Пустыня
қызғалтақтар
студия
pustynya
qygaltaqtar
studio
previous arrow
next arrow

Қызылқұм өнері

Бұл жоба Қызылқұм өңірінде туып өскен дарынды әншілер, ақындар, әннің авторларына арналады. Жобада сіздер өз туған жері Қызылқұмға арнап жазған өлеңдерімен танысасыздар, тыңдай аласыздар. Қызылқұм өнер әлеміндегі танымал әндерді, әншілердің жаңалықтарын білу үшін ақпарат аласыздар.

Жоба командасы

Қали Жолдас

Қали Жолдасов

Өлең-жырлардың эксперті

Адилбай Шилманов

Адилбай Шилманов

Жоба директоры

Сандибек Уристемов

Сандибек Уристемов

Ақпарат қолдау аналитигі

Мурат Нурланов

Мұрат Нұрланов

Жоба әзірлеуші

Айтпенбетов Елжан

Елжан Айтпенбетов

Ән насихаттаушы

Арман Ахметов

Әндерді әрлеуші

Айтбай Тортаев

Айтбай Тортаев

Ән-жырлардың эксперті

Медиа деректер

Шынайы меломандарға әндер альбомы
Заман Тобы - Тамды аруы
Уалихан Жұмабеков - Сүйгенім
Сайын Базаров - Тауелібай
Арман Ахметов - Тамдылықпын
Медеу Шилманов - Туған жер
Бағила Мұратова - Анашым сүйенішім
Айтбай Тортаев - Алтын өлке
Жанна Ақынова - Тамдым әнім
Алтынбек Қаралтаев - Атыңнан айналайын Тамды
Бауыржан Полатов - Кенимех кештерінде
Мұхтар Жанұзақ - Қызылқұмнан ессе самал арқаға
Полатбек Жанбаев - Жаңа Тамды
Дәутбай Асанбаев - Құлымбетім
Алмат және Манас Көшербаевтар - Бойтұмарым
Мұратхан Ауезбеков- Ақтаудың баурайында

Жаңалықтар

Менің жоспарым

Жоспар: 1. 2023 жылы ақын Өмірзақ Қожамұратовтың "Далама сыр" жыр жинағын жарыққа шығару; 2. 2024 жылы ақын Өмірзақ Қожамұратовтың екі томдығын жарыққа шығаруды жоспарлап отырмыз. Кітаптың 1-томына өлеңдері, 2-томына балаларға арналған шығармалары, сондай-ақ Ө.Қожамұратов туралы ақындар мен оқырмандарының арнау жырлары және естеліктер енгізіледі. 3. 2025 жылы ақынның 90 жылдығына орай толық шығармалар жинағы жарық көрмек.

4. 2026 жылы ақынның 90 жылдық мерейтойы Тауелібай аймағында және Рудный, Теміртау, Тараз, Астана, Степногор, Алматы, Шымкент т.б. қалаларда атап өтілуі көзделуде.

Айтбенбетовтер ге алғыс хат

Алғыс хат пен марапатталды

Бүкілдүниежүзіне белгілі болған 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 2024 жылы 8 қыркүйектен 13 қыркүйекке дейін Астана қаласында 89 елдің 2000 дай спортшылардың ойындары жоғары дәрежеде өткені туралы хабарланды. Астана қаласында өткен 5- ші Дүниежүзі көшпенділер ойындарына ерекше үлес қосқан тренерлерді және ойындарды ұйымдастыруда және өткеруде ерекше еңбек еткен 1 азамат " Парасат", 7 кісі " Құрмет"орденімен 85 азамат "

Ерен еңбегі үшін,5 азамат " Шапағат" медальдарымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен марапатталды деп жазды пресса. Күллі әлем көз тіккен 5-ші Дүниежүзілік ойындар аясында ұйымдастырылған " Көшпенділер әлемі" мәдени бағдарламалар іс шараларына қатынасып ел абыройын асқақтататын маңызды істе ерен еңбек еткен сазгер Сенбі Айтбенбетовтың отбасылық ансамблі Алғыс хатпен марапатталды. Жерлестерімізді шын жүректен құттықтаймыз, отбасылық музыкалық ұжымға шығармашылық табыстар тілейміз!

ХИТ СИНГЛ" ҚЫЗЫЛҚҰМ music" ХИТ ПАРАД ЖАЛҒАСУДА.

