ТҮЙЕШІНІҢ БАЛАСЫ
Тамды топырағында түйе бағып жүрген Тілләбай ақсақалдың кенже ұлы Тамдыдағы шопан балаларына арналған мектеп-интернатқа 1970 жылдың 1-қыркүйегінде келгенде көзі бақырайып шығып кеткен еді. Өйткені, ол киіз үйден басқа ештеңе көрмеген-тұғын. Қызыл құмдардың арасында бота қуып өскен балақай осыншама көп бала бар деп ойламапты. Біздің кейіпкеріміз Жанбаев Полатбек Тілләбайұлы. Ол 1962 жылдың 6 тамызында Бұхара облысы Тамды ауданының Аяққұдық ауыл кеңесінде туылған. Сол кездегі Ленин атындағы колхозда түйе бағатын соғыс ардагері Тілләбай Жанбайұлы баяғы соғысқа кеткен 500 баланың бірі еді. Анасы Патшагүл Нұрпейісқызы қарақалпақ ұлтынан. Өз ойынан өлең шығарып кете беретін кісі еді. Полатбек анасынан өлең жазуды үйренген шағыр. Шабыты арта берсін. Қазір Полатбек Ақмола облысы Степногорск қаласы 4 ықшамаудан 14 үй 14 пәтер мекенжайында тұрады. Ол «Тамды шаруагері» газетіне орта біліммен келген. Партияның қызыл жалауын көтеріп жүрген жас комсомол өз жігетірмен газетке жұмысқа кірді. Сынақтан өтті. 1985 жылы редакцияға ағасы Нұрғали Қыдырмұратұлының шақыруымен келген. Олар интернатта бірге өскен болатын. Нұрғали шопанның баласы, әкесі атақты малшы. Редактор Қайыпназар Шотбасов оны сыный отырып, жұмысқа қабылдады. Жұмысқа тез төселіп кеткенін білеміз. Мақалалары газетке бұрқырап шығып жатты. Патшагүл апамыз біздің Әлмаханбет Сапарбаевтың нағашысы еді. Тамдыға келсе біздің үйге міндетті түрде келіп, жататын. Емделуге келсе үйден өзім емдеп, дәрісін шанышатынмын. Полатбек қалалық ауруханаға келіп мақалалар жазып жүрді. Әсіресе қазақ батыры Бауыржан Момышұлының Тамдыға келген сапарын қызықты етіп жазатын. Содан біз Әлекеңнің бөлесі болған соң да оны қатты сыйладық. Кейіпкеріміз 1993 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Бүгінде Атажұртқа келген. Степногорск қаласындағы «Степногорск ақшамы» газетінің редакторы. 1980 жылдан бері өлең жазады. 1980 жылғы мамыр айында «Мектебім» деген өлеңі «Социалистік шаруашылық» газетіне шыққан. Оған ақиық ақын Өмірзақ Қожамұратов бағыт берген. Бүгінде Полатбектің өлеңдерінің санында шек жоқ. Компьютерде көбін сақтап қойғанмын дейді. Блокноттарда да бар. Повестер мен сын-сықақ жазатыны да рас. Фейсбуг пен ВК-да, Ютубеде өлеңдері көп шыққан. Оның жетістіктерін айтар болсақ былай:
2000 жылы Халықаралық Мәдениет жылына байланысты Ташкентте БҰҰ өткізген журналисетр байқауында 3-орын алған.
2014 жылы «Нұр Отан» партиясының Астанада өткен жазба ақындар айтысында жүлде алған.
2012 – 2021 жылдары Ақмола облысы әкімінің «Алтын қалам» байқауының жеңімпазы болды.
2022 жылы Степногорск қаласы әкімінің «Ел ардағы» сыйлығының иегері болғанын білдік.
Өлең кітаптарым Алматыдан, Ташкенттен, Көкшетаудан, Степногорск, Тамдыдан шыққан. Авторлық жинақтарда да шыққандары бар.
1992 жылы Өзбекстан Республикасы Тәуелсіздігігің 1 жылдығына орай мерейтойлық медал алған.
2019 жылдан Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі.
2022 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
«Степная флейта» ақындар клубының мүшесімі, ол Степногорск қаласындағы ақынтар үйірмесі.
