ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ ӨНЕРІНІҢ МЕГА ЖОБАСЫ: «МЕРЕКЕ» АНСАМБЛІ.
Эстрадаға электрлік домбыра қосу кімнің ойына келген? Ал, Үшқұдықпен Зарафшан, Алтын Орда-мекенім ….әнінің авторы кім екен? ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ ортасында » МЕРЕКЕ» ансамблін ұйымдастырған кім? Осы үш сұрақтың жауабы біреу — ТОРТАЕВ АЙТБАЙ КЕНЖЕБАЙҰЛЫ — деп жауап береміз. Мен бүгін Сіздерге qyzylqum.kz Сайтында ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ ӨНЕРІНІҢ МЕГА ЖОБАСЫН» жүзеге асырған АЙТБАЙ ТОРТАЕВТЫҢ «МЕРЕКЕ» ансамблі туралы ақпарат беріп отырғаныма өте қуаныштымын.
Бұл МЕГА ЖОБА сонау экономикалық,қаржылық қиын өткен ғасырда дүниеге келді.Өнер ұжымын ұйымдастыру,оның музыкалық сапасының деңгейін көтеру- барлық қиындықты мойынға алған да — АЙТБАЙ КЕНЖЕБАЙҰЛЫ. Өнерге жастарды тарту, музыкалық ұжымды дыбыс күшейткіш аппаратпен тәміндеу мәселесі болуына қарамастан осы проблеманы АЙТБАЙДЫҢ туған жомарт ағасы ХАЛДАН ТОРТАЕВТЫҢ үлкен қаржылай көмегінің арқасында ансамбль аяққа тұрып, ұжымға ат қойылмаяқ гастрольдік турлар жасап, елде өте танымал болды.
Ұжым ауыл жастарынан құралып ансамбльге ат қою мәселесі туындады. Ат қоюдан халық арасында байқау жарияланып, оннан астам ұсыныстардан Алматының студенті Балжан Халданқызының «МЕРЕКЕ» деп атауы көп дауыс жинады. НАУРЫЗ мерекесінен ресми түрде халыққа хабарланып «МЕРЕКЕ» атпен ансамбль сахна төрінен орын алды. Содан міне ширек ғасырдан асып «ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ ӨНЕРІНІҢ МЕГА ЖОБАСЫ»: «МЕРЕКЕ» АНСАМБЛІ ҮШҚҰДЫҚТАН ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ астанасына дейін өздерінің ерекше дарынды екендерін баршаға мойындатты.
Бүгінгі күні «МЕРЕКЕ» ансамблінің бірінші,негізгі құрамының музыкант жігіттері; МҰЗАРАФ ӘНУАРБЕКОВ,АМАНКЕЛДІ МЕРГЕНБАЕВ,БАҚЫТЖАН ӘЛІШОВ,ЕЛАМАН ТІЛЕГЕНОВ,АҚЫЛБЕК АХНИЯЗОВТАР ҚАЗАҚСТАННЫҢ әртүрлі қалаларында,әртүрлі маман иелері болса да өздерінің бірінші болып ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ ӨНЕРІНІҢ МЕГА ЖОБАСЫ «МЕРЕКЕ» ансамбль құрамында қатынасып,жобаны жүзеге асырғанын мақтан етеді. qyzylqum.kz Сайт парақшасында «МЕРЕКЕ» ансамблінің әндерін тыңдауға мүмкіншілік жасалған. Тыңдап демалыңыздар !!!
МУЗЫКА — МОЯ ВТОРАЯ ЖИЗНЬ
Молодёжь и районная аудитория очень хорошо знают Айтбая,как исполнителя казахских народных мелодий на домбре и эстрадных песен. Для того,чтобы ещё узнать Айтбая Тортаева — музыканта и человека,о его взглядах на жизнь,я попросил ответить на мои вопросы. И конечно,он согласился,ведь реклама ему нужна как сегодня,как воздух.
У меня много професий: я и сварщик, и слесарь, и тракторист, работал и чабаном. Одним словом, выполнил казахскую мудрую пословицу, которую дословно перевести не могу,но она звучит так: ”Научись всякому ремеслу”.
А что теперь все профессии разочаровали?
-И вы уже высказались?
— Нет. Мы только начинаем. Понимаете и сейчас есть так называемые налоги. С культурой так обращаться нельзя! Я в последнее время нашёл себе единомышленников. Работа идёт активно. Есть результаты нашей совместной работы. Мы уже написали свои собственные песни и исполняем их на сцене. Они нравятся, и зрителям, и никто не запрещает.
— Неужели нет “ прессингов” сверху?
— Представьте себе,что нет” прессингов”, ноесть лимит! Объясняю: в застойные времена за деньги можно было кое- где,кое- что достать: японские
“Ямахи”,”Касио”,импортные гитары,микрофоны,другие музыкальные инструменты. А сейчас,со вхождением в рыночную систему ни денег,ни аппаратуры. И к тому же всё дорого!Даже отечественная аппаратура. Вот вам лимит.Сейчас мы играем на “ Ямахе”,которую я привёз из Казахстана. Любители музыки знают её качество.На этом инструменте можно сыграть многое,от поп- музыки и рок- н- ролла до фольклора и джаза.
-Айтбай,а что вы поёте?Каков ваш репертуар?Каковы ваши дальнейшие планы?
-Оставаться в статус- кво нельзя,я правильно понял Вас?
— Да- да,оставаться в”прежнем положении” нельзя. И я постоянно пополняю своё музыкальное образование. Слушаю музыку и музыкантов. Не отставать от времени и не догонять,а идти синхронно в мире музыки- это главное в нашей работе.
— Вы играете на свадьбах( тоях).Не повредит ли это вашей репутации?
— Нет. Почему? Вначале мы играли только на свадьбах своих родственников и друзей. Ведь наш ансамбль называется
“ Мереке”,что в переводе означает
“ праздник”. Вот везде мы и стараемся создавать праздник,веселье.
-Что Вы цените больше всего в музыкантах?
-Профессиональность в игре на любых инструментах и в пении. Сам к себе я очень строг. Постоянно репетирую и требую этого от своих ребят. Я как- то спросил у своего друга- музыканта,придирчив ли я к своим музыкантам,на что он мне сказал:” Айтбай,ничего!У тебя есть железная воля,она тебя заменяет всё!” Руководитель без железной воли- ничто. Я в этом убедился. Ведь трудностей масса. А члены моего ансамбля- школьники. И поэтому они должны закаляться во всём. В этом я им помогаю.
— Какую музыку Вы слушете в свободное время?
— Вопрос очень интересный. Какой музыкант не слушает музыку? Я слушаю абсолютно всё; и арию,и оперу,и Патрисию Каас,и “ Ласковый май”, и игру на домбре и разных- разных исполнителей.
— Простите за любопытство,какая у Вас семья?
— Женат. Есть дети,но если спросите,пойдут ли они по моей дороге,то я запрещать не собираюсь. Супруга близкий по духу мне человек и всегда мне помогает,без её поддержки я бы ничего не сделал.
— В каких городах,районах Вы уже побывали с концертами?
— В Тамдынском,Канимехском районах.Недавно побывали в Республике Каракалпакстан. Мы довольны этой встречей. Сейчас ведём переговоры о дальнейших гастролях с отделом культуры. Хотим съездить в Республику Казахстан,пусть нас послушают и посмотрят.
И я,пользуясь случаем,приглашаю на наши концерты всех жителей города Учкудука. Думаю,что все,без исключения,поймут нашу музыку,ведь её язык доступен каждому. Приходите,мы будем рады.
Беседовал А. Шилманов.
Газета” ДОСТЫҚ- ДРУЖБА” .
РИТМ ГИТАРИСТ НАЖМАДИН
Қызылқұмның тағы бір өнерпаздарының бірі ,алғашқы «ДЭУ» атты топты құруға атсалысқан Тамды ,Үшқұдық аудандарына танымал болған Убисов Нажмадин Бахтиярұлы жөнінде сөз қозғап өткенді жөн көрдім.
