САРЫАРҚАДА САЗГЕРГЕ БЕРІЛГЕН АС.
Жақында Сарыарқаның төрінде бүкіл ҚЫЗЫЛҚҰМҒА танымал «Тамдым әнім» және бірнеше әнмен күйлердің авторы марқұм Сенбі Айтбенбетовке арнап ұл-қыздары ас берді. Сазгердің асына жақын-жуық, бауырлары: іні-қарындастары,қайын жұрты, жора- жолдастары, сұхбаттасып сырлас болған және Үшқұдықта өзі ұйымдастырған «ҚЫЗЫЛҚҰМ САЗЫ»оркестрінің шәкірттері жиналып еске алып,молда құран оқыды.
Астың сценарийін жазған, сөз маржанын терген,танымал жерлес азаматымыз асты бастап беру беру үшін сөзді Ералиев Бөжей ақсақалға берді. Бөжей ақсақал інісі туралы байсалды естеліктер айтып, Сенбі Нұралыұлының ғажайып сазгер екенін, Байнияз Аманқұловтың «Тауелібай сазгері» атты кітабінің жарық көргенін халыққа жеткізді.
Кезекті сөзді жүргізуші сазгердің досы Бекбосынов Нұрханға берді,кейін Қайыпов Молдағали, Серікбаев Сейілхан, Айтбенбетов Дулаттар еске алып болғансоң, Үшқұдықта өзі ұйымдастырып, басшылық еткен «ҚЫЗЫЛҚҰМ САЗЫ» оркестрінің мүшелері сазгердің жүрегінен шыққан әндерімен күйлерін шәкірттерімен немерелері орындап берді. Оркестрдің әншілері Аягөз Ахмолдаева, Гүлжаз Құлманова, Елжанмен Сенбі Нұралұлының немересі Гүлден күйін тартса Джулеттамен Руслан әндерін орындады және асқа қатысушылар сазгердің басқада әндерін орындады.
Бүгінді күні жерлес сазгеріміздің шығармашылығын түгендеп, насихаттап, ас беріп, артында қалған хаты, мұрасын өлтірмейтін,әкесінен қалған сынығы Елжан перзенттік парызын адал атқарып келеді. Елжан Сенбіұлының өзі да азын- аулақ жастарға арналған эстрадалық әндер жазып келеді. «Алмас қылыш қын түбінде қалған жоқ» — дегендей. Баласы Елжан әртүрлі ән байқаулардың жеңімпазы. Ол музыка тақырыбындағы әңгімелерді ұнатады.
Айта кету керек, Сенбі Айтбенбетовтіңда, Елжанның да жазған әндері біреуден көшірілмеген,оны плагиат деп та ешкім айта алмайды. ҚЫЗЫЛҚҰМДА нотамен ән жазған сазгерден ән жазуда кейінгі жастар үлгі алған десек оған ешкімнің таласы бола қоймас. «Тамдым әнім» әні ҚЫЗЫЛҚҰМДА барлық отырыспа, тойларда, концерттерде шырқалып жастарға ән шығаруға қанат бітірді.Бүгін ҚЫЗЫЛҚҰМДА туған жерге арналған жүзге жуық әндер жарық көрді.
«Тамдым әнім» әнінің сөзін жазған ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ поэзиясының патшасы Өмірзақ Қожамұратовпен тандемде жазылғанынан әнмен поэзияның шыңын көресіз.
Ән шығарудағы ақынмен сазгердің дуэтін,екі дарынның феноменін көруге болады. Өлең жазып, ән шығаруға Өмірзақ Қожамұратовты оятқан сазгер Сенбі Айтбенбетов. Екеуіда өз еңбегімен,дарынымен өнерде,поэзияда өз жолдарын тапқан азаматтар. Екеуініңда дарынын, екеуінің мінездеріндегі ұқсастығын,ерекше қарапайымдылығын, сөздерімен музыкасының жылылығын, мәрттігін, шығармашылық тазалығын, әділдігін, адалдығын, байсалдылығын, рухани байлығын аңғарып, туындыларынан туған жерін сүйетіндігінің самалы есіп тұрғанын сезесіз. ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ екі алыбының,екі дарындарының бір- ақ туындысы туған жерге сағыныш,көңілі күндей ашық,көңілдерінен күннің сәулесіндей отты» Тамдым
әнім» әнін тыңдап болып болып Тамдының Ақтауына, Тамдыбұлаққа барғың келіп,көзбен көргің келеді. Ән барлығымызға ұнайды, барлығымызды қанағаттандырады, ән бүкіл Қазақстанда хит болуға тиіс тек жақсы жарнама қажет. ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ екі алыбының әнін барлық қазақ шырқап жатса одан артық бақыт, құдырет бар ма?
