерін тең көрген туған анамен,
Шаттығын, шерін бөліскен сезім-санамен.
Керме иық ақын керуендеп көшіп кетсе де,
Тербелген жыры бесікте сәби баламен.
Туған жерді жырлайды көңілмен анық, пәк,
Өмірлі өлеңімен өлмеген ақын Өмірзақ.
Жолбарыстай жүректі, ынтызар ақын рухы,
Туған дала көгінде мәңгі ұшып жүр шарықтап.
Төрінде тұрып аруға шерткен сырлары,
Жауқасын гүлдей жайнатты Қызылқұмдарды.
Дидарын сипап наурызда жауған жаңбырдай,
Қыз Ақтау неге ұмытсын ынтық жырларды.
Секілді бейне шағылдан шыққан шын алмас,
Дарынын халық тұтынбай тығып тұра алмас.
Ұрпаққа арнап үлгілі сөзін қалдырған,
Жасампаз ұлын Тауелі естен шығармас.
ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ НӨМІРІ БІРІНШІ АҚЫНЫ
Қызылқұм өлкесі бағзыдан дарын мен талантқа кенде болмаған, өнерлі жандарға өріс беріп, талаптыға қанат бола білген қастерлі мекен. Шешендері шешіле сөйлеп, көсемдері көсілген. Ақындары не бір аламан топта шашасына су жұқтырмай,мойыны өзгеден озық шыққан, қиыннан қиыстырып маржан жыр төккен,сөзден сүбелі ой түзген. Міне осындай дара көрінген дарынды ақынды сөз еткенде, даланың дара тұлғасы Наурызбай ақынды біз тілге тиек етсек болады. Ол бүгінде тек Қызылқұм өңірі емес Бүкіл Өзбекстан мен Қазақстанға аты мәлім ақын десек те артық болмас.
Ақын Наурызбай Жарбосынұлы Қожахмет 1970 Өзбекстан Республикасы, Науайы облысы, Кенимех ауданына қарасты Қызылқұдық ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі Жарбосын елдегі беделді жырау болған кісі екен,өмірден ертерек озған. Анасы Гүлзада Көшерқызы елдің ардақты анасы,қолы өнерлі,айналасына қадірлі шебер–ісмер жан екен. Ал, Наурызбайдың арғы бабасы — Сыр өңіріне мәлім атақты Баубек би.
Баубек би Наурызбайдың алтыншы бабасы екен. Шежіре бойынша сөйлетсек: Сәмет-Тұрсын,(Олжатай)-Баубек-Тілеп-Сарыбай-Бүркітбай-(Айғара),Қожахмет-Жарбосын-Наурызбай.
Наурызбай ақын да өз жырында :
Өнеге сөзді өрнек түй,
Біліммен ұмтыл кемелге.
Бабамыз біздің Баубек би,
Тамырын тартқан тереңге-
деп би бабасын өрнек етеді.
Сөз киесін өзіне қанат тұтып,
кішкентай кезінен әдеби кітаптарға, жыр-дастандарға құмар боп өскен ол мектеп қабырғасында там-тұмдап өлең шығара бастапты,бірақ оны сыр тұтқан.
Наурызбайдың нағыз ақындық жолға түсуі 90-жылдардың бастапқы кезеңі екен. Осы жылдары ол Алматыдағы ҚазМҰУ оқу орнының журналистика факультетіне оқу бастайды. Оқу орнын 1997 жылы бітірген. Алғашқы өлеңдері аудандық газетке жарияланған мектептегі шәкіртеріне арнау жыры екен. Көп ұзамай аудандық «Кенимех таңы» газетіне «Жоғалған бұлақ» атты топтама жырлары жарияланған. Жақсы жырға жұрт бәйге берген. Әбдігаппар ақын жас дарынға жолын ұсынып, Айтоты ақын батасын беріпті со жолы. Осыдан соң Наурызбайдың аламан топтардағы шабысы ұйытқып, жүлделі орындарды иелеп, атағы шыға бастаған. Халықаралық ақындар мүшәйрасына жиі шақырлып, өз елінің атағын шығаруға да зор үлесін қоса түседі. «Жоғалған бұлақ» атты жыр кітабына белгілі ақын М.Омарұлы «Жыр пырағы» деп алғысөз жазса, қызылқұмдық журналист Ш.Әбдісаматов «Тұлпар ақын» деп Наурызбай жайлы республикалық «Нұрлы жол» газетінде мақала жариялады. Шындығында да Наурызбай бұл күндегі қызылқұмның жүйрік ақыны. Жүйріктігі сол халықаралық мүшәйралар да атағы көпке мәлім ақындармен иығы тең түсіп жүр. Оның 2020 жылы Астана қаласында өткен халықаралық мүшәйрада «Сұлтанбек Қожанов»,ал 2020 жылы «АБАЙ АРМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІ »атты мүшәйрада Ілияс Жансүгіров атындағы сыйлықтарды жеңіп алуы да сөзімізге айғақтай түседі. Тіпті, былтырғы (2023 жылы, желтоқсан) Алматыда М.Жұмабаевтың 130 жылдығына орай өткізілген «ТҰРАН ТҰЛҒАСЫ» атты халықаралық мүшәйрада Нәзір Төреқұлов атындағы жүлдеге
ие болуы да ақындық қуаттылығының арқасы болса керек.