Нажмадин 27.08.1960 жылы Тамды ауданында туылып өскен. 1967 жылы Ленин атындагы орта мектепке 1 сыныпқа барады. Сол мектеп кабырғасында жүріп әнге деген кызыгушылығы пайда болып, түрлі аспаптарды өзі үйреніп, мектепішілік шараларға қатыса бастайды.
1975 жылдан бастап мектептің атынан жетекші Айжан Телибаева апайларымен аудандық байқауларга, мектептегі шығармашылық топпен бірге ансамбль құрып , өзінің өнерін шыңдай бастайды.
1985 жылы аудандық жол пайдалану мекемесі жанынан ауданның өнерпаз жігіттерімен бірге «ДЭУ» атты вокалдық-аспаптық ансамбль кұрып,сонда ритм гитарада өнер көрсетеді. Сол кездегі ауданымыздың шығармашыл-өнерпаз жігіттерінен 6 /алты/ музыкант-әншілер құрамында;
1.Жусипов Алишбек (жетекші-соло гитара)
2.Қазақбаев Александр (бас гитара)
3.Убисов Нажмадин (ритм гитара)
4.Утегенов Серик ( барабаншы)
5.Жумабаев Міндибай (синтезатор)
6.Назаров Ерхан (орындаушы, әнші)
7.Есболов Бердімурат (орындаушы, әнші) болды.
Осы топпен біргелікте көптеген аудандық байқауларға Қызылқұмның,Тамды, Үшқұдық аудандарында болып жатқан іс-шараларға қатысып көзге түсе бастайды. Кейіннен халық үйлерінде болып жатқан қуаныштармен бөлісу үшін, арнайы «ДЭУ» ансамблін беташар, үйлену тойларына шақырып алғыстарын алып жүрген, халықтың көңілінен шыққан ансамбльдердің бірі болды.
Аудандық мерекелерде, тойларда Нажмадин орыс өзбек,қазақ тілдерінде әндерді орындап жүріп , айтып халық ықыласына бөленген жігіттердің бірі. Жеке орындаган әндері «Каракум», «Московский азарник», «Ол олай», «Люблю цыгана Яна», «Той жыры», «Сәбилер тыныш ұйықтасын», «Жан досым», «Алатау», «Через две зимы», «Бойчечак», «Смуглянка», «Алқардашым», «Махаббат мұңы» және т.б әндерімен ауданға танылған.Сондай-ак мерекелерде Жусипов Алишбекпен дуэт болып әндерді орындап жүрген. Гитараменде домбраменде ән шырқап тыңдаушы көрерменнің жүрегінен орын алып,өзіндік бір стилімен халықты өзіне қарата білген өнерпаз болған.
Әншілік Үбіс аталарынан келген дейді,себебі ол кісі аттың үстінде Қызылқұмда жүріп домбырамен ән айтқанда алыс жерден естілетін болған, және Үбіс келе жатыр деп ауылдастары дауысынан танитын болған.Бұл әңгімені тойларда ән шырқап жүргенде ауылдың үлкен кісілері «Кімнің баласысың дегенде,Үбісов Бахтиярдың баласымын дегенде, эээ Үбіс бабаларыңа ұқсаған екенсің деп айтып отыратын»болған.
Нажмадиннің өзінен басқа туған бауырлары да өнерден кенде емес.Үлкен ағасы Үбісов Рахадин Қызылқұмнан шыққан Қос-жұлдыз,Ақтау,Қызылқұм ансамбдерінде өнер көрсеткен жан-жақты өнерпаз болған жігіттердің бірі болған.Онан басқа Шарай деген апасының дауысы елден ерек,тыңдағанда сылдыр сумен бұлбұл құстың үні естіледі әнінен.Онан басқа Насрадин (Насан) деген інісіде өнерлі азаматтардың бірі ән айтқанда арқасы қозып отыра алмай кетеді. «Үйдегілер Насанды Үбіс аталарына ұқсап кеткен»- дейді Нажмадин.Онан басқа Рая,Замира деген қарындастары мен немере інісі Берекетте ән айтудан кенде қалмаған.
МУЗЫКАЛЬНАЯ СЕМЬЯ
“СЕМЬЯ- ОСНОВА ГОСУДАРСТВА”
Садуахаса Сахи Байхадамова в Кызылкумских краях знают все.С 10 лет он стал петь в школьном ансамбле. В свои сорок лет он обладатель многих призов и почётных грамот от районного масштаба до республики.
В детстве Садуахас Сахи мечтал стать профессиональным певцом,однако не смог. На то были различные причины.Но всё таки,КЫЗЫЛКУМСКИЙ баритон добился многого.А помогали ему стать одним из лучших певцов КЫЗЫЛКУМСКИХ краях его творческие учителя Нурдулла Шахаев,Утеп Тансыкбаев,Календар Бисенбаев,Заркын Менлибаев.
Будущего певца заметил домбрист,певец- жырау Утеп Тансыкбаев.Он сказал,что у этого мальчика прекрасный голос,но только его надо научить грамотно петь. Голос поставили.А Садуахас Сахи нужен был постоянный аккомпаниатор. Эту проблему он решил сам.Взялся за инструмент. Первым инструментом,на котором он научился играть была скрипка. А потом на домбре,баяне,гитаре,а сейчас он может сыграть на “ Ямахе”.
В честь тридцатилетнего творчества Садуахас Сахи Байхадамову в Доме культуры “Союз”, творческая молодёжь отдела культуры учкудукского хокимията организовал бенефис.Песни,частушки,пародии,анекдоты, поздравления и подарки были на этом вечере. Выступали друзья,родственники,сослуживцы,ученики,дети Байхадамова.С ответными словами благодарности в адрес организаторов бенефиса выступил сам юбиляр.
Он сказал: — Я родился и вырос в Тамдынском районе,где не было музыкальной школы. Я не мог получить нотную грамоту. Мои учителя привили мне любовь к музыке. Из- за многих трудностей я не мог профессионального образования. Однако я твёрдо решил,что мои дети обязательно будут учится в музыкальной школе. Две дочери и сын Ерлан играют и поют вместе со мной. И все вместе составляем семейный ансамбль. Поёт и жена Гульшара.
Небольшая спарвка к сказанному.
Садуахас Сахи знает 134 песни только на казахском языке. В его репертуаре казахские народные песни,песни композиторов Казахстана. Кроме казахских песен Садуахас Сахи поёт на русском узбекском, украинском языках. Более 15 кюев исполняет на домбре. Сам сочиняет мелодии на слова казахских поэтов. Семейный ансамбль за последние два года побывал в совхозах Тамдынского района, Мурунтау, Зарафшане,в совхозах Учкудукского района. Сейчас семейный ансамбль готовит новую программу для зрителей. В музыкальной семье Байхадамовых всегда радость, веселье,звучит музыка. А учкудукские зрители всегда рады музыкальной семье. В год семьи семейному ансамблю пожелаем счастья, благополучия и больших творческих успехов. А. Орынбасаров.
“ ДОСТЫҚ- ДРУЖБА” ҮШҚҰДЫҚ АУДАНДЫҚ ГАЗЕТІ. 19-24 қаңтар 1998 жыл. Номері 3( 484).