Ташкенттен шығатын «Нұрлы жол» газетінде Бұхара және Науайы облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарғанын білемін.
Полатбек Тілләбайұлы кемел шаққа келді. Ол алпыстың асқарына шығып отыр. Арман биігіне өрлей барсын, бауырымыз.
ҚЫЗЫЛҚҰМДАҒЫ КЕЗДЕСУ
Киелі жұрт Қызылқұмда ақын әрі журналист Жанбаев Полатбек Тыллабайұлымен кездесу болды. Кездесу қаламгер оқыған Ж.Балиманов атындағы орта мектепте өтті. Ажырықты ауылында ұйымдастырылды.
Өткен 26 қыркүйек күні болған кездесуге ауыл ақсақалдары, аудандық әкімдіктен өкілдер, ақынның сыныптастары мен мектеп ұжымы қатысты. Оқушылар Полатбек Жанбаевтың жырларын оқып, әндерін шырқады. Тамды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Лайыс Баянасов пен Ақтау ауыл жинынының төрағасы Ахмет Бақтыбаев ақынның «Арман асулары» атты жаңа кітабының тұсауын кесті.
Ажырықты ер түлеткен ауыл. Онда атақты Жабай Балиманов бастаған бес еңбек ері түлеген. Солардың ізін басқан кейінгі буындар ер ауылдың даңқын төмендеткен емес.
Полатбек Жанбаев бүгінде Ақмола облысы Степногорск қаласында тұрады. «Степногорск ақшамы» газетінің редакторы. Бірнеше өлең кітаптары жарық көрген. Соңғы осы кітабы шағын әңгімелерден құралған.
Қарапайым түйешінің баласы барлық өмірін журналистикаға арнап келеді. Ол 1985 жылдан бері газетте жұмыс жасауда. «Тамды шаруагері» газетінде аттай жиырма жыл еңбек етті. Атажұртқа келгелі де осы кәсіптен қол үзген емес. Талай марапаттардың иегері атанды.
Ажырықтыда өткен кездесу оқырмандардың ақынды салтанатты түрде қарсы алуымен басталған болатын. «Достық» орденінің иегері, ақынның сыныптасы Саера Сыдықова игі тілектерін жеткізді. Еңбек ардагері Ибадулла Саңғараев Полатбекті жастық шағынан бері білетінін айтып, оның журналистика саласындағы еңбегіне жоғары баға берді. Ақын өз сыныбына барып, партасына отырды. Онымен бірге құрбылары да бірге жүрді.
Ақын, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Өз лебізін жеткізді. «Ажырықты» туралы әні шырқалды. Аудандық руханният бөлімінің басшысы Күнтуар Алпысбаев ақынмен жақын араласқанын, оның шығармашылығын жақсы білетінін жасырмады. Басқа да кісілер сөз сөйлеп, екі ел арасындағы қарым қатынас тоқтамасын деген тілектерін жеткізді. Полатбек Тамды туралы сиясы кеппеген жырын оқыды.
Мектептегі кездесуден соң сыныптастармен бірге Жабай атаның ескерткішіне барып, гүл шоқтарын қойды. Естелік үшін фотосуретке түсті. Ажырықты ауылында болған кездесу өте тартымды өтті.