«Тамдым әнім» ұмытылып,ескерусіз қалмайды,маэстроның әндерімен күйлері бір күні Қазақстан телерадиокомпаниясының алтын қорында болады деген үміттеміз.
Досқа адал,қызметте, өнерде сыйлы болған, өзінің ерекше дарынымен өнерсүйер қауымның алдында дәлелденген азамат болған сазгердің асы Сарыарқаның төрінде өтті. Сенбі Айтбенбетовтің жазған барлық әндері мазмұнды, туындылары, шығармашылығы кейінгі ұрпаққа,жастарымызға үлгі-өнеге болуға лайық. Жатқан жерің жайлы болсын, МАЭСТРО!!! Оқылған құрандарды Алла Тағала қабыл етсін!!!
ТҰСАУКЕСЕР-ПРЕЗЕНТАЦИЯ: ТАУЕЛІБАЙ САЗГЕРІ
Жақында Рудный қаласында Калинин мемлекеттік университетінің орыс филология факультетін бітіріп, көп жылдар бойы халыққа білім беру саласында жемісті еңбек еткен ұлағатты ұстаз және ақсақалдар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған Байнияз Аманқұловтың авторлығында ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ сазгері, домбырашы, күйші Сенбі Нұралыұлы Айтбенбетовтің балалық шағы,ұстаздық қызметтері,жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі,жалпы өткен өмірі туралы » Тауелібай сазгері» атты кітабі шықты. Кітап ақын «Ғибраттар», «Ата өсиеті», «Тау елі» кітаптардың авторы Шүкірбай Ақназаровтың алғы сөзімен басталады. Кітаптың авторы өзі Сенбі Айтбенбетовпен рулас,ағалы- інілі,сазгер туралы жинақтаған мәліметтерді үш бөлімге бөліп жазған.
Бірінші бөлімде: Сенбі Нұралыұлының шығармалары: бұрын нотаға түсірілген әндері,күйлері және сазгердің үлкен ұлы Елжанның бірнеше әндері нотасымен жарияланған.
Екінші бөлімде: Сазгердің өмірі,қатар жүрген, бірге қызмет атқарған азаматтардың пікірлері. Олар осы кітаптың авторы Байнияз Аманқұлов «Ұрпаққа ұлағат» кітабынан үзінді, сазгердің інісі Нұрлыбай Ыдырысов, «Әрдайым есімдесің, Сенбі!», — естелігінде екі күн үлкендігі бар құрдасы, досы Нұрхан Бекбосынұлының, Сазгердің музыкадан сабақ алып, ноталық сауатын ашқан, сынып жетекшісі Оразұлы Пайыз ұстазының ұлы, ұстаз Оңдасын Оразовтың, Маэстро ұйымдастырған «Алтын домбыра» ансамбльдің әншісі Құлманова Гүлжаз Карлқызының, Сазгерді Гүлнар Әбілқайырованың, орыс тілінде бірге қызметтес болған Калиева Карлыгаш Картаевнаның, «Солтүстік Қазақстан» «Өнердегі өрісі кең Айтбенбетовтер» Гүлгүл Қуатқызының, арнаулы тілші Шолпан Есімқызының «Шашақты найза-шалқар күй» мақалаларынан үзінділер келтірілген,пікірлер берілген. Үшінші,Секеңнің жұбайы, балалары,немерелері, шөберелері туралы мәліметтер мен суреттерге арналған бөлімде Сенбі Айтбенбетовпен жұбайы Еркін Махмутқызының, Сенбіқызы Тұрсынайдың ұлы Ілес, келіні Майра, қызы Асила, немересі Димаш, қызы Гүлбақыттың жолдасы Нұрлыбек, ұлы Руслан, келіні Ұлбосын, немересі Асылхан, Сенбіқызы Толғанай, күйеу баласы Ертай, қызы Нұрсила, ұлы Ержан, Сенбіқызы Үмітхан оның жолдасы Болат және ұл-қыздары: Қуат, Даниял, Айтжан, Елжан Сенбұлы келіні Какима немерелері Назерке, Гүлден, Екпін, ұлы Телжан келіні Гүлмира, Сенбі Нұралы ұлының немерелері Ақбота, Сержан, Алуа, Інжу, Сенбі Айтбенбетовтың немересі Ғанибет, келіні Күлшат және шөберелері 79 беттік кітаптың соңында суреттері берілген.