ЖАҢА МЕКЕННІҢ — «ҰШҚЫНЫ»
Өзбекстан Республикасы Бұхара облысы, Тамды ауданына қарасты Ленин атындағы совхозының Жырыққұдық елді мекенінде«Ұшқын» ансамбілі ұйымдастырылды. (Жырыққұдық елді мекені алдын Аяққұдық совхозының №4 фермасы болатын, 1973-1974 жылдары Алдабергеннің орталығында орналасқан Ленин атындағы совхозды Өгізтаудың баурайына көшірген еді.) 1974 жылдың жаз айы болатын. Біздер сол жерде тұратын азамат Қуатбайұлы Көздібайдың үйіне жиналғанбыз. Жалғасбаев Борис аға, домбырашы, жырау Мықтан аға, Көздібай Қуатбаев, Жүнісов Сапабек Әмірханұлы, Үрістемов Сәндібек Жәнібекұлы, Айса деген азамат, (фамилиясы есімде жоқ), Тамды ауданы орталығындағы Энгельс атындағы орта мектебін бітірген болатын, содан кейін Дәуітов Есен деген азамат болды. Сол жерде отырғанда ансамблге ат қою туралы әңгіме қозғалып, өзіміз білетін бірнеше аттар аталды. Ансамблдің аты «Ұшқын» болсын деген менің ұсынысымды көпшілік мақұлдады. Ол кезде ешқандай да аппаратура деген атымен жоқ болатын. Үш гитара ғана болды, ритм гитара, соло гитара және бас гитара, осы үш гитараны қосып, өзімізше ансамбль ұйымдастырған болдық. Ритм гитарада Борис аға ойнады, соло гитарада өзім ойнадым, ал бас гитарада Сапабек ойнаған болатын. Негізгі айтатын әндеріміз сол кездегі халыққа белгілі эстрада әндері болатын. «Махаббат мұңы», «Қайдасың», «Ауылым сенің іргелі», «Той жыры» т.б. эстрадалық әндер еді. Гитараларға адаптер қосып, оны дыбыс күшейткүшке жалғап тартушы едік, дыбысы әжептәуір шығушы еді, екі микрофонымыз болды. Ансамблді ұйымдастырғаннан соң, екі апта дайындалып, сол ферманың орталығындағы қырқым қораға бірінші концертімізді қойдық. Алғашқы ансамблде өлең айтқандар: Өзіміздің ансамбль мүшелері, Жамантаева Алтын Орынбасарқызы, Түркменбаева Болғанай Алдамжарқызы болатын. Содан соң Ленин атындағы совхоздың орталығына барып Игіліков Қожакелді ағаға жолығып, осындай да осындай «Ұшқын» деген ансамбль құрған едік, сізден қандай жәрдем болады деп сұрадық. Қожакелді аға совхоз басшыларымен сөйлесіп, аппаратура алып беруге жәрдем беретіні туралы айтқанда қатты қуанған болатынбыз. Совхоздың орталық клубында 2 колонка мен 3 микрофон бар екен, ал микрофон қоятын стойкалар ол кезде жоқ болатын, біздер ол микрофон орнықтыратын құрылғыларды қолдан, жуан сымнан жасап, микрофонды ілдіріп қоюшы едік. Солай етіп бірінші концертімізді Ломоносов атындағы орта мектептің спорт залында өткіздік. Сол бұрынғы ансамбль мүшелерімен бірге совхоз орталығында Жұбанова Нағира, Жүнісова Шынар мен Сарбекова Қайыркүл, Гүлбар, Болғанайлар өлең айтты. Содан азғантай тәжірибе жинап, сол совхоздың орталығындағы қысқы клубында да концерт қойдық. Совхоз орталығындағы концертте Сарбекова Гүлзада, Бөриев Жаңабайлар өлең айтқан еді.
Қожакелді ағаның басшылығында көрші Керізбұлақтағы, сол кездегі К. Маркс атындағы совхозына барып, билет бағасы 50 тиыннан концерт қойған болатынбыз. Домбырашы, термеші, жырау Боранов Әлмахан ағаның үйінде болғанда Әлмахан аға ансамблімізді мақтап, жақсы баға бергенде қуанышымызда шек болмады. «Жақсы кісінің жақсылығын айт, мерейі тасысын» дегендей, сол кездегі Боранов Әлмахан ағаның қонақжайлылығы әлі есімде, мені бөле деуші еді, барлық коллективті үйіне шақырып, қонақ етіп жіберді. Ленин совхозына келген кезде де апама, менің шешеме келіп сәлем беріп тұрушы еді.
Қожакелді аға 3 электро гитара, жақсы микрофондар мен екі колонка алып бергізді. «Ұщқын» ансамбіліне аппаратура алғаннан кейін, аппаратураға қарайтын бірінші техникалық бақылаушы Шәкір болатын, одан кейінгі техникалық бақылаушы Шербаев Тоғызбай болды, Тоғызбай көпшіліктің алдында ән айтпағанымен, өзінің әжептәуір дауысымен өзіміздің ортамызда жақсы әндер айтушы еді.
Мен осы «Ұшқын» ансамблінде 1975 жылдың маусым айына дейін ойнадым, сол жылы, яғни 1975 жылы Ташкент қаласындағы РПИРЯиЛ Республикалық педагогикалық институтқа оқуға тустім. Сол 1975 жылдан 1980 жылға дейінгі аралықтағы «Ұшқын» ансамбліне қатысты жағдайларды толықтай айта алмаймын. 1980 жылы институтты бітіріп келгеннен соң, сол Ленин атындағы совхоздың орталығындағы Ломоносов орта мектебіне орыс тілі және әдебиеті пәні бойынша жұмысқа орналастым. Мектеп директоры Айдарбеков Сатыбалды болатын, маған қосымша ретінде ән-күй сабағы мен музыка бойынша үйірме меңгерушілігін қосып берді. Сол жылы қайтадан «Ұшқын» ансамбліне ойнауды қолға алып, одан әрі жалғастырдым және сол ансамблге көркемдік жетекшілік еттім, яғни сол ансамблдің жауапкершілігін өзімнің мойныма алдым. Енді тек қана вокалды инструменталды ансамбль ғана емес, сонымен бірге совхоздың өнерпаздарының қатысуында «Ұшқын» атында көркемөнерпаздар үйірмесі ұйымдастырылды.Сол көркемөнерпаздар ұжымындағы қыздарды биге дайындауда белсенді қызмет көрсеткен қыздардың бірі де бірегейі Күзенбаева Дария Айтуарқызы болатын. Олай дейтін себебім Дария өзіне жүктелген жұмысқа жауапкершілікпен қараушы еді. Әлі есімде қарақалпақша «Айдынлар» әніне би ұйымдастыру кезінде Жырыққұдыққа барып адай ағайындардан қазақша, ұлттық білезік, сақина, шашбауларды, ұлттық жейделер мен көкірекшелерді, көйлектерді сұрап алып келген болатын. «Ұшқын» ансамбліне жаңадан кісілер қосылып, қатарымыз жылдан –жылға көбейіп, кейде ауысып отырды. Таусоғаров Жақсылық аға, Нәбиев Бешінбайлар домбырада керемет күй тартушы еді.
Бердібеков Опабек ағай да домбырада күй тартушы еді. Атемов Әбдімәлік бас гитарада ойнады. 1987 жылы Жүсіпов Бейбіт, Күзембаева Дария, Байымбетов Есқабыл және мен төртеуміз квартет болып өлең айтып, облыстық лауреат аталған едік. Одан басқа жыл сайын аудан орталығындағы өткізілетін байқауларда «Ұшқын» ансамблімен үш жыл қатарынан бірінші орынды иелеген кездеріміз де болған. Облыстық жарысқа барғанда біздермен бірге барған көркемөнерпаздар мүшелері бар еді, олар: жыршы, термеші Мықтан аға, термеші Тасқараев Бейсен, Жұбанов Өтебай, Жүсіпова Индира, Есболова Ғалия, Көшербаева Маржан, Халбаева Ұлбосындар бар еді.
Қуанышов Пахрадин ағаймен біргелікте «Ұшқын» көркемөнерпаздары коллективінің ұйымдастыруымен аудандық байқауға үйлену тойы туралы көріністі апарған едік, қазылар алқасы көрінісімізге жоғары дәрежеде бағасын берген болатын. Түркменбаева Болғанайдың жеке орындаудауындағы әнге қазылар алқасының мүшесі Қарабаев Ескендір мен жюридің басқарушысы Бейсенбаев Календар аға өте жақсы деген баға берген болатын. Сол жылы біздер хормен айтылатын өлеңді де қос дауыста орындаған едік, Календар аға өзінің ризашылығын білдірген еді. Сол хорды қос дауыста орындаудағы еткен еңбегіміз зая кетпегендігіне өзіміз де қатты қуанған болатынбыз.