АМАНКЕЛДІ — БІЗДІҢ ФОТОЖУРНАЛИСТ
Аманкелді Рызақұлұлы бала кезден өлең жазуға әуес болды. Тамды ауданының орталығындағы бұрынғы Ф.Энгельс атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде тәлім – тәрбие алып жүріп, ҚЫЗЫЛҚҰМДЫҚ жерлес ақиық ақынымыз Өмірзақ Қожамұратов,қазақ поэзиясындағы белгілі Мұқағали Мақатаев, Тұманбай Молдағалиев және Қадір Мырзалиев сынды ақындардың өлеңдерін көкейіне түйіп өсті. Ұстазы Нұрғали Қойтбаевтың әдебиет пәні сабағында үнтаспадан атақты ақындардың өлең – жырларын көп тыңдатқанының салдары болса керек, Аманкелдінің сол уақыттан бастап жазу – сызуға деген қызығушылығы арта түсіпті. Ал, тағы бір ұстазы, орыс тілі маманы Жақып Латипов Аманкелдіні қоғамдық жұмыстарға белсенді араластырып, ұйымдастырылған іс – шараларды фотоға түсіру, сценарийлер дайындау сияқты міндеттерді жүктеген. Міне, содан бастап оның тұла бойында ҚЫЗЫЛҚҰМДАҒЫ жаңалықтарды көпшілікке тарату сезімі оянған. Демек оның қазіргі күнде журналист қана емес, фото — журналист болып қалыптасуына мектептегі ұстаздары, сонымен қатар мыңдаған шәкірт тәрбиелеген нағашы атасы Тұқжымов Құдайбергеннің және өзінің бастапқы ұстазы, ұзақ жыл білім саласында еңбек еткен анасы Мауеш Құдайбергенқызының да ықпал еткені белгілі болды. Иә, нағашы атасы Құдекең ауданға белгілі тұлға болатын. Ел арасында үлкен құрмет, беделге ие болған кісі еді. Аманкелдінің айтуынша, оқушы кезінде жазған мақалаларын, өлеңдерін бірінші болып нағашы атасы оқып, болашақ журналистика мамандығына сол кезден – ақ бағыт – бағдар берген екен.
Жерлесіміз Аманкелді Тұржанов орта білім беру мектебін 1996 жылы аяқтаған соң өз қызығушылығымен Науайы мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне оқуға түсіп, 2001 жылы бітіреді. Институт қабырғасында да көзге түсіп, «Азаматына қарап ауылын таны» сайысында туған жері Тамдыны шығармасымен дәріптеп, жүлделі орынға ие болады. Иә, ол бертін келе «Ұлағатты ұстаздар еді» тақырыбында жазған мақаласында институттағы ұстаздары Шермахан Сырлыбаев пен Сауытбек Мұрадаевтің және мектепте білім берген әрі журналист болып қалыптасуына ықпал еткен тәлімгері Нұрғали Қойтбаевтың еңбектерін мақтанышпен тілге алып, олар жайлы естелік жазған.
Аманкелдінің жоғарыда атап өтілген кісілерден басқа журналистика саласындағы Қызылқұмдық ұстаздары Полатбек Жанбаев және Әбубәкір Шектібаев болған. Олар Аманкелдіге шағын репортаждар, мақалалар жазудың қыр – сырын терең үйрете білді. Аудандағы жаңалықтарды жариялау, әсіресе мал шаруашылығын өркендетуге атсалысқан, мыңғырған мал айдаған шопандардың еңбегін дәріптеу жайлы тапсырмалар беріп, өз стилінде материалдар дайындай білуге үйретті. Аманкелді елден атажұртқа оралғанда «Шахтинский вестник» редакциясының басшылығы оның журналистикадағы жұмыс өтілімен тәжірибесін ескере отырып жылдам қызметке қабылдаған. Қазіргі күнде Астана қаласында беделді газетте еңбек етіп жатқан бұрынғы әріптестері Аманғали Қалжанов, сондай — ақ Қосшы қаласында қалалық газеттің бас редакторы болып қызмет атқарып жатқан Даулетқали Асауовпен біргелікте Аманкелді қазір өзі еңбек етіп жатқан орыс тілді газетте қазақ тілінде жарық көретін беттер санын арттырды. Фото — журналист Аманкелдінің арқасында «Шахтинский вестник» газеті қос тілде жарық көруде. Аталмыш газеттің қай санын ашып қарасаңыз да Аманкелдінің фотолары мен мақалалары «менмұндалап» тұрады.
Бір айта кетерлігі, Аманкелдінің зайыбы Нұрсұлу Мусаева да жазу – сызудан кенде емес. Шахтинск қаласындағы С.Асфендияров атындағы орта білім беру мектебінде бастауыш сыныптың мұғалімі. Оның тәлім – тәрбиеге қатысты мақалалары жиі жарияланып тұрады. Шахтинскіліктер Аманкелдіні жақсы таниды. Кез келген салада қызмет ететін азаматпен сөйлесе қалсаңыз Аманкелді жайлы жақсы пікірлер айтады.
Аманкелді Рызақұл ұлы екі перзент тәрбиелеп отыр. Үлкен ұлы Нұрсұлтан Қарағанды қаласындағы медициналық университетінің 3 курсында білім алуда. Ал екінші ұлы Нұржас өзінің анасы еңбек ететін мектепте жоғары сыныпта оқиды.Ол болашақта экономист болмақшы.
Иә, кеншілер қаласы Шахтинскіге келе қалсаңыз «Шахтинский вестник» газетін оқуды, қарауды ұмытпаңыз. Өйткені, газет бетінде фото- журналист Аманкелдінің қаланың саяси – қоғамдық өміріне қатысты мақалалары мен фотосуреттерін көре аласыз.
ӨЗ ІСІНЕ ШЕБЕР- ЖУРНАЛИСТ
Ұлттық намысы қозғыш,қоғамда болып жатқан құбылыстарға талдау жасап,халқы атынан айтатын тиіс болатын кемшіліктерін, өз жеке пікірін ортаға айтып, мәселені сауатты қоя білетін Өзбекстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарының журналисті Изтелеуов Анафия Жайлыбайұлының орны бөлек болды.
Ол кезде әуелгі пікірді өзге ұлттан емес тек орыс халқының өкілі айтуға тиіс болатын,себебі бірінші болып басқа ұлт өкілдерінің пікір- ой, айтуы қалыптаспаған еді. Сондай жағдайға қарамастан екі тілде бірдей жазатын орыс тілді облыстық
“ Советская Бухара”,кейін Навоийы облыстық “ Знамя Дружбы” газеттерінің штатты тілшісі болып Үшқұдық және Тамды шаруашылықтарындағы кемшіліктермен орындалмай жатқан мәселелерге журналистік зерттеулер жүргізіп шопандардың өміріне жаңа көзқараспен қарап олардың қажетті мәселелерін шешуге газета арқылы ықпал жасап жүрді.
Өзі малды ауылдан шыққан соң шопандардың өмірін жақсы білетін журналист проблемаларға тереңірек үңіліп,жан- жақты зерттеу еңбегінің арқасында оны орыс тілін жетік біліп шеберлікпен жеткеруінің арқасында шопандардың өмірін жақсартуда жаңа бағыт көрсетіп қоймай, әрбір жарық көрген мақаладан майталман малшылар жемісін көріп,пайдасын сезді.
Араға жылдар салып Анафия Жайлыбаұлының сол кездердегі қазақ- орыс тіліндегі газет беттеріне түскен мақалаларын оқып отырып журналистың жазған жолдарынан талғам- түсінігін,білімдарлығын,көрегендігін,өзінің да өзгенің да өзгеруді талап етіп тұрғанын ұғасың. Қазақ тіліндегі газеттерді есептемегенде тек осы Бухара және Навоийы облыстық газеттеріндегі журналистіміздің өресімен білімін,парасатымен кәсіби тәжірибесін,көз қарасымен,ой- таным қабілетін,ақиқатпен әділдігінің күш- қуатын аңғарамыз,ең бастысы- журналистік әлемін анықтайтын мүмкіншілігі бар.
Қос тілде жазатын журналистіміз Анафия Жайлыбайұлының жазған мақалаларынан тәжірибелі екендігін,өз ісін жақсы білетіндігін,редактордың талабын орындау да барлығы қолынан келетінін және оның өмірдегі позитивті позициясының тұстарын баяндап тұрғандай. Журналист Изтелеуов Анафияның екі тілде жазған мақалалары жастардың дүние танымын қалыптастыруға көмегін тигізді. Қайсы тілде де газет бетінде материалдары жарық көрсе әрбір оқырманына заманның көпдеген қиын мәселелерін түсіндіріп, басқаша қарауына жағдай жасап,журналистика мамандығының тарихының табалдырығынан аттағаннан бастап бүгінгі заманға дейінгі халықтың ой- пікірлерін жоғарғы органдарға жеткізудегі мүмкіндігін барынша пайдаланып ауқымды мәселелерді көтергендерін анықтауға болады. Екі тілде қалам тербейтін Өзбекстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерінің қатарынан лайықты орын алған журналист жерлесіміз Изтелеуов Анафия Жайлыбайұлын туып өскен жерінен бастап есімін Республикада жақсы біледі.
ҚЫЗЫЛҚҰМДЫҚ журналисті жан- жақты тану үшін барша болмысын көз алдыңызға тұтас мүмкіндік жасауға тырысайық.
Бүгінгі qyzylqum.kz сайтында қонағымыздың қазақ және орыс тілінде барша Республикаға ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ халқын әдет- ғұрып,салт- дәстүрін,елдің ауыр жүгін арқалаған орта буын және басшылар,білімді дәрігерлер,парасатты ұстаздар,абыз ақсақалдар,көп балалы батыр аналар,дарынды оқушылар,жезтаңдай әншілермен бишілер,құқық орган қызметкерлері,қарапайым жұмысшылар туралы жазу үшін жүздеген- мыңдаған километрлер жер жүріп барып интервьюлер алып олардың еңбектерін бағалап,насихаттап келген журналистің өмірбаянымен шығармашылығын сөз етеміз.
Бұқара облысы, Тамды ауданында дүниеге келген тарихи отанына көшіп келгенше мектепте пионер,комсомол қатарында болып,институтты бітіріп келіпте барлығы Тамды ауданымен байланысты болды.
Анафия Жайлыбайұлы педагогикалық еңбек жолын Ташкенттегі орыс тілі және әдебиеті институтын бітіріп келіп М. Ломоносов мектебінде ұстаздықтан бастаған. Мектепте жүріп тырнақалды ауыл жаңалықтары,малшылардың табыстары,қарапайым еңбек адамдары туралы әңгімелері,қазақ тіліндегі аудандық “ Социалистік шаруашылық” Бухара облыстық орыс тілді “ Советская Бухара” газеттерінде жариялана бастады.
Журналистік карьерасы Тамды аудандық “Социалистік шаруашылық” газетасында тілші болып басталған.
Жас журналист тарихта Тамдыдан ең бірінші болып орыс тілді “ Советская Бухара” газетасында үлгілі қызмет етіп,газеттің редакциялық коллегиясының атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.
Ташкенттегі Республикалық жоғары партия мектебін бітіріп келіп, Тамды аудандық партия комитетіне нұсқаушы болып қызмет етіп,қайта журналистикаға барып Навоийы облысының “ Знамя Дружбы” газетасында екі Үшқұдық,Тамды региондарында меншікті тілшісі қызметін атқарып редакцияның Құрмет грамотасымен марапатталған. Осы екі ауданның тыныс- тіршілігін,аудандардың игі жақсыларымен кездесіп,ардагерлері туралы жазып қазақ тілінде шығатын Республикалық “ Нұрлы жол” газетінің да Құрмет грамотасымен марапатталған. Өзбекстан Республикасынан Қостанай облысының Рудный қаласына көшіп келіп екі тілді жетік меңгерген журналист музыка колледжінде аудармашы қызметін атқарды.
Қызметте сыйлы,өз ісінің шебері Анафия Жайлауұлының жұбайы Ходжаназарова Қанай Алдановна педагогика саласында отыз екі жыл еңбек еткен. Қазір екеуі де зейнеткер. Ұл- қыздары барлығы қызмет етеді. Немересі Изтелеуов Арынғазы Астана қаласы” Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда домбырашы болып оркестрде жұмыс істейді. Балалары,немерелері Қанай Алдановнанамен Анафия Жайлыбайұлының екеуінің махаббатының, бақытының жалғасы.Бұрын аудан,облыс,республика газеттерінің беттерінен түспейтін,шығармашылық кризис дегенді білмейтін,көп оқып,көп ізденіп,өзінің идеалды журналист болуға тырысқан ерекше журналистіміздің бұқаралық ақпарат құралдарындағы журналистік карьерасын осылай суреттедік. Дарынға толы,қыдыр дарып,құт қонған қасиетті ҚЫЗЫЛҚҰМНАН жақсы,кәсіби білгір азаматтар шыққан солардың ортасында журналистикада екі тілде, орыс тілді газеталарда табысты қызмет еткен Изтелеуов Анафия Жайлыбайұлы мен Ходжаназарова Қанай Алдановнаның үлгілі отбасына денсаулық, бастарына бақ,жүректеріне махаббат,сүйіспеншілікпен сыйластық, абыройларыңыз арта берсін деп тілек тілейміз.