Жалпы біз qyzylqum.kz Сайтымызда бірінші болып » Тауелібай сазгері» кітабын тек біз эксклюзивті таныстырып, креативті тұсаукесер-презентация жасап жатырмыз.Кітаптың авторы Аманқұлов Байнияз Жалғасбаевқа жас ұрпаққа үлкен тәрбиелік мәні бар еңбегіне алғыс айтып,зор денсаулық,ұзақ өмір тілейміз.
ТАНЫСЫҢЫЗ: МАЭСТРО ӘНУАР
ҚЫЗЫЛҚҰМДЫҚ Әнуар Жанаханов мектеп жасынан бастап өнерге бейім және қызығушылығы мол болып, дәстүрлі ән байқауларында оқушылардан құралған ұлттық аспаптар оркестрінде домбыра, баянда ойнап өнер көрсетті.
Бала Әнуардың өнерге қызығушылығына себеп — оның атасының, әкесінің де домбырада шебер ойнап, күйлерді, терме-толғауларды керемет орындағаны мұрындық болған болса керек. Әнуардың іні-қарындастары да түрлі аспаптарда ән салады. Бір сөзбен айтқанда, өнерлі әулеттің тумасы деп айтуға болады.
Әнуардың кіндік қаны тамған, жастық шағы өткен және еңбек жолын бастаған жері — Тамды. Әнуарды әулетінің ішінде ерекше өнер тұлғасы деп айтуға әбден болады. Себебі Ресейде мұғалімдік кәсіпке оқып жүрген дәуірінде қосымша «вокалды аспаптар ансамблінің жетекшісі» мамандығын да оқып иеленген. Сол жақта-ақ институттың атынан түрлі мекемелерге, елді-мекендерге ансамбль құрамында гастрольдік сапарларда өнер көрсеткен.
Әнуар Егемберген ұлы көп жылдар асабалық, келіннің бетін ашу өнерімен де ел арасында қызмет көрсетті. Ұлы үйленіп, қызы тұрмысқа шыққан соң, бұл өнер түрлерінің тізгінін жастарға беріп, мұғалімдік кәсібін жалғастырғанын айтады.
Өмірінің студенттік кезеңінде оның тұңғыш авторлық әні шықты. Уақыт өте келе әндерінің саны да артып, ел ішінде сазгерлік өнерімен таныла бастады.
Бүгінгі күнде бірнеше әндері ел ішінде шырқалып, түрлі қалалық, республикалық ән байқауларының жеңімпазы, лауреаты. Олардың қатарында ҚЫЗЫЛҚҰМДЫҚ ақиық ақын Өмірзақ Қожамұратовтың сөзіне жазылған «Өзіңсің күнім — Отаным», Әнуардың өзінің сөзі мен әніне жазылған «Сенсің», «Біз балалармыз, Қарағандылық!» атты әндерді айтуға болады.
Әнуар қоғамдық шараларды ұйымдастырып, өткізуде де белсенді азамат. Теміртау қаласында болып өткен бірнеше өнер кештерінде ұйымдастыру алқасының мүшесі. ҚЫЗЫЛҚҰМДЫҚ ақындар Өмірзақ Қожамұратовтың 80 жылдығын, Серік Шұқынның шығармашылығына арналған әдеби-музыкалық кешті және Балқы Базардың 180 жылдығына арналған өнер кешін ұйымдастыруда елеулі үлес қосып, еңбегі үшін Қазақстан Жазушылар Одағының Алғыс хаттарымен марапатталған.
Сонымен бірге, авторлық әндерімен, ұлттық өнердің, азаматтық қоғамның дамуына қосып жүрген үлесі үшін Қазақстан Азаматтық Альянсының да Алғыс хатымен марапатталған.
2014 жылы республикалық «Жұлдызды сәт» жобасының финалында ҚЫЗЫЛҚҰМДЫҚ әнші Арман Қарынсау Әнуар Жанахановтың әні мен сөзіне жазылған «Әгугай» атты әнді орындап бас жүлдені жеңіп алған.