ҚҰРМЕТТІ ӘН СҮЙЕР ҚАУЫМ, МЕЛОМАНДАР!!! Өздеріңізге белгілі ҚЫЗЫЛҚҰМНАН шыққан дарынды әнші, ақын, әуесқой сазгерлердің шығармашылықтарымен Сіздерді екі ай бойы таныстырып келе жатырмыз. Сіздер осы ҚЫЗЫЛҚҰМ ХИТ ПАРАДЫ арқылы жерлестеріміздің бұрын- соңды есітпеген әндерін тыңдап ұнағандарына баға беріп келдіңіздер.

Бүгін осы екі айда бірге жасаған жұмыстарымызға баға беріп көрейік. Егерде осы екі айда ҚЫЗЫЛҚҰМ ХИТ ПАРАДТЫҢ басында жерлесіміз Мұратхан Ауезбеков өзінің "АҚТАУДЫҢ БАУРАЙЫНДА" авторлық әнімен көш бастап келген болса,енді Алтынбек Қаралтаев өзінің "Атыңнан,айналайын, Тамды деген" әнімен Мұратхан Ауезбековпен тең ұпай жинап көшті екеуі бастауына тура келді. Демек,жерлестеріміз Мұратхан Ауезбековпен Алтынбек Қаралтаевтың ақындықтары,поэтикалық дарындары,сөзге шеберліктері,ән жазу техникасымен табиғатты тану, сұлулығын біліп, көркем сөзбен жеткізудегі деңгейін де ұқсастық бар деп солай түсініп баға бердік. Бұл екі азамат бізге қандай өлең тыңдау керектігін, әнді қалай жазу керектігін көрсетіп отыр.Сөз маржанын теріп,бізге әсем сөзді қолдану ,қазақ эстрада әндеріне ұлттық колоритті пайдалану сферасын параллель алып жүрудің методикасын үйренуді түсіндіреді.Әрине,әрбір өнерсүйер,әнді тыңдаушы, көрермен, әнді таңдауды өзі жасайды. Міне осы ХИТ СИНГЛ" ҚЫЗЫЛҚҰМ music" ХИТ ПАРАД платформасында әнді таңдау жасауды үйренесіз. Біз бүгін ХИТ СИНГЛ "ҚЫЗЫЛҚҰМ music" ХИТ ПАРАДТТЫҢ енді екінші этапына өттік,әлі алда әнді бағалаушыларға, әнші,ақын,әуесқой сазгерлерге арналған СЮРПРИЗДЕР болады, мүмкін, ХИТ СИНГЛ "ҚЫЗЫЛҚҰМ music" ХИТ ПАРАДТТЫ бірнеше маусым көшті басқарған әншінің ФАН- КЛУБЫН ұйымдастырамыз. Мүмкін осы ХИТ ПАРАДТАН дуэт трио,квартет,ансамбльдер пайда болып олар халықаралық ән байқауларынан дүниежүзіне танымал " жұлдыз" болып кетер.Біздің бастапқы,негізгі ойымызда жерлестеріміздің жазған әндері музыка Олимпіне көтерілсе екен деген мақсатты көздегенбіз.Біз бүгін ҚЫЗЫЛҚҰМДЫҚ әншілерімізді қолдап,қуаттасақ арманымызбен идеалымызды бірге қоссақ әншілеріміз де үлкен атаққа ие болып, гонорарлары өсіп,ақшалары көбейіп,әндерін,дауыстарын бұқаралық ақпарат құралдарынан есітіп,олар туралы жазып тұрса,кино түсіріп,интервьюлер беріп,шетелдерге гастрольдық турлар жасап,концерттерін теледидардан көріп тұрсақ ХИТ СИНГЛ" ҚЫЗЫЛҚҰМ music" ХИТ ПАРАДЫНЫҢ мақсаты орындалады. Құрметті жерлес, ХИТ СИНГЛ" ҚЫЗЫЛҚҰМ music" ХИТ ПАРАДТТЫҢ екі айлық жұмысын қорытындылай келе дарынды жерлестерді, баға беруші, Сіздерді, барлығыңызды қолдап,қуаттауға,белсенділік танытуға шақырамын. ҚЫЗЫЛҚҰМДЫҚ жерлестер !!! Бұрын,жаңадан жазылған әндеріңіз болса креативті жаңа жобаға ХИТ СИНГЛ" ҚЫЗЫЛҚҰМ music" ХИТ ПАРАДЫНА әндеріңізді жолдаңыздар. Барлық ҚЫЗЫЛҚҰМ ӨНЕРІ бойынша ақпараттарды qyzylqum.kz Сайтынан ала аласыздар.