Бір айта кететін нәрсе сол 1970- 1980 жылдары Қызылқұм өңірінде вокалдық инструменталдық ансамблдер көптеп құрыла бастаған еді.Тек қана Қызылқұм өңірінде емес, менің пайымдауымша бүкіл Кеңестер Одағында ВИА ансамблдер саңырауқұлақтай қаптап кеткен болатын. Олай дейтін себебім біздер РПИРЯиЛ де оқып жүрген кезімізде менің өзім Бақыт деген азаматпен бірге ( Бақыт деген азамат Ташкенттің мәдениет институтында оқитын студент еді) Ташкенттің Калинин атындағы ауданның орталығында (Қазіргі Зәңгіата ауданы) «Рауан» атты ансамбль ұйымдастырған болатынбыз. Сол ансамблдің «Рауан» деп аталуына тікелей себепші болған, сол атты қойған Тамды совхозының тумасы Аширбаев Майрамбек Сақтағанұлы еді. Ташкенттің Калинин ауданы ипподромның жанында орналасқан, Калинин ауданы мәдениет үйінің директоры Қабул ака еді.
Сол себепті болса керек біздің Бұхара облысы Тамды ауданы өңірінде де әрбір совхоздардың орталығында бір-бір ансамблден болды десем қателеспеген болар едім. Сол ансамблдердің бірі болып Ленин совхозы орталығындағы құрылған «Ұшқын» ансамблі мен көркемөнерпаздарының репертуарында қазақша өлеңдер мен қатар орысша, өзбекше, азербайжанша, қарақалпақша өлеңдер айтылған болатын, солай етіп репертуарымыз өзге халықтардың әндерімен толықтырылып отырды. «Ұшқын ансамблі тек қана Керегетау аумағында ғана емес, сонымен бірге Қызылқұм өңіріндегі, Тамды ауданына, бірінші Бұхара облысы одан кейін Науайы облысы өңірінде атағы шығып тұрды десем жаңылыспаған болар едім.
ӘЛМЕННІҢ ӘУЛЕТІНІҢ ӘУЕНДЕРІ-АЙ?!
Тамдыда жасаған Әлмен Базарұлы деген кісі таңдайынан ән тамған,мәңдайының бағы жанған өнерлі кісі болған. Ол кісінің есімін Тауелібай халқы жыр ғып айтады.
Әлмен ақсақалдан 6 ұл, 2 қыз қалған. Сол ұрпақтарының бәріне де өнер дарыпты.Үлкен ұлы Шәмен домбыраның сүйемелдеуімен термелерді төгілтіп,мандолдың көмегімен сазды әндер орындайды.” Ағама жеңгем сай”- зайыбы Несібелі де әнші. Інілері Тайын,Айын, Сайын,Ғайындар заманауи аспаптардың құлағында ойнайды. Тамылжыта салған әндері жүректерге жылы ұялайды. Олардың сапына Әлменнің немерелері Ғазиза,Мәншүк, Ғалым, Мараттар қосылды. Олар жақында Науайы уәлияттық қазақ орталығының жанынан “Әлмен әулеті” атты жанұялық ұлттық — эстрадалық ансамбль түзді. Әлменнің әулеті Тамдыда “Ақтау” ансамблін түзіп,театр ұйымдастырып,оның атын республикаға жайып,өнерді дамытуға үлес қосқан болатын. Кейін жұмыс бабымен Зарафшан, Көкше, Науайы қалаларына ауысты. Қазір әрқайсысы түрлі салада қызмет атқарса да уақыт тауып бас қосып,өнерді дамытып, репертуарларды жаңартып жүр. Мұның өзі өнерге деген құштарлық, әке әруағы алдындағы парызды түсінгендіктен болса керек.
Жақында Науайы шәһарында тау- кен комбинаттары жанындағы ансамбльдер байқауы өтті. Сонда жеке орындаушылар арасында Сайын бірінші орынды, “Әлмен әулеті” жанұялық ансамблі екінші орынды иеледі.
Кейін жанұялық ансамбль осы шәһардағы “Фархад” мәдениет сарайында үлкен концерт қойды. Кенимех ауданы орталығында өткен Әйтеке биге арналған қайырымдылық марафоны күні екі сағат өнер көрсетті. Олар енді Зарафшан, Тамды,Үшқұдық,Нұратаға сапарға шығуды жоспарлап отыр.
Жұртшылық “ Әлменнің әулетінің әуендері- ай?” деп таңдай қағады.
“Олтин диёр” номері 3(10) 1997 жыл,20 март. Өзбекстан халқ демократия партиясы Науайы облысы кеңесінің газетасы.
ӨНЕР АҚТАҢГЕРЛЕРІНІҢ АҚ ОРДАСЫ
Тауелібай деген сөзді есіткенде құлағымызға тамылжыған ән, көк теңіздің екпініндей күмбірлеген күй, сан алуан сарынды, саз-мақамды құдіретті терменің дабысы өнебойымызды шат-шадыманға бөлейді. Өйткені Тауелібай өңірінде әсіресе Тамдыбұлақ жерінде түрлі өнер саңлақтары шығып, әуезді әсем әні, тума қабілетімен дүйім елді сусындатып отырған. Осынау өнер ордасының киелі шаңырағы болған –«Ақтау» ән-би халық ансамбліне ағымдағы жылы мерейлі 50 жыл толып отыр.
Тамдылық өнерпаздардың ынтымақтастығы арқасында 1972 жылы өнердің ұлы көшін тарту әрі халық мұрасын кең етек алдыру мақсатында осы «Ақтау» ән-би халық ансамблі ұйымдастырылды. Осы жылы арамыздағы хас өнер иесі, талантты әнші Зәуре Тәжібаева дүбірлі дода бесінші жастар фестиваліне қатысып қырғыздың халық әні – «Күншығысым» әнін орындап, лауреат атағына ие болып, Құрмет жарлығымен марапатталды. Бұл әрине алғашқы адымның құтты болғандығы еді. Әділқазылар алқасы жоғары баға беріп, ансамбль жетекшісі К.Бейсенбаевқа алғыс айтып, сәлем жолдады.
Тауелібай елінің намыс туы болған бұл «Ақтау» ансамблі одан кейінгі жылдарда да биік белестерден көрініп, бірнеше рет Тамды ауданы абыройын асқақтатты. Мұндай жетістіктер бізге тектен-текке келген жоқ. Бұл өнер айдынында бізден бұрын, бізбен қатар және одан кейінгі уақыттарда халыққа мәдени қызмет көрсеткен өнерпаздар еңбегінің жемісі.
Кең байтақ ауданымыздың шалғайдағы малды ауылдарын аралап, шаруагер қауымын ән-жырға бөлеп, көңілін көтерумен бірге Тамдының өнер өрнегін талай жерге танытқан өнер тарландарының еңбегін бүгінде мақтанышпен тілге тиек етеміз.
«Ақтау» халықтық ән-би ансамблі ұйымдаспастан бұрын Тамды өңірінде көркемөнерпаздар топ түзіп, әнші-биші, күйшілер, жоғарыда айтқанымыздай, елге қызмет еткен, өнерді өрнектеп, бір-бірін жалғастырып отырған. Аудандық Мәдениет үйіне Өтеп аға Таңсықбаевтың шақыруымен келіп, өнер жолымды жәй ғана сырнайшы, мәдениет үйінде автоклуб меңгерушісі болып бастадым. Басқа да түрлі дауазымда осы салада еңбек еттім. Тіпті 40 жыл Мәдениет бөліміне қызмет жасадым. Алдыңғы толқын ағалар – Ө.Таңсықбаев, К.Бейсенбаев, С.Жаманғараев, Ә.Жанахметов ағалардан көп сабақ алдым. Нәтижеде «Өзбекстан мәдениет ағарту ісінің үздігі» атағын алу бақытына қол жеткіздім.