2020 жылы Теміртау қаласының 75 жылдық мерей тойына арналған ән байқауында жерлес ақын Руза Алдашеваның сөзіне жазылған Әнуардың «Теміртауым» атты әні 1-ші орынды иеледі.
Әнуар мектепте мұғалімдік салада қызмет етіп жүрсе де өнерге құштарлығы, құрметі мен ізденісі ешқашан тоқтаған емес. Әлі де жаңа туындылары жарық көріп келеді.
ҚЫЗЫЛҚҰМДЫҚ ақиық ақын Өмірзақ Қожамұратовтың 80 жылдығы аясында ақын Жәлел Шалқаровтың сөзіне жазылған «Жыр жүрек», ақын Серік Шұқынның сөзіне жазылған «Бос өтпе» атты әндері ақындардың шығармашылығына арналған кештерде Маэстроның өзінің орындауында жарыққа шықты.
Өнерде үздік, жұлдызды әншілердің орындауында да Әнуардың әндері жарық көріп келеді. Олардың қатарында: Айдар Тұрғанбек — «Жігіт болдың» (Әні мен сөзі: Әнуар Жанаханов), Нұрболат Абдуллин — «Әкелердің орны бөлек» (Сөзі: Саят Әбенов), Альбина Шардарова — «Алтын адам» (Сөзі: Саят Әбенов), жерлесіміз Сайын Базаров — «Ауылға досым бардың ба?» Сөзі: ҚЫЗЫЛҚҰМДЫҚ ақын Наурызбай Жарбосынұлы.
ҚЫЗЫЛҚҰМДЫҚ жерлес маэстро Әнуар Жанахановтың шығармашылық өмір жолымен біршама танысқан болсақ, талант иесінің өнеріне сәттілік, сарқылмас шабыт тілей отырып, «Әнуардың әлі талай әуелеген әсем әндерін күтетін боламыз» дегім келеді.
ӘНМЕН ЖЫРДЫҢ ПАТШАЛАРЫ
Жер шарында әрбір халықтың өз төл өнері бар. Біздің халықта да “әу” демейтін қазақ жоқ, — деп жатады. Қазақ халқының әндері көркемдік жағынан өз мағынасы мен бағасы жоғары,өнеріміздің тарихи дамуы әр дәуірде сапа жағынан да жоғарылап келеді. Өмірдің әр кезеңінде әндеріміз халықтан ауыз екі елге таралып келген болса,кейінгі ғасырда әндерге нота жазылып,технологияның дамуымен қазақ халқының әндерінің дамуы жақсы қарқын алып келе жатыр.Қоғамның,халықтың дамуына,білімділігімен сауаттылығына байланысты композитормен ақындар әлеуметтік ортаның талабына сай әндердің сөздерін поэтикалық әдістермен бірге әннің ырғағын,стилін,ритмін байытып,өнерді жан- жақты өзгертіп,әндер бұрынғыдай ауыз екі таралмай техниканың дамуының арқасында пластинкаларға,магнитофонға,дискеттерге жаздырылып,енді флешкалаға еңгізіліп,әндерді қалағанынша өзгертіп,аранжировкалап,фонограммалар жазып,әндердің орындау әдістерімен формалары өзгеріп концерттік бағдарламалар ШОУға айналды.
Жырмен ән жазудың ең жоғарғы шеберлігі ақынмен композитордың бір- бірін жақсы түсінісуінде,ақынның құдыретті сөзіне әсем дауыс арқылы,жаңаша ритммен,тыңдарманның көңіл күйіне, психикасына жақсы,жылы әсер ететін,бастысы сол мелодия есінде қалатындай етіп жазуында.Жәй тілмен айтқанда, тек әннің ритмикалық байлығын,жырдың құндылығын жақсы түсінетін композитормен ақынның шығармашылықтары бір нүктеде болғанда табысты бола алады, ән хитқа айналады. Міне сол екі тұлғаның жүректерінің бірге унисон соққандарының нәтижесінде (ақын қайтыс болғанына бір ширек ғасыр өтседе) ”Туған жер” өлеңіне тамаша ән дүниеге келді. “ Туған жер” әнінің сөзін жазған тағдыры ауыр,қиын,партия қатарындағылармен дос болмаған,әрдайым олардың бақылауында жүрген,өлеңдері цензурада болған,ақиқатты іздеп басшыларға қарсы шығатын,,жұмыстан босату керек дегендердің тізімінде бірінші болып тұратын,ешкімнен мәдени дебаттан қашпаған,өресі биік ҚЫЗЫЛҚҰМДЫҚ ақиық ақын ӨМІРЗАҚ ҚОЖАМҰРАТОВ.