Наурызбай ақынның өлеңдері ән болып тарап жүргені де сыр емес. Ақынның өлеңдеріне қызылқұмдық сазгерлері М.Үрметов, Ә.Жанахановтар ән жазған. Қазақтың белгілі композиторы Марат Омаров та Наурызбайдың өлеңіне ән жазған. Ол-«Тілеп баба» атты ән. Ал енді Наурызбай мен қызылқұмдық белгілі сазгер Марат Үрметовтың арасындағы ортақ шығармашылық байланыс сол 90 жылдардың орта тұсынан басталған.Ақынның көптеген өлеңдеріне Марат ән жазған. Екеуінің бірінші жазған әні—қазіргі күндегі қызылқұмның гимніне айналған әйгілі «Тауелібай» әні. Әннің туылуы жайлы ақын былай дейді. «Қызылқұм өңірін, жалпы Тауелібай аймағын жырға қосып дәріптеуге арналған ән жазамыз деп М.Үрметов қозғау салып, соған сөз қажетсінгенде, ауданның белгілі қаламгері Қали Жолдасов «сөзін Наурызбайға жаздыр» деп ой салыпты. Содан Мәкең мені шақырып, осылай әнге сөз керек деп, маған ұсыныс айтты, мен келістім дейді. Тауелібай жайлы деректер жинап, белгілі тұлғаларды да қосуды ойлап қойдым. Үлкен әулиелер, жыраулар,тұлғаларды тізбектеп жаза бастадым. Қып-қызыл құмға тұнған өлкеде дарынды тұлғалар өтті ғой, солардың бірегейі Өмірзақ ақынды жырға қосуым қажет деп ойлағанда, мына шумақтар бірден тізіле қалғаны :
Алтынын баурында тербейтұғын,
Қып-қызыл құмдары бар.
Өмірзақ сияқты өлмейтұғын
Талантты ұлдары бар.
Осы шумақтардан соң өлең сәтті шыға бастады.
Қайырмасына Қанарбай әулие, Гүжімді әулие, Азанұр әулие, даңқты Базар жырауды, әйгілі Әйтеке биді ұсындым. Жалпы осы әнді жазуға екі-үш апта кетті»- дейді ақын. Әннің әртүрлі варианттарын жазып, Маратқа көрсетіп, әнге салдырып, кейбір сөздерді қайта өзгертіп, содан ән туылыпты.
Қазіргі күндегі 4 шумақты «Тауелібай» әні 17 шумақ өлеңнен таңдалған, 3-4 нұсқада өзгеріске түскен екен. Осы «Тауелібай» әні 2010 жылы Үшқұдық қаласында өткен «Домбыра күмбірі» атты облыстық сайыста бас жүлдені иелеген. Жыр жалауын желбіретіп,өлеңмен өңірін өрнектей білген ақын жырлары республикалық қазақ тіліндегі оқулықтарға да енгізілген.
Наурызбай ақындық жайын сөз еткенде, Махамбет, Абай жырларымен жастай сусындап, бертін келе Мұқағали, Төлеген, Өмірзақ өлеңдерінен өрнек алғанын тілге тиек етеді. Сондай-ақ әкеден бойға сіңген ақындық қуат, бабадан тамырда бар тектілік ақын кеудесінде жыр болып бұлқынып,
өлең боп өріле түссе керек. Елде тума таланта деген киелі сөз бар ғой, Наурызбай ақын да тума талант, оның тұла–бойында бабасы Баубек биден,әкесі Жарбосын жыраудан дарыған тектілік тамыры бүлкіл қағып тұр.
Алғашқы жарық көрген «Жоғалған бұлақ» өлеңін қалай туындағаны ақын былай еске алады: «Ауылдың күншығыс бетінде бұлақ бар еді. Жас күнімізде соған жалаң аяқ барып шомылып қайтушы ек,суы толқып, толқып тұратын. Кейін әскерден келгенде сол бұлақ басына барсам, баяғы бала кездегі бұлақ жоқ, суы тартылған, айналасын қамыс басқан,сылдыр суы жоқ. Содан ойға осы өлең шумақтары туа бастады. Көлікпен барып, жаяу қайттым ауылға. 2-3 шақырым жер, ауылға келгенше күбірлеп осы өлеңді тоқып келдім. Үйге жеткен бойда қаламды алып,өлеңді жазып шықтым:
«Біздің мына нүншығыста бұлақ бар,
Жағасында жырға толы құрақ бар.
Күміс суын сылдыр қағып толқытқан,
Сұлулықтың құшағына құлап қал!»
Ия, өлеңді былай аяқтаппын:
…Сол бір кәусар бұлақпенен қоса мен
Алғандаймын бала күнді жоғалтып.»
«Ой сүзгісінен үзіліп, жан-дүниеңді толқытып, жүректен шымырлап шыққан өлең—нағыз өлең»-дейді ақын. «Өлеңді ақын емес, жүрек жазу керек»-дейді тағы қосып. Өмірді өлеңмен өрнек етіп жүрген ақын ініміз расында жүрегімен жырлап келеді. Әр түрлі тақырыптардағы өлеңдері де жұрт жүрегін жаулай түседі. «Дала ұлымын», «Жоғалған бұлақ» атты жыр кітаптарының авторы. Сондай-ақ ол 2022 жылы Өзбекстан Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданды. Қызылқұмның бел төсінде шамырқанған ақын қай кезеңде де шабытты шағынан тайғаны жоқ. Жыр додаларында топ жарып, ел атағын шығарып, көш бастап келеді. Даңқты Базар жыраудың 180 жылдығына арнап өткізілген(2021 жылы)Қызылқұм өңірі, Тамды еліндегі мүшәйрада жырау рухын айбындатып бас жүлдені иеледі шабытты ақынымыз. Басқасы басқа жоғарыда айтқан М.Жұмабаевтың 130 жылдығына арнап жазған «Мағжан» атты топтама жырлары да жоғары бағаланғаны, «Н.Төреқұлов» сыйлығына ие болғаны да—ақынның топтан озған жүйріктігінің бір көрінісі. Наурызбай ақын жайлы бұл мақаламызды да «Қызылқұмның нөмірі бірінші ақыны» деуіміздің де жөні осы. «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» шығып отырған ақынымызды осылай дәріптесек жарасар.Ақындарды тірісінде бағалайық,бауырлар.
Қызылұмның тұлпар ақыны Наурызбай інімізге «Шабытыңнан жаңылма,ақыным!» деп қорытындылаймын сөзімді.
ТАҢДАЙЫНА ТӘТТІ СӨЗ ТҮСІРГЕН АЛЛАҺ
ҚЫЗЫЛҚҰМ өңірінің жырларының қатарынан өз орны бар “Көңіл қоңырауы” өлеңдер жинағы, мен “Қазыналы білім ошағы” атты тарихи танымды атты екі кітабының жерлестеріміздің қолына тигеніне біраз уақыт болды. Кейін балаларға арналған “Ынта” топтамасы жарық көрді. Сондай-ақ “Кенимехтың таланттар тартуы” атты ұжымдық жинағын құрастырып шығарған Халықаралық және Республикалық мүшәйралардың жүлдегері,шығармалары Өзбекстанмен Қазақстанда жарық көріп келе жатқан,ақын,журналист бүгінгі біздің qyzylqym.kz сайтының қонағы Жарасқан Ишанбекұлы Мырзамұратов.
Жарасқан Ишанбекұлын біреу білсе-біреу біле бермесе керек дегенмен жерлесімізді Фейсбук тен өлеңдерімен тез тауып алуға болады. Мен осылай таныстым. Солай етіп Жарасқан Мырзамұратовтың ақындық жолын,ақындығын сезіну үшін,таңдайына тәтті сөз түсірген Алла Тағаланың құдыретін көрсету үмітпен поэзияға қызығатын жерлестеріміздің назарына осы qyzylqum.kz сайтында ұсынуды жөн көрдік.
Мырзамұратов Жарасхан Ишанбекұлы Науайы облысы, Канимех ауданы, Преке ауылында дүниеге келген. Бала күнінен әдебиетке,поэзияға құштар болып өсті. Ең бастысы,өлеңді мәнерлеп оқуды жақсы көріп,байқауларға қатынасып,жыр жазуға талпынып өсті. Мектепте оқып жүріп журналистік кәсіпке қызығушылығы артып Шымкенттің Қазақстан Халықтар Достығы университетінің филология бөліміне оқуға түсіп оны 2010 жылы аяқтаған. Дипломды жас маман еңбек жолын Кенимех ауданының өзі өскен өңірде Жаңақазған ауылындағы қазақ мектебінде қазақ тіл және әдебиет пәні оқытушысы болып бастаған. Ұстаздық ете жүріп өлеңдер жазып,жырлары Өзбекстан және Қазақстан Республикалық басылымдарда жарық көріп келген. Жастайымнан қызықтырған, армандаған журналистика саласында қызмет етуден күдер үзбейтін едім,- дейді Жарасқан Ишанбекұлы. Солай етіп жүріп “ Кенимех таңы” үнқағазына тілші,әдеби қызметкер болып жұмысқа орналасқанын еске алады. Сол журналистік қызметі әлі күнге дейін жалғасып келеді. Осы үнқағазда тынымсыз жұмыс істеп,шығармашықпен айналысып,қазір біз ақын деп танимыз. Ауданда жыр сүйер қауымды әртүрлі кездесулерде жоспарларыммен бөлісіп,жаңа шығармаларыммен таныстырып отырамын — дейді жерлес ақынымыз.Міне бүгін Сіздерді qyzylqum.kz сайтында жыр сүйер қауымға ізгілік жырларын сыйлаған,дарынды ақынымыздың таңдайына тәтті сөз түсірген Алла Тағаланың пендесінің қаншалықты дәрежеде ойын еркін жеткізе алғанын,ашыла алғанын оны мына төмендегі жырларынан айқындап білесіздер.
МЫРЗАМҰРАТОВ ЖАРАСХАН ИШАНБЕК ҰЛЫНЫҢ ӨЛЕҢДЕРІ
Халқыма қарыздармын
Уақыт үнтаяқты ұсынғанда
Таңдайыма тəтті сөз түсірді Алла!
Тарихтың қойнауынан сыр ақтарып,
Жазғаным:
Ерен елім үшін ғана.
Түйіссе сауатым мен өнерім дөп
Шабытым тұлпарына сенемін бек.
Не бердім!
Мен халқыма қарыздармын
Алғанға сай,
Əлі алда берерім көп.
Саяздық,
Көрсоқырлық-ұмытқаным.
Парасат — кілт ашар ой құлыптарын.
Ойламасам ертеңім тұманданар;
Ел қамын,
Ерім қамын,
Ұлық қамын.
Аталы сөз естісем тұщынамын.
Қарымтасын қайтара алмай
Қысыламын.
Біреу маған екі түрлі көзе ұсынса;
Уын ішіп, жұртқа бал ұсынамын.
Арт, халқым!
Көтеремін ғалам жүгін.
Үйірімнен адассам —
Қараң күнім.
Өмірде сардарларым деп білемін —
Өр шындық,
Қайсар мінез,
Адалдығым…
ДАРЫН ДЕГЕН — ҚҰДІРЕТ ҚОЙ, ЖЕРДЕГІ
Тұлпар болып қақыратар кермені,
Дарын деген — құдірет қой,жердегі!
Қиялына қанат біткен сəтте-ақ,
Екпін ата құлашын кең сермеді.
Арқаланса от ұшқындап жанары,
Қаламынан бал да, зəр де тамады.
Күллі жаһан — əйдік жолға толассыз,
Маңдай тер мен жүрек қаны ағады.
Қызықтырмас жанын атақ, жалған бақ,
Мансабыңды жүрген де жоқ армандап.
Жыр жолында бөгет болса қамал мен
Тау — тасыңды кетеді ол талқандап.
Күмбірлеген кеудесі — алтын,
Сөзі — азық.
Талай — талай хас таланттар тозды азып…
Ардақ тұтып, Аспантауға көтеру —
Білсең бақыт, қалмай жатып көз жазып?.
Тұлпар сынды қақыратар кермені,
Ақынның сен, өлең деме ермегі.
Ай — жұлдызды суреттеген ойменен,
Дарын деген-құдірет қой , жердегі!
Беу, оқырман!
Беу,оқырман!
Тартып мықтап тартпасын—
Өздеріңе бұрдым бүгін ат басын.
Сөздеріңе құлақ түрдім,талқыла—
Ықласыңның ашып тастап қақпасын!
Əділдікті айт!
Жарқылдатқан қылышын.
Бас — садаға.Олқы болса жыр үшін.
Керек емес,бос қолпаштау,қолтықтау,
Керек маған:Майқы би сын — ұлы сын.
Халық сыны,халық үні — оттырақ.
Тұщымды сөз естір одан көп құлақ.
Табанды ұрып,тарпаңдайын тұрыппын,
Тулап қаным,жүрегімді соққылап.
Көп кідірдің…
Емес сезем жай қарау.
Игі сөзің құяды кеп бойға алау.
Айт,төрешім,қарама еш көңілге—
Көкке көтер немесе жық жарға анау!
Мінімді айт,
Сыныңды да тақ маған.
(Мен бүлінсем бүлінейін…
Пəк—қоғам…)
Көктен анау құлдилатып төменге,
Қыран құсым балапанын баптаған.
Хайуанатханада
Қан тілеген қаңтардай қаһарлана,
Арыстан булығады заһар тама…
Орманда озбырлығын танытумен,
Аталған аты шулы қаһан дара.
Қарайтұғын түрі жоқ қымсынып бір.
Шыбын ғұрлы көрмейді мың шыбықты ұр.
Жоталы жолбарысың жолақ жолдай,
Отты көзбен қарайды құлшынып бір.
Селебеге селт етпей,сыныңнан мың,
Өтіп кетер,көрдің бе,бұрылғанын?
Қасқырда қулық басым,сұмдық-сойқан,
Керек болса,тісін ой,ырымдағын.
Бастарына зор нəубет төніп тұрып,
Қияуметті күніге көріп тұрып.
Бағынбайды батырдай,Қадырша айтсам:
-О,мықтылық!
Күлкіңді маған сыйға бер…
Бал күлкінің естілгенде сыңғыры,
Жүрегімнің қауыз ашты мың гүлі.
Күлкісі ару өнбойыңды жылытса,
Бақытына баламайды кім мұны.
Тым биязы,үлгі тұтқан шешені,
Бір жылылық күлкісінен еседі.
«Қыз өспей ме,көкіректі теспей ме?»
Қалың елім,дəл осылай деседі.
Қыз дегенің — өсер гүл ғой көктемде,
Бой түзейді, ой түзейді деп-демде.
Қызғанасың,сызданасың соққан жел,
Саусағымен шашын сипап өткенде.
Қасы — жарты Ай, Бойы сұңғақ, Бек сұлу.
Құйғаны-ай өне бойға тек жылу.
Қиын емес қымсынбай барсаң қасына,
Жанарынан жалындаған отты ұғу.
Қас қақпадым. Ол да əлдене сезеді.
Мөлдіретті мендік көңіл көзені. Бұйымтай не?
Күлкіңді маған сыйға бер?…-
Дедім сөздің келген кезде кезегі.
Бал күлкінің тағы естілді сыңғыры,
Жүрегімнің қарқындады күмбірі.
Ол күлкіге иігенде бар тамыр,
Бақытым деп санамайды кім мұны.
ҰЛТЖАНДЫ АҚЫН
Есболов Ғани Ахметұлы ӨзССР-і, Науайи облысы, Тамды ауданы (бұрынғы Ең бек Қызыл Ту Орденді В. И.Ленин атындағы совхозда) 1976 жылы 19-наурызда дүниеге келді. Бала жасынан өлең жазуға әуестенген. Солтүстік Қазақстан об лысы Айыртау ауданының «Айыртау таңы» газетінде өлеңдері мен мақалала ры жарық көрген. Онлайн ақындар мүшайрасының алғыс хатымен марапат талған. Теміртау қаласы Тұңғыш Президент музейі ұйымдастырған іс-шаралар дан бірнеше алғыс хаттар алған. Сонымен қатар өзінің және басқа ақындардың сөзіне жазылған бірнеше әні бар. Қазіргі кезде Теміртау қаласынының Бауыр жан Момышұлы атындағы мектеп-лицейінде мұғалім болып жұмыс істейді.
Майлықожа Сұлтанқожа ұлының: «Ақынның анық жүйрігі, Жөнелсе сөзге шарқ ұрып. Айтқан сайын қадамы, Қадала түссе артылып», — деп жырлағандай Ғани дың өлеңдерін оқып оты қау етеді. Ақынның өлең дерінің астарында ұлтжанды рып, ақынның жастардың келешегіне алаңдауын, ана тілімізге деген жанашырлы ғын, туған жерге, анасына, Отанға деген сүйіспеншілігін көруімізге болады, сонымен бірге қоғамдағы кейбір ке леңсіздіктерді қаламына ар екендігін аңғаруға болады, өлеңдерінде адамның ғұмы ры мен тағдыры айтылады. Ғаниға келешекте қаламың ешқашан мұқалмасын, хал қың, оқырманың сүйіп оқи тын өлеңдерің көбейе берсін демекпін.
Қашан туар
Азаматың ту алар?!.
Білім мен білік далбаса,
Өмірде жолың болмаса.
Адалдығың көк тиын,
Шибөрілер жалмаса.
Өреге баспас ақиқат,
Жағымпазды қолдаса.
Аламаннан не қызық
Есектен тұлпар озбаса.
Қор болады кəтеп нар,
Қазықта тұрып боздаса.
Ол да бір бақыт екен ғой,
Жаныңдағы серігің,
Аяққа тұзақ салмаса.
Ақындықтан не пайда,
Ақиқатты жазбаса.
Арманым еді Алашым,
Азаматым азбаса.
Орындалмас бəрібір,
Тілерім тек Тəңірден,
Адамдығым тозбаса!..
* * *
Хас жақсыда ешқашан қас болмайды,
Хас жүйріктің жолында тас болмайды.
Шала адам сəл нəрсені сылтауратар,
Хас дарында межелі жас болмайды.
Түйені түгіменен жұтса дағы,
Мешкейдің өңешіне ас толмайды.
Саны бар да сапа жоқ шала сауат,
Өңкей қиқым жиылып бас болмайды.
Ерке қыз екі көзін бұласа да,
Көкейінде ешқашан жас болмайды.
Дүние астан-кестен болса дағы,
Жылпостар ешқашанда аш болмайды.
Өзің болып, толсаң да екі дүние,
Елім десең арылмас бастан қайғы.
Елең етпес елі үшін ешқашанда,
Хас жаманға мал бітсе аспандайды.
Сөз алысып кикілжің болғанменен,
Жақсының көңілінде тат болмайды.
Жастайыңнан ел үшін беліңді бу,
Дөненінде ақсаған ат болмайды.
Тең құрбы, аға-інімен сыйласып өт,
Сөзінде тұрған жігіт мат болмайды.
Жастарым тату бол деп Ғани ағаң,
Болашаққа алаңдап хат жолдайды.
* * *
Жасымағын, жабықпа, жалындағын,
Жүрегіңде білемін жалын барын.
Жапанда жалғыз қалсаң Жезкиіктей,
Жаутаңдап жамандарға жалынбағын!
Жаным-ау, жырың бөлек, сырың бөлек,
Жалғанда жақсылардан қырың бөлек. Жиылса жайсаңдары жер-жаһанның, Жанартаудай жүрегің өрең бөлек!!!Жалғаншы жабырқатып жасытады, Жайнатып қайғы жоқтай тасытады. Жақсы, жаман өткеннен сабақ алып, Жөн білгенге кештеу бас қасытады. Жалған тұрар жақсы менен жаманнан, Жалғасады жүз ғасырлық заманнан. Жүрегіңе жақын алма барлығын, Жаңсақтық та қалған хауа адамнан!
* * *
Аузынан жырып берер бауыры үшін,
Жүрегің неткен дархан жалынды шын.
Ініңе күлімдейсің шуақ төге,
Сыртың əппақ, болса да жалын ішің.
Бауырмал жан бар ма екен əпкеңнен,
Жомарттығы асып кетер кейде əкеңнен.
Інісін тастамайды ол ешқашанда,
Ажал буып тұрса да өңменінен!
Адалым, аңқылдағым əпкелерім,
Таусылмас бауырыңа ап келерің.
Жалғыздықты сездірмес бұл жалғанда,
Əкемдей, Ақ анамдай еркелерім!!!
Куə болған бақытты кездеріме,
Жымиған қисық, қыңыр сөздеріме.
Аздық етер ескерткіш əр қалаға,
Жақұттан қойсам жаным өздеріңе!!!
Бесеуің толтырар ең үйді нұрға,
Гүл теруге шығушы ек талай қырға.
Кеттіңдер тағдыр айдап шартарапқа,
Сағынып толып отыр ішім жырға!
* * *
Өмірде мынау қайғы келсе басыңа,
Шүкірлік етіп алға бас еш жасыма.
Дұшпаннан соң өлейін деген қазағым,
Пенденің мынау не келмес дейсің басына.
Жалғанда мынау жақсыны жиғын қасыңа,
Адалдан болса береке кірер асыңа.
Жолың болып жетілсең өзің болғандай,
Төрт күнгі баққа көкірек керіп тасыма!
Қарада да, ханда да бар бір арман,
Батыр мен бек те жете алмай жүр арман.
Кемді күнгі кемшілікке күйзелме,
Кімнен қалмас өте шығар бұл жалған!..
* * *
Отқа түсер сен үшін ана деген,
Түсінсе ғой соны шіркін бала деген!…
Жер бетінде болса егер құдірет,
Сол құдірет шынымен Ана дер ем!
Əрбір шашы жұмақ нұрдан нəр алған,
Бұл дүниеге сенің үшін жаралған.
Бұл жалғанда болса егер мейірім,
Соның ғазиз жүрегінен таралған.
Бар өмірін арнар жалғыз балаға,
Тəрбие мен тəлім құяр санаға.
Екі дүние бағын көрем десең сен,
О, адамзат басыңды и анаға!!!
* * *
Жан анам, жалғыз досым жалғанда,
Екі əлемде саған жетер жан бар ма?!
Тілеуқорым əппақ жүрек періштем,
Мүлгір дүние сені əніме салғанда.
Менің үшін түн ұйқыңды бөлгенің,
Мен ауырсам бүкіл əулие тербедің.
Теңеу таппай жаман қара балаңа,
Əлемдегі асыл сөзді тергенің.
Жеті қабат көктен биік талғамың,
Біз жетілсек еді, барлық арманың.
Табаныма кірген шөгір, тікенді,
Батады деп тіліңменен алғаның.
Жабы болдық қойға ерген.
Арман едік…
Бір адамдай сынады ғой тағдырың,
Тіке тұрып көтердің-ау барлығын.
Неткен дархан, неткен ұлы жүрегің,
Сездірмедің бұл жалғанның зар мұңын.
Бұл жалғанда жалғыз ғана тірегім,
Қисық кетсем аямадың түзедің.
Қолдан келер жалғыз ғана қолдауым,
Екі дүние бағын бер деп тіледім…
АДАМ БОП КЕТУ АРМАНЫМ
Өмірдің жолы бұралаң,
Не түрлі онда жүр адам.
Жер бетіндегі тіршілік,
Қаншама тағдыр құраған.
Асқақтаған арқырап,
Сүрініп талай құлаған.
Өктемсіген өр кеуде,
Оңаша жерде жылаған.
Аңқылдаған ақ көкірек,
Бармақтай бақ сұраған.
Арамдар жүр армандап,
Бар нəрседен дін аман.
Сыпайы жүр білдірмей,
Сұлулап сыртын сылаған.
Жолы болмай жақсы жүр,
Көзінің жасын бұлаған.
Топырлаған топ жаман,
Бір жақсыны сынаған.
Надан жүр бақ базарда,
Қылығы жоқ жанға ұнаған.
Бақтан бас тартса мың адам,
Бақ іздеп жүр бір адам.
Ұсақталып адамзат,
Пысқырмай жүр ірі адам.
Адам боп келдім жалғанға,
Адам боп кету Арманым,
Басқа бір бақыт сұраман!!!
* * *
Мен дария болсам шіркін тасар едім,
Асқаралы Бұланайдан(Гималай) асар едім.
Сусаған, шөліркеген бүкіл елге,
Ертегідей Иранбағын жасар едім.
Мен жұлдыз болсам шіркін ағар едім,
Бақытын əр адамның жағар едім.
Енді ғана қосылған жас жұбайдың,
Тік тұрғанша қас-қабағын бағар едім.
Мен күн болсам əлемге нұр төгер едім,
Барымды игілікке берер едім.
Адамзаттың тыныштығын бұзғандардың,
Жүрегіне иман нұрын себер едім.
Мен түн болсам тыныштық күзетер ем,
Қара ниет ойларын түзетер ем.
Ғашықтарды ажырамас мəңгілікке,
Махаббат бесігінде тербетер ем.
Мен нан болсам əлемді тойдырар ем,
Жылауын əр сəбидің қойдырар ем.
Ашаршылық орнатқан қаныпезерді,
Қалдырмай жер бетінен жойдырар ем.
* * *
Тілегімді берсе адам боп қалар едім,
Əр адамды бауырыма балар едім.
Арманым көп Алаш…
Арлан едік….
Төбет болдық қораға үрген,
Тарлан едік….
Ғасырда бір түлеген,
Тобыр болдық….
Өз жерінде жүдеген
Күндер қайда?!…
Əлемді түгел билеген,
Түндер қайда?!….
Ұйқыны мүлде білмеген.
Жылдар қайда?!…
Жауды жықпай күлмеген,
Заманым қайда?!…
Дұшпанды көзге ілмеген?!!!
Аналар қайда?!…
Бесікте ұлын баптаған,
Даналар қайда?!…
Намыс пен жерін сатпаған.
Ұлылар қайда?!…
Ұрпағын ұлы сақтаған,
Ұлдарың қайда?!…
Елім деп тыныш жатпаған!!!
Қыздарың қайда?!….
Үмітін елдің ақтаған….
Келінің қайда!….
Арымен есік аттаған,
Ұрпағың қайда?!….
Ұлының сөзін жаттаған!!!
Ұлылардың ұрпағы бүгін азғындап,
Бауырын ғана даттаған!!!
Алашымның ары қайда, Ағайын?!…
Дүбара тіл мен дүдімал діндер қаптаған.
Айтпағанды айтты дейді жалақор,
Қостайды оны араны ашық парақор.
Не боп барады мына қоғам беймəлім,
Тек жүргенді көре алмайды бəлеқор.
Сəл сүрінсе ары таза бір адам,
Қара күйе жағар оған мың адам.
Жағдайынан хабар алмай өзінің,
Үлкен-кіші жабыла оны сынаған.
Ал өздері періштедей бар күнəдан дін аман…
Ал бəйгені əрқашанда қу алар,
Өзіндейлер қол шапаттап қуанар.
Шибөрідей жабылсаңдар жақсыға,
Қашан туар Азаматың ту алар?!…
Бұл дүниеден сен де, мен де өтерміз,
Жете алмай армандарға кетерміз.
Ұлы Бабам аңсап кеткен Мəңгі елге,
Айтыңдаршы қайда, қашан жетерміз?!…
* * *
Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,
Өкінем ұқсата алмай келемін деп.
(Қасым Аманжолов)
Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,
Өкінем ұқсата алмай келемін деп.
Өміршең өлеңімді өлтірмес деп,
Өскелең ұрпағыма сенемін тек.
Өмірдің көбі кетіп азы қалды,
Өкінтер елесімен жазы қалды.
Өндершегім атамыз айтыпты деп,
Өлмейтін құлағымда сазы қалды…
Өмірдің өкінтпестей берген сыйға,
Өлеңді өнеге етіп жидым бойға.
Өнерде өшпестей із қалмаса да,
Өмірде көргенімді хатқа тіздім,
Өресін өлшеп жүрдім мың мен жүздің.
Өрісімді тарылтса да өңкей надан,
Өспесем де өршелене өрге жүздім!
Өнерлі жас бір-біріңді шалма аяқтан,
Өз-өзіңді жаттай сыйла құрмай қақпан.
Өте шығар жалғанда дос-жар арттыр,
Өлмеймін деген жанды ажал тапқан….
Өшпестей өнеге қалдыр ізге,
Өлшеулі өмір берді сіз бен бізге.
Өлдім деп еш өкінбе қалса артыңда,
Өресі кең ұрпақты берсе сізге,
Өнегелі сөздерің кетпес түзге!!!
* * *
Кезімде құлаған,
Бүкіл ел сынаған.
Барымен өзінде,
Қолдаған бір адам.
Кетсе де ел айналып,
Деп сенген дін аман.
Мен үшін тек қана,
Деп тілеп жүр аман.
Көз жасын көлдетіп,
Шынымен жылаған.
Сүрінтпе деп мені,
Алладан сұраған.
Мін тауып жоқ жерден,
Шалғанда мың адам.
Майысып мен үшін,
Демеген бір адам.
Сыйя алмай əлемге,
Кездерде жылаған.
Деп айтқан егілме,
Баяғы бір адам.
Екенін ең қымбат,
Білмеппін сол адам.
Ел үшін бірақ та,
Емес ол дүр адам.
Қасымда, жырақта,
Қолдайтын бір адам.
Дүние тұрғанша,
Болшы сен тек аман,
Қолдайтын бір адам
Сол адам!!!
* * *
Тəңірім адам қылып жаратқасын,
Күніңді надандарға қаратпасын.
Ішіне ине айналмастай пасық қылып,
Жаратқаннан лайым жаратпасын!!!
Бойы тұрған жерінде боғы тұрар,
Қапыда атылатын оғы тұрар.
Досының бағы тайса бір күндері,
Сеніп айтқан сырлары ағытылар.
Жігіттер дос таңдасаң арды таңда,
Адал ниет, жүрегі барды таңда.
Жау қолында қалдырмас қайран сабаз.
Сырласар көз ілдірмей таңды-таңға.
Сол жанға өзің дағы лайық бол.
Мұң теңізден алып шығар қайық бол.
Еділ болып толқыса есі кетіп,
Бірге ағар жанындағы Жайық бол.