ХХ ғасырдың 60-жылдарының соңында Үшқұдық аудан болып бөлінбеген кезде Тамды ауданы шекарасы мұнан да кең болатын. Малды ауылдарды аралап, жайлау- ларда концерт қойып, көркем фильмдер көрсетіп тұратын едік. Мәдениет бөлімі меңгерушісі Ү.Лепесов, Мәдениет үйі директоры Нүрділлә Айтбаев, көркемдік жетекшісі Ө.Таңсықбаев құрамында Б.Тобажанов, Т.Базаров Б.Есбаева, Ш.Сейтбаева, Д.Қожахметова, З.Ахметова т.б. бар, концерт қойып, одан соң Парахат Шерниязов кинофильм- дер көрсетіп, шаруагерлердің ықласына бөленуші едік. «Ақтау» ән-би халық ансамблінің негізін қалаған марқұм Ө.Таңсықбаев басшылығында жер-жерлерде өнер көрсетуші едік. Далақұдық, Молдиман, Тасқұдық, Тәспен, Шымбай, Алдаберген, Ергеш, Жырық, Құрмантай, Тобықты, Бесбұлақ, Молалы т.б. ферма-ауыл орталықтарын өнермен сусындатып, шаруагерлерді мәз-мейрам етуші едік.
Ұстаз Өтеп аға Таңсықбаев жанында жүрген жас өнерпаздарға өнер жайлы көп әңгімелейтін,үйрететін. Халық алдында өзін қалай ұстау қырлары мен сырларын түсіндіріп, оның қиындықтарына төзуге баулитын. Осынау күндерде мәдени қызмет көрсеткен: Ботагөз Есбаева, Шакида Сейтбаева, Дәмегүл Қожахметова, Зәбен Ахметова сынды әншілердің еңбегі ерекше болатын. Атап айтсақ, Ажарбай Базарбаев, Қалабай Әбдірахманов, Жақсылық Балиманов, Жұмабай Қартбаев,Тұрдымұрат Айтбаев,Әбдібай Әбдіраманов, Ідіріс Дәулетов, Мәлік Жаңаев, Қуаныш Даңбаев, Қыдырмұрат Қарабеков, Серікбай Сағатов т.б. көптеген бас шопандардың отарларында мәдени қызмет көрсеткенбіз.
Уақыт өте көркемөнерпаздардың құрамы жаңарып, толықты. Бұл өнер иелері: Гүлбазар Байқуатова, Дариха Есбаева, Зәуре Тәжібаева, Виталина Усманова, Дөсеке Құланбаев, Шара Матаева, Бағила Мұратова, Нәписа Балабаева, Марита Үмбетбаева, Роза Амандықова, Шәрігүл Түлкіманова, Тыным, Тыныш Құлмырзаевалар тағы басқалар көзге көрінсе, осы құрамдағы елге танымал күйші-Совет Жаманғараев, Әбдімұрат Жанахметов, өнер тобының даңқын одан әрі көтере түсті. Осы орайда әнші, биші, күйшілердің басын қосып, үлкен, жоғарғы деңгейдегі сайыстарға дайындауда «Ақтау» халықтық ән-би ансамблінің жетекшісі Календар аға Бейсенбаевтың да еңбегі орасан зор болды.
Республика астанасы, облыс орталықтарында өткен бірнеше байқауда жүлде алып, қуанышпен оралған, көптің ықыласына бөленіп, алғыс алған Ә.Жанахметов, Ә.Боранов, З.Меңлібаев, М.Омарова, Ә.Сәрінтаев, Б.Мұратова, З.Тәжібаева, Ж.Тәжібаева, Т.Нұрлыбаева тағы басқалар, ұлттық оркестр құрамындағы: Шәкір Жапқараев, Темірхан Ашылов, Елшібек Есжанов, Тұрақбай Жолдыбаев, бишілер: Құлмахан Базаров, Нәписа Балабаева, Шырынкүл Ұзақбаева қазақ өнерін бүкіл елге танытты.
«Ақтау» халықтық ән-би ансамблінің нағыз шырқау биікке көтерілген шағы— жетпісінші жылдардың орта тұсы. Сол кездегі Мәдениет бөлімінің меңгерушісі Парахат Нұрабаев әр істің басында болып, аудан орталығы, совхоздар, тіпті алғаш рет Қарақалпақстан, Түрікменстан, Қазақстан Республикасы елді мекендерін түгел аралап шығу мүмкіндіктері пайда болды. Бұл өнер ұжымының алыс аймаққа гастрольдік сапарлары еді. Оларға мына өнерпаздар: Т.Базаров, Б.Мұратова, Д.Құланбаев, Ш.Түлкіманова, Қыдыр Өтебаев, Сералы Оразымбетов, Қожамжар Балқиев, Сиягүл Көпжасарова, Дина Жауынбаева, Г.Төбетбаева, Люба Оразбекова, А.Ахметова, тағы басқа өнерпаздар барған болатын.
1977-1986 жылдар аралығында, аудандық Мәдениет бөлімін Боранбай Байжанов басқарған тұста халық театры сапқа тұрды. Білікті режиссер Жасұзақ Әйтпенбетовтің еңбегін осы тұста айта кеткен мақұл деп ойлаймын, әрине, ансамбль мүшелерінің өздеріне тапсырылған ролдерді өз дәрежесінде орындап шығуының арқасында облыстық, республикалық байқауларға қатынасып, жүлделі орындарды иелеп, көп еңбек етіп, халық театры, халық ансамблі атақтарын қатар алып жүрдік. Оған дәлел – Сафуан Шаймерденовтың «Дөкей келе жатыр» атты үш актлы пьесасында Көпей ролін сомдау маған, Мария бейнесін сомдау Дариха Есбаеваға, Ұлқу бейнесі Сиягүл Көпжасароваға, Базаргүл бейнесі Нәписа Балабаеваға, Қилау бейнесі Бердімұрат Тобажановқа, Шилау бейнесі Тайын Базаровқа тапсырылды. Дақыш шалды Жасұзақ Әйтпенбетовтің өзі, Дөкейді Есет Мырзақұлов сомдап, сахнаға шығарған болатынбыз. Осындай пьесалар талай рет қойылып, қалың жұртқа шаттық сыйлап еді.
Спектакльде ойнағандар: Бағила Мұратова, Сералы Оразымбетов, Тұрсынай Шүкірова, Жұлдызай Жаналиева, Азамат Хожахметов, Гала Тасымова, Ұлбазар Ідірісова, Зәуре Сайдалиева, Хамза Келдібай, Мықтан Алданазаров, Рахатдин Үбісов, Нұржамал Рахметова, Ғазиза Құрақбаева, Шарапат Меңліқұлов, Разия Тұрсынбаева, Бибіш Үмбетиярова, Бағдагүл Орманбаевалар ойнады.
Кезінде тұла бойына өнер қасиеті тұнған әріптес-кәсіптестерім Тамдының атын әлемге паш етті. Жоғарыда айтылған өнер саңлақтарымен бірге Жұмагүл Есжанова, Фатима Оразова, Қалдыгүл Атажанова, Гүлзира Меңліқұлова, Балауса Атантаева, Ақбота Амандықова, Сәду Байқадамов, Роза Қазыбекова, Гүлжаз Құлманова, Мәншүк Назарова, Кәрім Әбдікәрімов, Әлібек Жүсіпов, Тыныштық Нұрлыбаева, Сайын, Айын Базаровтар, Марина Жүсіпова, Абриза Исмагулова, Рабиға Сейдуллаева, Айгүл Нұрдуллаева, Мұратхан Әуезбеков, Айнұр Батырбаева, Жанболат Батырбаев, Арман, Абай Ахметовтер, Әбілқасым Балғабаев, Мырзағали Қойтбаев, Клара Абдуллаева, Элмира Мұратова, Лиза Нұрділләева, Полат Мұратов, Алтынбек Қаралтаев, ілгері-кейін «Ақтау» халықтық ән-би ансамблі мен халық театрында өнер көрсетіп, екі атақты бірдей алып жүрген өнерпаздар.
Халық театрында 1976-1993 жылдары «Бір бойдақтың хикаясы», «Дөкей келе жатыр», «Қызым, саған айтам», «Қанжар мен домбыра», «Пай-пай, жас жұбайлар», «Қуырдақ дайын», «Алтын табақтағы жылан», «Қалыңдық пен күйеу», «Той боларда», «Ойбай, күйеу керек», «Үйленгім келмейді», «Өзіме де сол керек» спектальдерін көрермендер сүйіп тамашалады.
Кейінгі жылдарда өнердің көшін алға тартқан Кәмила Дөсекбаева, Әли Сәрінтаев, Бақберген Қасымов, Қазыбек Нұралиев, Әліпбек Жаңбыршиев, Ақмарал Мырзабаева, Жанар Мәденова, Әйгерім Көбеева, Айгүл Есбергенова, Гүлжазира Оразымбетова тағы басқалар өнер көрсетіп, ел ілтипатына бөленді.
Бүгінгі таңда аудандық Мәдениет үйі жанындағы «Ақтау» халықтық ән-би ансамблінің ізін жалғастырушы жас өнерпаздар: Исатай Пірманов, Ержан Таңатаров, Әлімхан Құлманов, Мұқан Төрезатов, Бақытжан Кәрібаев, Сұңғат Жұмаханов, Аян Бегенов.
Аудандық Мәдениет бөлімін Алдаберген Маханбетияров, Айымхан Ашылова, Та-йыр Сәденов, Құттым Шамшиев, Толқын Айтбаев тар кезінде басқарған болса, бүгінде Жұлдыз Өтемұратова басшылық етіп, жас өнерпаздарды алға талпындырып келуде. Бір сөзбен айтқанда, 50 жыл бедерінде аудандық мәдениет саласында елеулі жұмыстар атқарылды десек, артық айтқандық емес.
Бұрынғылар «Өнерлінің өрісі кең» деген ғой. Өнер тізгінін қолға алған жастарымыз алдағы күнде де оны өркендетіп, жетілдіріп, халыққа қалтқысыз еңбек етіп, өнер көрсететініне зор сенім білдіремін.
Мақала «Тамды шаруагері» газетінің 2022 жылғы 20-наурыз №7-8(7071-7072) жарияланған
ҮШ АНСАМБЛЬДІҢ ЭКС МУЗЫКАНТЫ
Қызылқұмдағы өнерлі тұлғаларымыздың жарқын бейнелерін ,олардың жүріп өткен жолы мен ауданымызға қызмет еткен еңбектері жөнінде келер ұрпаққа үлгі-өнеге болу үшін жеткізіп отыру бізге парыз, қала берсе міндетіміз.Себебі жүріп өткен жолымыз ертеңгі тарихымыз,тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр деп аталарымыз айтып кеткен.
Туған жеріміз,кіндік қанымыз тамған Тамды ауданын кезінде атын шығарып, беделін көтеріп, облыс, Республика деңгейінде танытып биіктерден көрінуіне, өздерінің қажырлы еңбегінің арқасында үлестерін қосып ат салысқан, бүгінде тағдыр жолымен Қазақстанда жүрген ауданымыздың жарқын бейнелерімен, өнерлі тұлғалары жетерлік. Сол өнерлі ағаларымыздың бірі алуан түрлі инструментальдық аспаптардың шебері, музыкантшы Үбісов Рахадин Бахтиярұлы жөнінде айтып өтпекшімін.
Рахадин Бахтиярұлы 1958 жылы Тамды ауданында туылып өскен. Ол 1965 жылы мектеп қабырғасын аттап, 1975 жылы №1 В.И.Ленин атындағы мектепті бітіріп шыққан.
Жастайынан өнерге әуес болып,түрлі аспаптарда ойнай бастайды. Тек 9-10 сыныптарда мектептегі өнер сайыстарына мұғалімдері тартып, аудандық мектепаралық байқауларға мектеп атынан қатынаса бастайды.
Сол уақытта Тамдылық жастардың жаппай музыкалық аспаптарда ойнау құштарлығы артқан кезі еді. Әсіресе бас гитарада ойнау ең сәнді және жастар арасында қызығушылығы көп бас аспаптардың бірі болды. Себебі бас-гитара — бұл төменгі дыбыс жолы және оның құрылымы қарапайым гитарадан гөрі төмен октава болатын. Рахадин Бахтиярұлыда әлемдегі музыканттардың музыкалық стиліне, бас гитарада ойнау дағдыларына және жеке қалауына байланысты көптеген әдістерді қарап, үйреніп, ойнап жүрген болатын. Өнерін шыңдау мақсатында түрлі аудандық, ауданаралық байқауларға қатысып жүріп аудандық Мәдениет үйінің музыкантшыларының көзіне түсе бастаған.
1979 жылы Рахадин Бахтиярұлына бүкіл облысқа аты шыққан, Тамды ауданының әйгілі «Ақтау» ән би ансамблінде бас гитарада ойнауға өнер көрсетуге ұсыныс түскенде еш ойланбастан қабыл алған. Ол кезде ансамбль құрамында Сералы Оразымбетов (соло гитарада),Кәрім Сейдалиев (ритм гитарада),Нұрсұлтан Жаналиев (дауылпазда) және тағы басқада ауданымыздың өнерлі музыкантшылары болған.
Рахадин Бахтиярұлы өзі жақсы білетін, жақсы танитын ауданымыздың атақты әртістерімен жұмыс жасай бастады. Сондықтанда жаңа ұжымға тез бейімделіп, ұжыммен алдыға қойған мақсаттарға бірлесіп жұмыс жасауға өзін оң бағыттау әлдеқайда жеңілірек болды. Ұжыммен бір-екі ай тынымсыз дайындықтан кейін сол жылы алғашқы рет гастрольдік сапарын «Ақтау» ән би ансамблімен біргелікте Зарафшан қаласынан бастап,бүкіл Тамды, Үшқұдұқ ауданының барлық совхозы мен фермаларын аралап, концерт қойған. «Ол кезде шалғайдағы ауылдармен қыстақтарға барып концерт қойып, сондағы шопандармен жанұяларының көңілін көтеріп қайту, әртістерге үлкен бір қуаныш сыйлайтын еді.Себебі ол кезде алыс жерлерге жолдың қиыншылығынан шопан ауылдарға ешкім жай бармайтын. Біздің әдейі келіп қойған концертімізге халықтың риясыз қол шапалақтап, шын көңілмен айтқан тілектерімен алғыстарын алып қайту, келген жолдың барлық қиыншылығын ұмыттырып жіберетін еді»- дейді Рахадин Бахтиярұлы.
Шалғай ауылдардың үлкен ақсақалдарының батасын алып, өзінің өнерін шыңдап қайтқаннан кейін Рахадин Бахтиярұлы ансамблмен біргелікте үлкен қалаларға сапарларға гастрольдерге шығып өнер көрсете бастаған.
1980 жылы «Ақтау» ән би ансамбль ұжымының құрамында сол жылдары болған Бағила Мұратова,Гүлнар Нәлібаева, Нафиса Балабаева, Бауыржан Есбергенов жәнеде басқада әнші биші аға-апаларымызбен біргелікте Түркменстан еліне гастрольдік сапарға барады. Онда алғашқы рет түркімен халқының дәстүрін көреді, өнерімен танысады, өздеріде тамаша концерт қойып, өнерлерін көрсетіп, халық алғысына бөленіп қайтады. Рахадин Бахтиярұлы «Сондағы біздің ауданымыздағы өнер иелерінің ешқандай халықтан артық болмаса кем емес екенін көріп сезініп қайту,еш нәрсеге тең келмейтін тамаша бір ауыл үшін мақтаныш сезімі еді»-дейді.