Әнін жазған ерекше өнер қонған,музыка индустриясында әншілер,аспапта сүйемелдеушілер ортасында рейтінгісі жоғары,ВИЗИТТІК КАРТОЧКАСЫ(деректеме кәртішкісі) — ”ТУҒАН ЖЕР” болып табылатын. Ол туған жерін шексіз сүйетін ақиық ақын ӨМІРЗАҚ ҚОЖАМҰРАТОВТЫҢ өлеңіне тамаша ән жазды. Солай етіп,музыка,өнер білгірімен,бағалаушысы патриоттық әнімен қазақ қоғамына,қазақ әнсүйер қауымының өзі туып- өскен ҚЫЗЫЛҚҰМДЫ әнмен жырмен таныстырып,білуіне музыка арқылы мүмкіншілік беріп,жабық тұрған қақпасын ашып тастады.
Әнмен жырдың патшаларының “ Туған жері” әні өзінің ноталық аккордымен,дыбыстың өзгеру мінездерімен келісімділігімен,дауыстың ырғағымен әннің дәрежесі,сапасы бойынша шетел эстрада әндерінің қатарына қоюға лайық ән болып шықты. Ән ақынның 60 жылдық мерейтойына арналған ән байқауында жүлделі екінші орынды иеледі.
ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ өнерінің ХИТ СИНГЛ” ҚЫЗЫЛҚҰМ music” ХИТ ПАРАДТЫҢ топтамасында “ Туған жер” әніне әнсүйер қауымы дауыс беріп,балл жинауында өз үлесі бар. Әннің авторының қолында музыкалық арнайы дипломы болмаса да, композиторлар Одағының мүшесіне кірмесе де минормен мажорды,сопраномен фальцетті,октаваны,баянмен аккордеонды,квартетпен ансамбльді,ариямен эстрада әндерін жақсы айыра білетін жастайынан өнердің суын ішіп,нанын жеп,ауасын жұтқан азамат.
“Туған жер” ақиық ақын ӨМІРЗАҚ ҚОЖАМҰРАТОВТЫҢ көзі тірісінде керемет патриоттық өлеңі болса,қайтыс болғаннан соң ән жазылып жерлестеріміз арасында “Туған жер” әні менің “ ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ ӘН ҰРАНЫ”- деп атауыма тура келді. Туған жерімізде ХХ ғасырда бұндай керемет эстрадалық ән жазылмаған соң сол себептен да әннің жазылу әдістерімен ерекше факторларын ән жазамын деген әуесқой сазгер зерттеп,үйренуі керек. ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ интеллектуалы жоғары екі жерлестеріміз, бізді өздерінің ішкі және сыртқы түсінігі жағынан әнмен жырдың органикалық үйлесімін көрсете келе бізді Отансүйгіштікке,туған жерге сүйіспеншілікке,оны құрметтеуге,қорғауға,мақтаныш етуге шақырады.”Туған жер” әнінің бірінші,тұңғыш оригиналдық версиясын мен өзім әннің қайырмасын қосыла айтып,ансамбльмен орындаған болатынмын.Әннің сөзін қағазға жазып алып,алдымызға қойып бас гитараның партиясымен бірінші дауысын айтқанмын. Міне сол күні әннің оригиналды версиясын жасап әннің толық шыққанын фиксация жасадық. Әнді төрт- бес рет қайталап айтып аудиосын магнитофонға жазып алдық. Бұл керемет әнді келешекте кім орындайтынына талғамы жоғары автор былай деді;-Әнді кәсіби, дауысының диапазоны кең,жоғары,өзі музыкалық білімді,салмақты,поэзиямен музыканы жақсы түсінетін,сахналық тәжірибесі мол,рухани бай әнші, бұл әнді орындайтын болады,- деп жауап берген.Ал егер бүгін осы талапқа сай әнші болмаса не істейміз?,- деген сауалға. -Қазақта дарынды әншілер көп,бүгін жоқ болса,ертең дүниеге келеді,-деп прогноз жасаған. Сол күні Үшқұдық қаласының акты(мәжіліс) залында мен ӨМІРЗАҚ ҚОЖАМҰРАТОВТЫҢ бірінші рет құдыретті поэзиясымен танысқан болатынмын. Әлбетте,бүгінгі Айтбай Тортаев,Арман Ахметов, Медеулер айтып жүрген Мұзараф Әнуарбековтің аранжировкасындағы компьютерлік дыбыстар ол кезде жоқ еді. Дегенмен, “Туған жер” әні басқалардың жазған жүз әнінен артық. Міне мен сол себептен да “Туған жер” әнінің ХХ ғасырдың аяғында әннің премьерасынан бастап Өзбекстанда,Қазақстанда ХХІ ғасырдың 23 жылы бойы ұйымдастырған әрбір мәдени,спорт іс шараларымда осы әнді шырқатып келе жатырмын.Адамның өмірі,шығармашылықтың құндылығы,өнердің пайдасы,әннің да көп уақыт жасағандығымен өлшенбейді,керісінше оның ішкі мазмұнында болып табылады. Сол себептен мен әннің авторы туралы ҚЫЗЫЛҚҰМ өнерінде өзінің ерекше қолтаңбасы мен орны бар мықты музыкант,виртуоз- ритм- гитаршы,әдемі дауысы бар,музыка жазудың техникасымен тарихын терең білетін,ауқатты,ақша қаражаты бар,байлығы жеткілікті ішім- жемдері мол,керемет дарынды,интеллегентті Сатановтар отбасында 1959 жылы дүниеге келгенін білемін.
Мүсіреп Сатановтар отбасында алты баланың төртіншісі .Тамдыда туылып,1976 жылы мектепті бітіріп аудандағы Мәдениет үйінен ашылған “ Ақтау” ән- би ансамблінде музыкант штатында жұмыс істеп,сол жерден Отан алдындағы әскери борышын өтеуге аттанған. Әскерден оралған соң біздің екінші рет жиналған “ ҚЫЗЫЛҚҰМ” ансамбліне жетекшіміз,досым Ишманов Жанкелді қоғамдық музыкалық ұжымға ритм гитарада ойнауға шақырды. Шақыртуды Мүсіреп жақсы қабыл алып,репертуарымызға үлкен өзгерістер алып келді. Сол кезде ол Зарафшан қаласында “ Водовод” ұжымында кезекпен жұмыс істеп жүріп сол ұжымның да ансамблінде орыс,қазақ,өзбек тілдерінде ән айтып,гитарада ойнап жүрді. Өте ерекше еңбекқор,ерекше өнер қонған,интеллектуалдық дарындығы жастайынан ерте оянған,шынайы,әділ сөйлейтін,нақылмен шешендік,ғибрат сөздер айтатын,жан- жағын қуанта алатын,сыйлай білетін,өз кемшілігін мойындай білетін,эмоцияға берілмейтін, азамат еді. Мүсіреп Сыдық ұлы мақтағанды қаламайтын,айтқан әнін да,өзін да мақтауға рұқсат бермейтін еді.
ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ өнерін жоғары дәрежеге көтеруге тек туған жері Тамды да атсалысып қоймай, Зарафшан,Үшқұдық қалаларында әртүрлі ұлт өкілдерімен бірге де ансамбльдер құрып өнер көрсетіп, “Мыңбұлақ”, “ Ұзынқұдық” кеңшарларының Мәдениет үйлеріне барып жұмыстарын модернизация жасауға үлкен күш жұмсады. Өнердің білгірі,бағалаушысы,өнердің сыншысы,сарапшысы,еңбек,шығармашылық тәртіппен жүріп- тұрған. Зарафшаннан жұмыстан шығып,кешке “ ҚЫЗЫЛҚҰМ” ансамблінің екінші құрамының репетициясына қатынасып түн ішінде Зарафшанға жұмысына қайтып кететін. Қайсібір концерттен,тойдан,отырыспадан алдын- кейін қолына гитараны алып міндетті түрде әншілерді жинап алып,бүкіл дүние жүзінің хит әндерінің қалай ойнаудың аккордтарын көрсетіп джем- сейшен жасайтын еді.Немесе саясат,экономика жаңалықтарынан дискуссия өткеріп,жаңа,тарихи ақпараттармен оқыған кітаптарымен бөлісетін еді. Екеуміз тарихи саяси басшылар Сталин,Берия,Маленков,Хрущёвтар туралы тарихи әңгімелер айтып,соның ішінде шетел жазушылары Агата Кристи,Эркюль Пуаро, Жюль Верн,Артур Конан Дойль кітаптарына талдау жасап,дүниежүзі музыка индустриясының патшалары Джимми Хендрикс,Эрик Клэптон,Ринго Старр,Бобб Диландардың жаңа әндерімен шығармашылықтарынан жаңа ақпараттармен бөлісіп,жеке өмірімен өнерін талқылап,
“ BONEY M”,” ROLLING STONES”,”ABBA”,
” THE BEATLES” сияқты бүкіл дүниежүзіне белгілі ансамбльдердің концертіне баруды, “ APPLE RECORDS”,
” CAPITOL RECORDS”, Лондондағы
“ ABBEY ROAD” дыбыс студияларында ән жазсаң деген армандарымен бөлісетін еді. Мүсіреп Сыдық ұлының тағы бір арманы жанұялық
“ ВОНАТАС” ансамблін құру еді. “ВОНАТАС” өз фамилиясын терісінен оқығанда САТАНОВ болады екен. Мүсіреппен “ҚЫЗЫЛҚҰМ” ансамблінің екінші құрамында ойнап жүргенде талай тойда,әртүрлі гастрольдік концерттерде, Бухара, Навои қалаларында өткен облыстық ән байқауларында,Өзбекстан Республикасының телевидениесінен тікелей эфирінде “ ЗАМАНДАС” бағдарламасында өнер көрсеттік,әншілер,құрдастары ,өнерге жақындар Мүсірепті жақсы көріп,атын қысқартып;
“МУСЯ” дейтін еді. Бүгін Мүсіреп Сатановтың жазған “ ТУҒАН ЖЕР” әні төрден орын алуын қарастырып,ән байқауларында шырқалуын қамтамасыз етуіміз керек.Біз әлі де өнерде,шығармашылықта,ән шығаруда экономикалық,қаржылық инфантилизмнен құтыла алмай келеміз. Бүгін жерлесіміз Мүсіреп Сатановтың өнерін,өлеңін талдау,баға беру,қолдау,сараптау механизмі іске қосылды. Өнер иелерінен,таныс,ағайын- туыс,бауырларынан естеліктер күтеміз. Бірінші кезекте әнге заңды түрде авторлық құқығын алу керек. Бүкіл Кеңес Одағына белгілі Сатановтар отбасы оған қол жеткізеді деп ойлаймын. Өкініштісі, “ҚЫЗЫЛҚҰМ” ансамблінен кеткенімнен соң Мүсіреп Сыдық ұлымен кең отырып сөйлесуге уақыттың болмағаны. Ол бизнеспен шұғылданып кетті мен қазақтың балаларын тәрбиелеумен, газет,радио,мәдениет саласында ән байқауларын ұйымдастырып кеттім. Мүсіреп Сатанов туралы бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалардың жарық көргенін таба алмадым. qyzylqum.kz Сайтын ашып ҚЫЗЫЛҚҰМ өнерінің элитасы қатарына кіретін,көрерменге танымал,өзі альтруист,музыка аспабының дефицит кезінде ауылдың қазақ балаларының музыкалық сауатын ашып,гитара үйретіп,ансамбльдер құрып,олардың болашағын ойлап,максимум уақытын бөлген,қамқорлық жасаған жерлесімізге Сайтымыздан кең орын береміз. Бұл тұңғыш мақаланың тақырыбын: “ Туған жер” әнінің тарихы,” Туған жер”- ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ ӘН ҰРАНЫ”, “Өмірзақтың өлеңі, Мүсірептің музыкасы” депта қоймақшы болдым. Дегенмен; ӘНМЕН ЖЫРДЫҢ ПАТШАЛАРЫ деп қойғаным екі дарын иелерін атау орынды деп есептедім.
Басты мақсатымыз мәдени шаралардың жаңа жобаларын жасап,ерекше идеялармен жұмыстар жасап марқұм Сатанов Мүсіреп Сыдық ұлын Сіз да, біз де ұмытпай “ Туған жер” әнін айтып еске алып жүру. Бүгін әннің сөзін жазған ақиық ақын Өмірзақ Қожамұратовты ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ поэзиясының жыр патшасы десек,виртуоз ритм гитаршы,сахна этикасына үлгі болған ”Туған жер” әнінің авторы универсал музыкант Сатанов Мүсіреп Сыдық ұлын музыка патшасы дейміз. Ақынмен сазгердің шығармашылығын бөлмей біртұтас етіп тандемде қарап,айырмауымыз керек.
ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ ҚОҢЫР ҮНІ
Мүсіреп Сыдықұлы Сатанов 1959 жылы, 27 сәуірде, Тамды ауданына белгілі, ел-жұрты құрмет тұтқан отбасында дүниеге келген. Мен келін болып босаға аттағанда, қайын інілерімнің ішіндегі қағылез, сүйкімді, өзін еркін ұстайтын он жастағы ерке бала еріксіз назарымды аударды. Ешкімнен қысылмай, қымтырылмай сансыз сұрақтарын жаудырып, оның жауабын алғанша тыным таппайтын. Отбасында оның барлық сұрақтарына ерінбей, жалықпай жауап беріп, түсіндіретін бір-ақ адам ата болатын. 1972 жылы ата дүниеден озғанда, бәріміз де есеңгіреп қалдық. Басқа балаларға қарағанда, Мүсіреп тез есейді.
Ол жүзі жаз, көңілі көктем ақжарқын жігіт болып өсті. Қайда барса да өзін еркін ұстайтын. Өнерге жақын болды. Қоңыр дауыспен ән салып, гитарада ойнайтын. Мектепте де әншілігімен көзге түсті. Мәдениет үйінде ашылған «Ақтау» ән — би ансамблінде, «Қызылқұм» ансамблінде ән айтып, гитарада ойнап, әртүрлі гастрольдік сапарға шығатын. Қалада, облыстарда түрлі жарыстарға қатыса бастады.
Республикалық «Замандас» бағдарламасында тікелей эфирде өнер көрсетті. Жұмыс істеп жүріп те гитарасын қолынан тастамайтын.Кейде бірер ауыз өлең шығаратын, әуесқойлығы да болды.Сөздің қадірін білу — әншінің бағы. Әңгіменің майын тамызып,қиялынан қосып,қызықты етіп айтатын. Кейде еркінсіп,еркелеп кететін. Мұнысы дарақылық емес,кәдімгі кең далада өскен сал жігіттің жарасымды дархан мінезі болатын.
Бірде Қызылқұмның тарлан ақыны Өмірзақ Қожамұратовтың «Туған жер» өлеңіне ән шығарып, әуенін тыңдатты. Халықтың өз мінезіндей майда қоңыр әуен, сыры терең сырлы саз елге ұнады.
Ақиық ақын Өмірзақ Қожамұратовтың «Туған жер» өлеңі — толғанысты ойларға толы сәтті шыққан шығарма. Аз көлемге көп ойлар сыйғызған шағын дастан деуге болады. Өзімізге таныс ауыл. Туған жер,ата қоныс, кіндік қазығы. Мұнда ақынның адамилық парыз туралы парасатты ойлары бар. Бояуы мол бейнелеу құралдары, әдемі шумақ, ұтымды теңеулерден ой тереңдігін аңғарамыз.
Маған Мекке — Мәдине, Венеция, Париж не?
Туған жердің шөліндей ыстық емес, әрине?
Жан анамдай қадірлі менің туған байтағым,
Жердің жәннат — жұмағы Қызылқұм деп айтамын.
Қызылқұмды Мекке, Парижден де артық етіп отырған құдірет — Қожамұратов қаламы. Аспандай тұнық, бұлақтай мөлдір жырдан өмірдің әнін, көңілдің нәрін сезінесің. Туған жерге деген мөлдір сезім өлеңнің өзегіне айналған.
Мүсірептің осы өлеңді таңдауы да тегін емес. Туған жері тал бойына талант берген жігіт туған жер туралы жырға әнді,әуенді жанымен сезініп,егіліп,еміреніп жазған.Ән мен жыр тілі адамның туған жерге жан әлемін жайып салады.Сол өлкеден тыныстап,сол өлкеден нәр алған,айналадағы көрікті дүниені көкірегіне тоқыған жан ғана осылай ән жазады. Кейде көңілі құлазып,тауы шағылып,күйзелген кездері көп болды.
Дүние опасыз деген рас.Елу төрт жасында ол мәңгілік ұйқыға кетті…
Бірақ ән үзілген жоқ. Ел болып шырқайтын өзі қалдырған мәңгілік ескерткіш — асыл ән жоғалмақ емес.