Айтбай Тортаев

ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ ӨНЕР ТАРЛАНЫ АЙТБАЙ ТОРТАЕВТЫҢ 60 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ҚҰТТЫҚТАУ.

Бүгін 5- тамыз 2024 жыл. Бүгін ХХ ғасырдың соңында дүниеге келген ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ музыка, өнер,мәдениет саласына жас кезінен араласып, үлкен дарынының арқасында өнермен шығармашылық контракт түзіп,ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ өнерімен мәдениетінің туын желбіреткен,ерекше дауысты эстрадалық әнші, әуесқой сазгер,домбырашы- термеші, қоғамдық жұмыстарда адамдық келбетімен көзге түскен,

ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ өнерінің Мега жобасы;" МЕРЕКЕ" музыкалық ұжымын ұйымдастырушы,ансамбльдің музыкалық продюсері Тортаев Айтбай Кенжебайұлының туған күні. Айтбай Кенжебайұлы сахнаға жастайынан шыққалы бері өнерде үлкен сындардан сүрінбей,ән байқаулардың жеңімпазы атанып,қазақ халқының әсем әндерімен өзінің авторлық әндерін шет мемлекетте орындап, насихаттап келді,бүгін тарихи Отанында әншілік өнерін жалғастырып келеді. Бесбұлақтан шыққан әуесқой сазгеріміздің " Үшқұдықпен Зарафшан Тамдыбұлақ- астанам" әнсүйер қауымның сүйсіне тыңдайтын әніне, жерлестеріміздің арасын да ХИТқа айналды. Бүгінгі 60 жасқа толып отырған, жазған жырын жинақтап, қазақ жастарын ұлтжандылыққа тәрбиелеуге үлкен үлесін қосып келе жатқан,қазақ жастарына жанашырлық танытып,қамқорлық етіп келе жатқан, халқына сыйлы, ағайын- туыс, қызметтестері мен достарына құрметті, ҚЫЗЫЛҚҰМ эстрада өнерінің ақсақалы, мәдени іс-шаралар кемесінің капитаны, жерлестеріміздің мақтанышы, сахнадан жарқ етіп шыққан,топырағы киелі ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ өнерінің бренді Айтбай Тортаевқа өнер әлеміне салып келе жатқан жолына сәттілік тілейміз. Жазған әсем әндерің қазақ халқының эстрада әндерінің қоржынына түсе берсін.Әндерің мұхит асып,шет мемлекеттерде ана тілімізде шырқала берсін. ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ он екі ата байұлының сан ғасырлар бойы мекен еткен,құтты қоныс,шұрайлы Бесбұлағынан шыққан әуесқой сазгер- музыкант қатарында ХХ-ХХІ ғасырда табиғат,өнер,достық,туған жер,махаббат туралы жазылған әндері тыңдаушы, музыка эксперттерімен ән бағалаушы жюрилердің жоғары бағасына ие бола беруіне тілектеспіз. Өзіңе сахнаның, өнердің рахатын сыйлаймыз. Біздер музыканттар,педагогика,мәдениет саласындағы халқымыздың бос уақытын жырмен толтырып ширек ғасыр бойы жалғастырып келе жатқан кәсіптестерің ретінде сенің Голливудтың "Жұлдыздар аллеясынан" жарқырай көрінуіңе тілектеспіз. Әрқашан да арманыңнан адаспа,іздегенің табылып, өмірдегі ұстанымыңнан айырылма, жастарға шығармашылығың, өнерің үлгі болсын,жүзіңнен нұр,жүрегіңнен иман кетпесін,тұлпар тектес дарын иесі, Айтбай Тортаев!!! Мерейтойлық құттықтау жолдаушылар: Адилбай Шилманов,- " МЕРЕКЕ" ансамблінің импресариосы, " ЛИНГВА" - ансамблінің бас гитарисі, Белгород,Россия, " ҚЫЗЫЛҚҰМ",- ансамблінің бас гитарисі,Тамдыбұлақ,Өзбекстан. "BASH- RETRO"- ансамблінің бас гитарисі, Шахтинск, Қазақстан. Үрістемов Сәндібек,- " МЕРЕКЕ" музыкалық ұжымның бренд- амбассадоры. " Рауан" ансамблінің әнші- лидер гитарисі,- менеджері. Ташкент, Өзбекстан. " Ұшқын" ансамблінің ұйымдастырушы- музыкалық продюсері, Тамдыбұлақ, Өзбекстан.

Байқау болып өтті

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 25 қыркүйегінде Қарағанды қаласының " Cosmonaut" қонақ үйінің конференц залында " Даналар сөзі- ақылдың көзі" атты облыстық шешендер өнер байқауы өтті. Үш кезеңнен тұратын байқаудың қорытындысы бойынша Шахтинск қаласының " Бастау" оқу әдістемелік орталығының оқытушысы М. Карбаева екінші орынды иеледі.

Дарынды оқытушы,байқау қатысушысы Меруерт Карбаеваны барлық жерлестері шын жүректен құттықтаймыз, шығармашылық табыстар тілейміз!

Елжан Айтпенбетов

Ерекше құттықтау

Елжан Сенбіұлы басқаруындағы " Сенбі Айтбенбетов атындағы студияның" домбырашы- күйшілері қарттар күніне арналған" Қарттар біздің асыл қазынамыз!" атты үлкен концертте қарттарды жаңа күйімен құттықтады.

Мерекелік концерт

Елжан Айтбенбетов басқаруындағы " Сенбі Айтбенбетов атындағыстудияның" домбырашы- күйшілері " Ұстазым-ұлағатым,үлгі өнегем" атты мерекелік оқытушыларға жаңа күй арнады. Ұстаздар шәкірттерінің күй әлеміне салған жолына риза болып,сәттілік тіледі.

Тамды совхозы тарихы

"Тамды"совхозы тарихы кітабы

Бұл кітап ел мен жердің тарихынан мағлұматтар беретін әдеби- танымдық шығарма.Өткен ғасырдың отызыншы жылдары басталған көшпенді елді отырықшыландыру саясатының жарқын тұстарының негізін қалаған Тауелібай өңіріндегі ең алғашқы Кеңестік іргелі мал шаруашылығы ұжымдарының бірі-"Тамды" қаракөлшілік совхозы болатын.

Алғашқы ұйымдасқан 1932- жылдан дәуір талабына сай 2015 жылы таратылғанға дейін біздің ата- бабаларымыз,әке- шешелеріміз, аға- жеңгелеріміз осы ұжымдық шаруашылықта жанқиярлықпен еңбек етіп Қызылқұмды қаракөл қойына толтырды,мемлекетке сапалы өнімдер тапсырып отырды. Тоқсан жылға таяу уақыт ішінде осы шаруашылықтан бір шопан ең жоғары марапат Социалистік Еңбек Ері атағын алуға ерісті. Екі шопан Мәскеудегі Жоғарғы сьезге делегат болып қатысты. Тамды ауданы бойынша Өзбек ССР Жоғарғы Советінің ең алғашқы депутаты да осы " Тамды" совхозынан сайланды. Бірнеше ондаған озат шопандар Кеңес Одағының ең жоғарғы орден,медальдарымен марапатталды. Бір сөзбен айтқанда " Тамды" совхозы ұзақ жылдар бойы Тамды ауданының көшбасшы шаруашылығы болып алдыңғы қатарларда тұрды. Кітапты шығарудағы басты мақсатымыз аға ұрпақтардың ерен еңбегін өскелең ұрпаққа үлгі ретінде ұсыну,олардың еңбексүйгіш,кәсібіне адал,табанды да жігерлі болып өсуіне ықпал ету. Кітапты шаруашылық ұжымының 90 жылдығына орай баспадан шығару ойда болған.Бірақ қажетті материалдар жинау біраз уақытқа созылып кеткендіктен кешігіп шығып отыр. Тоқсан жылға жуық туған жерде қаракөлшілікпен шұғылданған шаруашылықтың барлық саласындағы еңбек еткен азаматтар туралы мейлінше көп дерек жинап бастыруға тырыстық. Әйтсе де бәрі жүз пайыз қамтылды деп айта алмаймыз. Осы орайда әлде бір себептермен кейбір азаматтардың аты- жөні кітапқа енбей қалса кешірім сұраймыз. Жалпы кітап барша оқырмандардың жүрегінен жылы орын алады деп үміттенеміз.

news Полат Жанбаев

Байқауы өтті

Өткен жұма күні, яғни 22 желтоқсан күні Астана қаласындағы Орталық Ұлттық мұражайда республикалық «Қазақстан Республикасының Қоғам қайраткері» атты республикалық байқаудың ақтық нәтижесі атап өтілді. Оған еліміздің танымал тұлғалары мен депутаттар, басқа да өнер адамдары қатысты. Биылғы жыл қорытындысы бойынша өтіп отырған шара нағыз ел тұлғаларын танатуға қаратылды.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен аталмыш республикалық байқау нағыз жеңімпаздарды анықтауға мүмкіндіктер берді. Басқосудың құрметті қонағы ретінде Қазақстан Елтаңбасының авторы, Ташкенттен келген жерлесіміз Жандарбек Мәлібеков жеңімпаздарды құттықтап, сыйлықтарды табыс етті. Парламент депутаттары да осы жерден табылды. «Жаңа Қазақстан» Республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Білім-өркениеті» ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы бірлесе өткізген бәйгеде түрлі кәсіп иелері өздерін көрсетіп, жаңімпаздар атанды. Осы жеңімпаздар арасында біздің жерлесіміз, «Степногорск ақшамы» газетінің редакторы Жанбаев Полатбек Тілләбайұлы да бар болатын. Жеңімпаздар 1 Дәрежелі Дипломмен, «Қазақстанның Қоғам Қайраткері» төсбелгісімен және арнайы ескерткішпен марапатталды. Сондай-ақ олардың еңбегі жазылған кітап та жарық көрген. Жерлесімізді атаулы марапатымен шын жүректен құттықтаймыз.

"Аққу сезім" жыр кітабы

Айтбенбетов Орынбек Орынбасарович бұл жыр жинағына әр жылдары жазылған таңдамалы өлеңдері кіргізілген. Сондай-ақ, ақын жүрегін алаңдатып, мазалаған ойларын, махаббат жайлы сырлы сезім, өмірге құштарлығын бейнелеген өлең жолдары жүрегіңізге қонады.

news Аманжол Мырқиев

Ақынның жыр жинағы

Ақын Аманжол Мырқиевтың "Жүректен тамған тамшылар" жыр жинағының Теміртау қаласының орталық кітап ханасында тұсау кесері болып өтті.

Ақсауле Шамұратова

Құттықтаймыз!!!

Жерлесіміз Ақсәуле Мәмбетқызы Шамұратова Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Білім Академиясының ұйымдастырған "Үздік оқырман" байқауына республиканың 3000 қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысқан.

Соның ішінде 2000 қатысушының құжаты қабылданып, таңдалған он кітап бойынша әрқайсысынан жазбаша бес сұрақтан тұратын тапсырмалар жауаптары тексерілген. Осы білім додасына қарындасымыз Ақсәуле Мәмбетқызы да қатысып, ынталандыру сыйлығына ие болды. Ақсәулені шын жүректен құттықтаймыз, алдағы талай белестерден сүрінбей өтуіне тілектеспіз.

ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ БАСТЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ

  ( Команданың жарты жылдық есебі).

 

  Ардақты өнер сүйер қауым,өнерде лайықты орын алған жерлестер,Қазақстанмен Өзбекстанның түкпір- түкпірінде жасаушы  дарынды,халқымыздың рухани ой-өрісін шығармашылықтарымен кеңейтер жерлестер !!!

 

 Біз 2024 жылға аяқ бастық. Өткен жылы тамыз айында командамызбен креативті тақырыбы ортақ екі су жаңа  жобаны;

 ХИТ СИНГЛ

” ҚЫЗЫЛҚҰМ music” ХИТ ПАРАД және qyzylqum.kz сайтын  ҚЫЗЫЛҚҰМ ӨҢІРІНІҢ ӨНЕРІНЕ арналған негізгі тақырыбын ҚЫЗЫЛҚҰМҒА  арнап ойластырылып  жұртшылық назарына ұсынған болатынбыз. Бұл жобалардың басты мақсаты  ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ ӨНЕРІМЕН жан-жақты таныстыру болса,бір жағы жерлестеріміздің заманға сай жаңа технологиялармен таныстыру,әнге дауыс беру,әнге баға,балл беру сияқты телефондағы ватцаптан басқа функцияларды қолдануды үйрену де болды. Әлбетте, меломандарымыз телефонды шебер қолдаунуға тырысты,біреуі білсе,біреуі нүктені басып дауыс берудің орнына хикаялар жазып кетті. Дегенмен біз меломандарымызбен бірге біраз жетістіктерге жеттік. Жобаға қатынасқан әнге, дауыс беру арқылы, сол айдың үздік  әндерін анықтадық. Үш мезгіл өткенде, бірінші қорытындысын qyzylqum.kz  сайтында жарияладық.Міне енді өткен жылдың жетістігін айта келе

ХИТ СИНГЛ 

“ ҚЫЗЫЛҚҰМ music” ХИТ ПАРАДТА қатынасқан туған жерін,  махаббаттың нәзік сырын шерткен әсем әндерге өлеңдерін жазған ақындарымыздың аттарын атап өтуді жөн көрдік, олар;

1.ҚАЙРАТ ИСАЕВ,

2.МҰРАТХАН АУЕЗБЕКОВ,

3.АЛТЫНБЕК ҚАРАЛТАЕВ,

4.ӨМІРЗАҚ ҚОЖАМҰРАТОВ,

5.АЙТБАЙ ТОРТАЕВ,

6.АҚШАГҮЛ ТӨЛЕГЕНОВА,

7.УАЛИХАН АХМЕТОВ,

8.НАУРЫЗБАЙ ЖАРБОСЫНҰЛЫ,

9.ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА,

10.ГҮЛНАФИС КӨШЕРБАЕВА,

11.ПОЛАТБЕК ЖАНБАЕВ,

12.МҰХТАР ЖАНҰЗАҚ,

13.ҚОНАҚБАЙ САТТАРОВ,

14.АМАНГЕЛДІ МОЛДАМҰРАТОВ,

15.ӘКІМБЕК АЙТБАЕВ,

16. АҚСӘУЛЕ ШАМҰРАТОВА,

17.ХАНЫМ РАХМАНОВА,

18.АҚЫЛБЕК АҚНИЯЗОВ,

19.ЖАҢАБАЙ БӨРИЕВ,

20.ҒАНИ ЕСБОЛОВ,

21.ҰЛАСҚАН ЖИЕНҚҰЛОВ.

    Жоғарыдағы  тізімдегі ақындардың сөзіне  ұзақ жылдар бойы  ән жазып еңбек етіп келе жатқан,жастардың өнер жолында өсуіне айтарлықтай үлес қосып,әндері ел арасында кеңінен таралған сазгерлеріміз;

1.ДӘУІТБАЙ АСАНБАЕВ,

2.МҰРАТХАН АУЕЗБЕКОВ,

3.АЛТЫНБЕК ҚАРАЛТАЕВ,

4.АЙТБАЙ ТОРТАЕВ,

5.МАРАТ ҮРМЕТОВ,

6.МҮСІРЕП САТАНОВ,

7.АРМАН АХМЕТОВ,

8.УАЛИХАН ЖҰМАБЕКОВ,

9.МАНАС КӨШЕРБАЕВ,

10.ПОЛАТБЕК ЖАНБАЕВ,

11.БАУЫРЖАН ПОЛАТОВ,

12.ТАЛҒАТ МАЕМГЕНОВ,

13.ЕСКЕНДІР ҚАРАБАЕВ,

14. ӘНУАР ЖАНАХАНОВ,

15.АМАНКЕЛДІ БҰХАРБАЕВ,

16. МЫРЗАҒАЛИ ҚОЙТБАЕВ,

17. АҚЫЛБЕК АҚНИЯЗОВ,

18. ҒАНИ ЕСБОЛОВ.

19. ОРЫНБЕК АЙТБЕНБЕТОВТЕР

ХИТ СИНГЛ “ ҚЫЗЫЛҚҰМ music” ХИТ ПАРАД арқылы біз кейбір бұрын танымайтын,білмейтін,көрмеген,өлеңдерімен, әндерін тыңдамаған,шығармашылығымен таныс емес жерлестерімізбен азды- кем таныстық. Ақындармен әуесқой сазгерлер туған жері ҚЫЗЫЛҚҰМҒА арналған әндерін әр айдың 14( он төртінші) жұлдызында бұрын -соңды жарияланбаған әндерін  ХИТ шеруіне меломандардан баға алу үшін тырысып,үмітпен уақтылы жеткізіп    әнсүйер қауымның назарларына ұсынып тұрды және де солай уақытылы ұсынып тұрады  деп ойлаймыз. 

ХИТ СИНГЛ

” ҚЫЗЫЛҚҰМ music” ХИТ ПАРАДЫНА қатынасқан әншілерге,әуесқой сазгерлерге,әннің,өлеңнің авторларына, әндерді және әннің авторларын тауып берген жерлестерімізге,лайк қоймай, түймені басып дауыс берген меломандарға мың Алғыс, ҮЛКЕН РАХМЕТ айтамыз. Тек Сіздердің көмектеріңіздің,жәрдемдеріңіздің әрдайым байланыста болғандарыңыздың арқасында жобамыз жүзеге асып келеді. Жобаның жүзеге асуына көпдеген жанашырларымызға алдағы уақыттада белсене қатыса беруді сұраймыз.

   ҚЫЗЫЛҚҰМ ӨНЕРІН дамытуда шығармашылықтары,ойлауы,

істері,дүние танымы өзгеше,өз ортасында сыйлы,  бұрын- соңды аттары айтылмай келген,еңбектері еленбей,көпшілікке беймәлім болып келген,есімдері,әдеби мұралары ешжерде жарияланбаған жерлестеріміздің  кешегі мен бүгінгі естеліктерінен  qyzylqum.kz сайтына ақпараттар еңгіздік. Қысқа уақытта біз Сіздердің ақпараттық көмектеріңіздің арқасында жерлес ақындар,әншілер,ансамбльдер,жыршы- термешілер,музыканттар,күйшілер,

әуесқой сазгерлер,суретшілер,журналистер,жазушылар туралы біз біле бермейтін,жүрегінің жылуымен qyzylqum.kz сайтымен архивтік материалдарымен бөлісіп,жанашырлығын танытты, бұл жақсы сауапты жұмыстарымыз әлі де жалғаса береді деп ойлаймыз.. Әлбетте,біз qyzylqum.kz сайтына әрбір бөліміне,әрбір парақшасына Сіздердің жіберген,айтылған ақпараттық көмектеріңізді мүмкіндігінше пайдаланып,үлкен мақала етіп сайтымыздың оқырмандарының назарына ұсынып отырдық. Нақты авторлардың аттарын атап,оның басты кейіпкерлері туралы ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ ӨНЕРІНДЕГІ  дарынды,бірнеше кітаптардың авторлары, өз саласында лайықты орын алған жерлестеріміз туралы  әсерлі мақала жазған жерлестерімізді атап өтейік;

●●●●●АҚЫНДАР ПАРАҚШАСЫНДА;

1.ҚАЛИ ЖОЛДАСОВ,” ӨМІРІНІҢ ӨЛЕҢІ ҰЗАҚ ӨМІРЗАҚ.” ( алғы сөз).

2.ОРАЗБАЙ ТАҒАЕВ( марқұм),” ӨМІРЗАҚ ҚОЖАМҰРАТОВ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІК”.

3.СЕРІК ШҰҚЫН.(марқұм) 

ЕР ЕЛ ЕСІНДЕ: “ЖИДЕЛІБАЙСЫНДА ӨТКЕН ТОЙ”. 

( мақала).

4.КАМАЛ РЫСБАЙҰЛЫ.”АҚЫН АҒАНЫ ЕСКЕ АЛУ”. ақын ҚАЙЫПНАЗАР ШОТБАСОВ( марқұм) туралы.

5.АЙДАНА ШОТБАСОВА.” ӘКЕ АСҚАР ТАУ”. ҚАЙЫПНАЗАР ШОТБАСОВ ( марқұм)туралы.

6.АДИЛБАЙ ШИЛМАНОВ.” ПОЭЗИЯ ӘЛЕМІНДЕ ЖАС АҚЫН” АМАНЖОЛ МЫРХИЕВ туралы.

7.СӘНДІБЕК УРИСТЕМОВ.” ӨЛЕҢМЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР”.ХАНЗАДА САРСЕНОВА

( марқұм)туралы.

8. ПОЛАТБЕК ЖАНБАЕВ. “АҚЫН БЕРДАЛЫ ОРАЗАЛЫҰЛЫ” 

( марқұм)туралы.

9.АДИЛБАЙ ШИЛМАНОВ.” ДАРЫНДЫНЫ ТӨРГЕ ОЗДЫРЫП ДАРАЛАЙЫҚ”. ақын АҚСӘУЛЕ ШАМҰРАТОВА ТУРАЛЫ.

●●●●● ӘНШІЛЕР ПАРАҚШАСЫНДА;

1.ШОҚАН ҚОСЫМБАЙҰЛЫ.

” ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ ӘНШІ ПЕРЗЕНТІ” әнші ШИЛМАНОВ МЕДЕУ туралы.

2.АДИЛБАЙ ШИЛМАНОВ.” ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗ,БАҚЫТТЫ АНА,АЯУЛЫ ӘЖЕ,КЕРЕМЕТ ӘНШІ”. ҚАУАПОВА МӘДИНА туралы.

3.АДИЛБАЙ ШИЛМАНОВ.” ЕКІ ӘНШІНІҢ ӨНЕРДЕГІ ЖЕТІСТІКТЕРІ”. АЯГӨЗ АҚМОЛДАЕВА мен қызы АЛЬБИНА туралы.

4.ЕЛЖАН СЕНБІҰЛЫ.” ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ ПРИМАДОННАСЫ-ГҮЛЖАЗ”.ҚҰЛМАНОВА ГҮЛЖАЗ туралы.

5.МЕДЕУ ШИЛМАНОВ. “ ҮЗДІК ӘНШІ- АЙЖАН”. әнші АЙЖАН ШАХАЕВА туралы.

6.АДИЛБАЙ ШИЛМАНОВ.” ҰЛТЖАНДЫ ӘНШІ ЖЕРЛЕСІМІЗ.”әнші ҚЫДЫР ӨТЕБАЙҰЛЫ туралы.

7.АДИЛБАЙ ШИЛМАНОВ.” ОСЫНАУ ХАЛҚЫМ БОЛМАСА,ҚАДІРІМДІ КІМ БІЛГЕН?” әнші БАҒИЛА МҰРАТОВА туралы.

●●●●● АНСАМБЛЬДЕР ПАРАҚШАСЫНДА;

1.ДУЛАТ ҮРУОВ.”ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ МЕГА ЖОБАСЫ:” МЕРЕКЕ” АНСАМБЛІ.

 “ МЕРЕКЕ” ансамблі туралы.

2.АДИЛБАЙ ШИЛМАНОВ.” МУЗЫКА- МОЯ ВТОРАЯ ЖИЗНЬ”. АЙТБАЙ ТОРТАЕВ туралы.

3.БАХЫТБЕК МЕДЕТБАЕВ.” РИТМ ГИТАРИСТ- НАЖМАДИН”. НАЖМАДИН ҮБІСОВ туралы.

4.АДИЛБАЙ ШИЛМАНОВ.” МУЗЫКАЛЬНАЯ СЕМЬЯ”. САДУАХАС БАЙХАДАМОВТАР отбасы туралы.

5.СӘНДІБЕК УРИСТЕМОВ.” ЖАҢА МЕКЕННІҢ- “ ҰШҚЫНЫ”. “ ҰШҚЫН” ансамблі туралы.

6. СЕРІК БОРАНБАЙҰЛЫ ( ШҰҚЫН) 

( марқұм).”ӘЛМЕННІҢ ӘУЛЕТІНІҢ ӘУЕНДЕРІ- АЙ?!” отбасылық ансамбль туралы.

7. ГҮЛДАНА ТӨРЕХАНҚЫЗЫ.” ӨНЕР АҚТАҢГЕРЛЕРІНІҢ АҚ ОРДАСЫ” “ АҚТАУ” ӘН- БИ АНСАМБЛІ туралы.

8.БАХЫТБЕК МЕДЕТБАЕВ.” ҮШ АНСАМБЛЬДІҢ ЭКС МУЗЫКАНТЫ.” РАХАДИН ҮБІСОВ туралы.

●●●●●ЖЫРШЫ- ТЕРМЕШІЛЕР ПАРАҚШАСЫНДА;

1.ҚАЛИ ЖОЛДАСОВ.” ҚАЛДАШ ЖЫРАУ”.ҚАЛДЫБЕК СӘДІРОВ 

( марқұм)туралы.

2. БЕРІК ЖҮСІПОВ.” ДӨЙТ” ҰРАНДЫ…СЕРИЯСЫМЕН. ҚАЛДЫБЕК СӘДІРОВ ( марқұм)туралы.

3.АДИЛБАЙ ШИЛМАНОВ.” ӨНЕРЛІ ЖАН- РАБИҒА”.  термеші РАБИҒА СЕЙДУЛЛАЕВА туралы.

4.Т. НАУРЫЗБАЕВ.” ТЕРМЕШІ- САБИТ”. САБИТ ДАБЫЛОВ туралы.

5.ГҮЛДАНА ТӨРЕХАНҚЫЗЫ.” ЖАҚҰТ ЖