Күйшілер парақшасы

МАЭСТРОНЫҢ ҰЛЫ — ЕЛЖАН КҮЙШІ

Айтпенбетов ЕлжанЕлжан жас кезінен бастап домбырада ойнауға құмар болып өсті. Өнерге келуіне әкесі Сенбі Нұралыұлының ықпалы болды.
Сенбі Айтбенбетов ҚЫЗЫЛҚҰМҒА танымал кәсіби музыкант- сазгер, мәдени іс шаралар ұйымдастырушы,  еліне, халқына қазақтың өнерінің рухани құндылықтарын кеңінен таныстырған, өзінің ансамбль, оркестрлер құрудағы жеке жоба, идеяларын жүзеге асырған «ТАМДЫМ ӘНІМ» әнінің авторы, өзінен кейінгі жастарға ән жазуға мотивация берген, барлық алтын уақытын өнердің сапасын арттыруға жұмыс жасаған МАЭСТРО!!!
Сенбі Айтбенбетов музыкалық ұжымдарды тек білім ошағында емес, жастармен, жұмысшылармен қалалық масштабта оркестрлер ұйымдастырған. Сондай оркестрлердің бірі «ҚЫЗЫЛҚҰМ САЗЫ» Үшқұдық қалалық мәдениет үйінде құрылды.
Сөйтіп, Сенбі Айтбенбетов ҚЫЗЫЛҚҰМ өңіріндегі мәдениет саласындағы өнердегі жетістіктерімен жерлестерінің жүрегінде, мәдениетпен өнер тарихында қалды.
Баласы Елжанды qyzylqum.kz күйшілер парақшасына әкесі Сенбі Айтбенбетовтің абырой, беделінің арқасында енгізіп жатқан жоқпыз. Елжанның өзі да өте дарынды,мәдениет саласында дипломды,шығармашылықта біраз уақыт жүрген өз принципымен позициясы, өнерде өз қолтаңбасы бар, мәдениет саласында айтары мол әнші,әуесқой сазгер, ерекше күйші. Ол күйді орындаса аса кәсіби шеберлікпен орындайды, әсіресе, әкесі Сенбі Нұралыұлының жазған күйлерінде оның ерекше техникасын сезесіз.
Осындай шебер күйшіні Сіздерге таныстырғаныма қуаныштымын.
Елжанның шығармашылығын,өнердегі орнын екі периодқа бөлуге болады деп қарасақ онда айырмашылықты жақсы көруге болады. Оны Елжанның өзі де солай етіп екі кезеңге бөлгенді құптайды, әрі әкенің қамқорлығындағы уақыттың жеңілдігін мойындайды. Әкемнің қол астында  жүріп, барлығын үйреніп, тәжірибе, ақыл-кеңестер алып,диплом алғанша кәсіби шеберлігімді шыңдап өткен уақыттарым-ай, — дейді Елжан Сенбіұлы.Әкеммен бірге болған алтын уақыттарым маған жақсы тәжірибе,жылылық, үлкен қамқорлық, махаббат, жолымды ашып, жарық берді, —  деп еске алады.
Ал, екінші кезеңі,оқуды бітіріп, концерттер ұйымдастырып, тойда асаба болып, барлығын өзім жасап жүрген мәдениет саласындағы жұмыстарым, әкемнің жазған ән- күйлерін өзімнің балаларыма үйретіп, өзім ән жазып, ән байқауларына қатынасып жүрген кездерім.
— Мен өзі Құлқұдықтың Бәлтай аулында дүниеге келдім, — деп Елжан өзін таныстырды. Мен туылғанда әке шешем 30 күн ойын, 40 күн тойын жасаған екен, себебі менің алдымда төрт қыз апам болған, — деді.
Өнердегі ең тұңғыш,бірінші сыйлығымды жақсы дауысым үшін Құлқұдықтың бала бақшасында домбырамен ән айтқанымда Аяз ата берген,- деп есіне алды.
Кейін әкемнің мектепте ұйымдастырған оркестрінде біз үш кішкентайлар мен Гаухар, Ғазиза дайындықтан қалмай қатынасып жүрдік. Содан келе біз мектепаралық, қалалық, региондық байқауларға қатынастық. Үлкен әпкем Толғанай екеуміз дуэт болып «БӨПЕМ» әнін орындап бірінші орын алдық. Байқау Зарафшан қаласында өтті, суреттері да бар, — деп қойды Елжан.
Әлі есімде менің анам ыссы нан, бауырсақ, тамақ пісіріп қоятын мен болсам домбыра үйренемін деген балаларды сабақтан кейін үйге шақырып алып, біздің үйде тамақтанып өзіміз дайындалатын едік. Кешке ұйықтар алдында әкем менен емтихан алатын еді. Өзінің күйлерінен басқа да күйлердің орындалу тәсілдерін қайта-қайта тартқызып, кемшіліктерді түзететін еді.
Бүгін Елжан ән-күйден әңгіме бастасаң қазақтың барлық күйшілерінің шығармашылығын талдап, тізіп, көлемді,жақсы, сауатты ақпараттар береді.
Елжан әзірше эстрада әндерін жазып жүр, күй жазу алдағы жоспарда тұр, — дейді. Күйші Елжанға шығармашылық,қаржылық табыстар тілейміз.

Шилманов Адилбай
Адилбай Шилманов
Автор
Айтбенбетовтер ге алғыс хат
WhatsApp Image 2024-10-05 at 13.43.45
Айтбенбетовтер

КҮЙШІ МАҒАУИЯ ҚАМЗИННІҢ ШӘКІРТІ

Есенәлі Боранбаев

     Кішкене ғана  ауылдан шыққан әкесінен үйренген күйлерімен «кішкентай күйші» атанып, кейін үлкейіп әскерге барып-келіп, Алматыдағы Республикалық эстрада өнер студиясының студенті, Үшқұдық аудандық Мәдениет үйінің автоклуб меңгерушісі болып істеп- жүріп жас әнші Жанна Ақыновамен бірге дуэт болып Өзбекстан Республикасының «МАРХАБО, ТАЛАНТЛАР» телевизиялық ән байқауында домбырамен ән айтқанында ҚЫЗЫЛҚҰМДЫҚТАР дәл сол кезден бастап   Есенәлі Сейлбай ұлын нағыз дарын екенін мойындап кейін оның әншілер арасында рейтінгісі биіктей бастады.

     Есенәлі осы республикалық телевидениенің ән байқауынан соң көпшілікті елең еткізді.  Әншілігімен кәсіби нота оқи алатын сауаты бар, дипломды  күйшіні халық енді жақсы тани бастады. Есенәлінің күйші болуына себепкер болған және домбыра тартуды үйреткен әкесі Сейілбай марқұм. Дарынды жас өсе келе мектептегі ән- күй үйірмесіне қатынасып,сынып,мектепаралық сайыстар да күй тартып,алдыңғы орындарды иелеп жүрді. Мектептегі барлық мәдени шаралар,мерекелер Есенәлісіз өтпейтін болды.

     Музыкалық дарынын дамыту,нота сауатын ашу,өнерде өз қолтаңбасын жасау үшін аяқ астынан мүмкіншілік туып Алматы Республикалық эстрада өнер студиясына оқуға түсіп,Қазақ ССР-і халық әртісі,атақты күйші Мағауия Хамзиннің жетекшілік ететін домбыра классында білім алып,музыка сауаттылығын көтеріп,дипломды маман болып туған жеріне оралды.

     Бұқаралық ақпарат құралдары Есенәліні Алматыда өнер ордасында Қазақстанға танымал эстрада әншісі Сәкен Қалымовпен бірге оқып, оқу орнының жатақханасында қара нанды бөле жеп,жастық шақ,студенттік кезді бірге өткізген құрдас- достар деп жазған.

     Атақты күйші,әрі ұстазы Мағауия Хамзин шәкіртіне дипломды тапсыра тұра Есенәліге аманат тапсырды: «Айналайын, Қарағым, енді сен ҚЫЗЫЛҚҰМДА Сарыарқаның бренді болған атақты Тәттімбет Қазанғап ұлының күйлерін насихаттайтын,тартып үйрететін біздің амбассадор боласың деп тапсырған”.

   Ұстазынан бата алған аманатты орындау мақсатында Есенәлі Сейілбай ұлы » Базар жырау» атындағы ұлт аспапты оркестрін ұйымдастырып барлық мекемелерде,мерекелерде,үлкен сахналарда Тәттімбет Қазанғап ұлының «Көкейкесті»,»Қаражорға», «Сылқылдақ», «Аққыз» күйлерін репертуарынан түсірмеді.

     Есенәлі Сейілбай ұлымен мен Үшқұдықтың регионалды орыс радиосынан орыс тілді тыңдармандарға жоғарыдағы Тәттімбеттің күйлерінен интервью-бағдарлама жасап таныстырған болатынмын.

     Қазір атақты күйшінің шәкіртінің  есімі көпке таныс ол «ҚЫЗЫЛҚҰМ САЗЫ» оркестрінде де домбырашы болып жастарға қазақтың қасиетті домбырасын қадірлеуде,күйлерді насихаттауда үлгі көрсетіп келді.

     Есенәлі бүгінгі күні тек домбырашы,күйші,жыршы,термеші емес ол үлкен сахналарда,тойларда әуезді эстрадалық әндерімен халқының алғысына бөленіп жүрген ерекше дарын иесі.2004 жылы тарихи Отанына Степногор қаласына көшіп келіпта «Мирас» мәдениет үйінің оркестрін басқарды.

     «Ұстазсыз шәкірт тұл»- дегендей Есенәлі Боранбаев Өзбекстанмен Қазақстанда талай-талай домбырашылардың,күйшілердің ноталық сауатын ашып,жас қанат өнерпаздарды өнерге бауылып,тәрбиелеп шығарды.

     ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ ауылынан көпбалалы отбасынан шыққан өнерлі жігіт-ағасының алдында туған жерге арнап авторлық ән жазу жоспары тұрғанын айтады күйші Есенәлі.

     Есенәлі күйші- жерлесіміз Қазақ ССР-і халық әртісі,атақты күйші Мағауия Хамзиннің оқушы- шәкірті болғанын мақтан етеді. Әлбеттете, ҚЫЗЫЛҚҰМНАН тек бір өзі, басқа ешқандай күйші сабақ алмаған.

 Жерлесіміздің барлық жетістігіне біз де мақтанамыз.

Шилманов Адилбай
Адилбай Шилманов
Автор