Елге келгесінде гастрольдік сапарлар бірінен соң бірі жалғаса береді. Қарақалпақстанның бүкіл қалаларын, Хорезм облысында қазақтар орналасқан барлық аудан-аймағын, Кенимех, Үшқұдұқ,Тамды аудандарын аралап, сол кездегі Бұхара қаласында өтетін «Пахта байрами» мерекелеріне концерт беріп келетін болған.
Рахадин Бахтиярұлы сол кезде Жабай ата әндерін көп орындаған. Өзінің жақсы көріп айтатын әндері де болған, олар «Махаббат мұңы», «Жез киік», «Узбекистан», «Тәләбә», «Алгардашым», «Жанайым» және тағы басқа әндерді концерттерде орындап айтып жүрген. Әсіресе халық ықыласына триода үш дауыста орындап жүрген әндері халық қошеметіне бөленіп отырған.
Ауданда «Ақтау» ән би ансамблі жастар арасында жоғары беделге ие болып халық арасында сұраныс көп болғандықтан, жастарды өнерге баулу мақсатында осындай инструменталді ансамблді ашу Тамды ауданының совхоздарынанда ұсыныс түсе бастайды.
Рахадин Бахтиярұлы жолдастарымен біргелікте 1982-ші жылы Тамды ауданының Балиманов совхозынан «Қос Жұлдыз» ансамблін жаңадан құрады және оның ашылуына сол кездегі «Балиманов» совхозының директор орынбасары Серік Саңғараев ағамыз көп еңбек етті. Сол кезде ансамбль құрамында ауыл жастарынан Сералы Оразымбетов (соло гитарада), Мырзағали Қойтбаев (ритм гитарада), Нағашыбай Жалғасбаев (дауылпазда) Убисов Рахадин (бас гитара) болып бірлекте халық алдында 1984 жылға дейін өнер көрсетіп келген.
Сонымен бірге 1984-шы жылы Тамды аудандық тұтыну қоғамында, «Кооператив» тобын ашып ансамбль құрамында Артём Абедецян (ритм гитарада ), Серік Тағаев (бас гитара), Алтай Жақасов (дауылпазда), Рахадин Убисов (синтезаторда) біргелікте 1989-шы жылға дейін халық қошеметіне ие болғып келген.
Рахадин Бахтиярұлы өзінің өнерге деген құштарлығының арқасында ауданымыздың алдыңғы қатарда болып беделінің өсуіне, мәдениет саласының шарықтап дамуына өз үлесін қосып, өзінен кейінгі жастарымыздың өнер жолына түсуіне, өнерге деген қызығушылықтарын арттырып баулуға, бір адамдай атсалысқан тұлға ,керемет музыкантшы десек қателеспейміз. Өзінен кейінде ауданда жақсы ансамблдермен,топтардың ашылуына,өзінің ізін басып келген інілерінің де Убисов Нажмадин, Убисов Насрадиннің өнерлі,музыкантшы болып қалыптасуына септігін тигізген ардақты аға. Осындай жеті қырлы өнерлі ағаларымыз аман болып,өнерін жалғастыратын жастарымыз көп болсын.
АҚТАУДЫҢ «ҚОС ЖҰЛДЫЗЫ»
Сонау өткен ғасырдың 70-80 жылдарында Қызылқұм өңірінің Бұхара облысы, Тамды ауданына қарасты Жабай Балиманов атындағы кеңшар болатын. Жабай Балиманов болып аталуының себебі өз алдына бір төбе. Сонда да атамыз туралы бір-екі ауыз айта кетейік. Жабай Балиманов (1893 — 6 тамыз 1966) — Өзбек КСР Бұхара облысы Тамды ауданы Ақтау колхозының (кейіннен Жабай Балиманов атындағы кеңшары болып аталды) аға шопаны болып жұмыс істеп жүріп, өзінің адал еңбегімен мал шаруашылығындағы жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін екі рет Социалистік Еңбек Ері атағын (07.07.1951; 08.06.1958, үш рет Ленин орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен (01.10.1945 ж.) және де халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінің медалімен 6 рет, оның ішінде үш алтын медалмен марапатталған болатын.. Енді әңгімеміздің негізгі желісіне келетін болсақ неге мақаламыз «Қос жұлдыз» аталғаны түсінікті болса керек деп ойлаймын.
Осы мақаланы бастап жазарда мақаланың атын Саңғараевтың «Қос жұлдызы» деп атамақшы болғанмын, дегенмен Серік Құлназарұлының өтініші бойынша мақаланың атын Ақтаудың «Қос жұлдызы» деп өзгертуіме тура келді. Бұл біріншіден Саңғараевтың мінезінің қарапайымдылығын, адамгершілігін көрсетсе, екіншіден сол «Қос жұлдызға» өзінің еңбегінің ерекше сіңгендігін біле тұра, менімен бірге бүкіл Балиманов кеңшарының адамдары болды, барлығы да ұжым болып атсалысты деп сол Балиманов азаматтары мен әйел-қыздарын, жерлестерін көтермелеп отырғандығы таң қалдырды.
Қызылқұм өңіріндегі Тамды ауданында 1970-1980 жылдары вокалдық инструменталдық ансамблдер көптеп ашыла бастаған болатын, солардың бірі болып Жабай Балиманов атындағы кеңшар орталығында «Қос жұлдыз» атты ансамбль ұйымдастырылған еді. Бүкіл Қызылқұм өңіріне танымал Ажырықтылық Саңғараевтар отбасын білмейтін жандар кемде кем деп айтсам дұрыс айтқан болар едім. Менің әңгімемнің басты себепшісі Саңғараев Серік туралы болып отыр. Серік Құлназарұлы өзінің туып өскен жерінде «Қос жұлдыз» ансамблін ұйымдастырған еді.Ансамбль жанашыры бала кезінен спорт пен өнерге құштар болып өскен еді, спорт, музыка десе ішкен асын жерге қоятын болған, әсіресе футболды жаны жақсы көруші еді, олай дейтін себебім Серік Құлназарович Тамды ауданында тұңғыш рет ұйымдастырылған футбол командасының бірінші ойыншысы. Сонау 1980 жылдарда Жабай Балиманов атындағы кеңшар орталығында (алдын колхоз болатын) «Қос жұлдыз» ансамблін ұйымдастыру кезінде біраз қиыншылықтарға тап болғандығын маған әңгімелеп берген еді.Әрине ештеңе де өз-өзінен пайда болмайтындығы сияқты, әр нәрсенің өз қиыншылықтары болады, менің айтайын дегенім сол ансамбль ұйымдастыру кезіндегі ансамбль қамқоршысының алдынан шыққан кедергілерге, қиыншылықтарға мойымай өзінің адал еңбегімен жеңе білгендігінде. Алғаш, жылдарын да ұмытып қалғанмын дейді ансамбль тәлімгері, ансамбль ұйымдастырамын дегенде кеңшар басшылары сенбей, ансамблдің неге керегі бар, одан да малға қарайық деп ешкім жәрдем қолын созбаған екен.
Содан өнер жанашыры жұбайы Несібелі Тілеумұратқызының отпускной (еңбек демалысының) ақшасын күткен екен. Сол жұбайының отпускной ақшасының барлығына екі тук (орам) материал сатып алып келіп, оған көк, қызыл ою істейтін ақ кремплин материал алып, шалбар мен пиджак, қызылынан да араластырып тіктіріп, Жабай Балиманов атындағы совхозының тарихында бірінші рет оркестр ұйымдастырыпты. Оркестр ұйымдастыру кезінде бүкіл Ажырықты ауылының азаматтары мен қыздары атсалысты дейді Серік Құлназарович
Сол 1980 жылы басталған бірінші оркестрмен Гөзаль деген қыз, Бисенбай Байшев өлең айтқан екен.Осы Гөзал деген туркпен қызы қазақша өлең айтып 10 бал алған екен.
Және бір айта кететін нәрсе осы түркпен қызы Гөзал мен Айтбай Тортаев Бесбұлақ фермасынан келіп көркемөнерпаздар коллективімен бірге өлең айтушы еді дейді Серік Құлназарұлы. Айтбай өлең айтатын, күйге қосылатын еді, қатысушылардың ең жасы болды дейді Секең. Сонымен Айтбай Тортаев та бірінші қадамын «Қос жұлдыз» көркемөнерпаздар коллективінен бастаған көрінеді. Көркемөнерпаздар коллективінде сол кездегі бас (главный) зоотехник Жақыпбаев Жарылқасын, кассир Жарымбетов Қалыбай, ферма меңгерушісі (завфермы) Маемгенов Қуаныштар болды дейді. Жарымбетов Қалыбай «Балхадиша» әнін орындаса, Маемгенов Қуаныш домбырада күй тартқан екен. Олардан басқа әншілерден: Қалымбетова Бақытгүл, Демеубаева Зағира, Маемгенова Ләззат деген қыздар өлең айтқан екен. Сол қыздар кейіннен ВИА «Қос жұлдызда» да өлең айтыпты.Тамды ауданында өткен көркемөнерпаздар байқауында коллективпен, оркестрмен орындаған «Қосалқа» күйі 10 бал алса, сол байқауда Қалжанов Жеңісбек «Жезкиік» әнін жеке домбырада орындап 10 балл алған екен, Баишев Бейсенбай да жеке ән орындап 10 балл алған көрінеді. Қарымсақова Марияш пен Наурызбаева Гүлжамиха «Жуда соз» деген өзбекше өлең айтыпты.
Екінші рет Ташкент қаласына барғанда ГАЗ 53машинасымен Жексенов Дастан деген шофермен барған көрінеді және де солармен бірге сол кездегі Тамды ауданы комсомол комитетінің нұсқаушысы Шектібаев Нәсір комсомол комитетінің өз ақшасына сай инструментер алды дейді. Сол кезде эхо-микрофон, гитаралар, дыбыс күшейткіш, сылдырмаққа дейін, Ташкент қаласынан счетқа түскен ақшадан алып келіпті. Оған дейін Әйімбетов Талғат деген досы екеуі, өздері ақша қосып, Зарафшан қаласынан көне, ұсталған 3 гитара, дауылпаз, дыбыс күшейткішттерді қолдан сатып алған көрінеді. Әйімбетов Талғат сол кезде Тамды Зарафшан автобусын жүргізеді екен. Сол қолдан сатып алған аппаратурамен, дос жігітінің автобусымен кеңшарларды аралап концерт қойып шыққан көрінеді. Демеубаев Қалдарбек оператор болып жұмыс істеген екен, қолдан ұзартқыш (удлинитель) істеп, светті де жалғап берер еді дейді. Әйімбетов Талғаттың еңбегі ансамблге көп сіңді дейді сөзінде Серік Құлназарұлы. Осы концертті қойғанда кеңшардың мөрін (печатын) бастырып, билет сатып, түскен ақшаларды кеңшардың кассасына құйып отырған. Мүсірбеков Таңатар деген кісі счетқа ақша құйып отырған екен. Содан кейін барып кеңшар ұжымы жаңа аппаратуралар алуға рұқсат беріп, ақша аударыпты. Содан соң кеңшар ақша аударғаннан кейін ғана ансамблдің барлық заттарын ударник, гитаралар, дыбыс күшейткіш, микрофондар т.б. жаңалаған екен. Үйінде сол ансамблге арналған бір толық альбом болған, өкінішке орай сол альбом бір себептермен жоғалып кеткен көрінеді, соның ішінде «Қос жұлдыз» ансамбліне қатысты барлық суреттер болған екен.
Екінші ВИА (вокалдық аспаптық ансамблін) ұйымдастырған кезде Қонақбаев Тоқтам, Саңғараев Оңғар, Маемгенов Дүйсен, Кендебай Сүтемгенов, дауылпазда Қасым Ташболатов пен Таңжарықов Полат ойнап, сол ансамблмен, көне аспаптармен, ауылдың өнерлі балаларын ұйымдастырып, барлық жерге концерт қойып шыққан екен. Содан кейін барып кеңшар директоры Төребаев Бірлік деген кісі ақша бөліп, машина беріп Ташкентке жіберген көрінеді. Кейіннен ансамблге жеке автобус бөліп берген көрінеді, жүргізушісі Маемгенов Дүйсен болған екен.Ташкенттен алып келген жаңа аспаптармен ойнаған ансамблдің мүшелері де басқа кісілер болып, ауысып отырыпты.
Ансамблдің жаңа құрамына Қызылқұмның танымал өнерпаздары Қойтбаев Мырзағали, Убисов Рахадин, Оразымбетов Сералы, дауылпазда Жалғасбаев Нағашыбай ойнапты. Оразымбетов Сералы әрі гитарада, әрі өзі өлең айтушы еді дейді мәдениет саласы бойынша директордың орынбасары Серік Құлназарович. Сол кезде Жабай Балиманов кеңшарының рабочкомы (жұмысшы комитетінің) басшысы Сыбаев Таубай деген кісі екен, ал партком (партия комитетінің ) хатшысы Әлхожаев Қуандық деген кісі болған екен.
Отарбаев Құлжан (Коля) сол кездері Балиманов совхозының орталығына келіп, гитарамен өлең айтып тұрушы еді дейді, Отарбаев Құлжан Бесбұлаққа шопандар тойына барып та өлең айтқан екен.
Міне осы «Қос жұлдыз» ансамблінің шығу тарихын ансамблдің жанашыры Серік Құлназаровичтің өз аузынан есітіп, білгенімді қағазға түсіргім келген еді. Сонымен бірге Тамды тарихындағы спорттың, музыка өнерінің дамуына өз үлесін қосқан, үлесін қосып қана қоймай, сонымен бірге жан күйдіріп, барлық күш-жігерін аямай жүгірген Саңғараев Серіктің еңбегі болашақ жастарға үлгі болатынын айтсақ, осы атқарған еңбектері үшін кез келген марапатқа лайықты деп айтсам жаңылыспаған болар едім. Менің білетінім
Серік Құлназарұлының осы уақытқа дейін футболға қызығушылығын тастамаған, олай дейтін себебім футбол туралы дүние жүзінде болып жатқан жарыстарды, Еуропалық біріншіліктерді, дүниежүзілік чемпионаттарды көріп, соларды талдап отырады.
Серік Саңғараев сол Ажырықты аулының тумасы болғаннан соң ба (Балиманов кеңшарын Ажырықты деп те атаған) Ажырықты ауылының шаруашылығы мен қатар мәдениеті мен спорттық жұмыстардың дамуына да қолынан келгенше атқарған жұмыстары мен еткен еңбегі ұшан-теңіз. Бір сөзбен айтқанда, сол Ажырықтыдан шыққан ақын Алашбек Елмуратов:
«Ажырықты, Ажырықты,
Ұл-қызының бәрі мықты» — деп жырлағандай, Ажырықтының мықтысының біреуі де, бірегейі Серік Құлназарұлы десем қате айтпаған болар едім. Осылардың барлығын қорытындылай келе айтарым, Саңғараев Серіктің басып өткен өмір жолы болашақ жастарға үлгі болатыны сөзсіз екендігін ескере отырып, тәлімгерге, өнер жанашырына, сол ансамблдің ұйымдастырушысына деніне саулық, отбасына амандық, бақ-береке тілеп қалғым келеді.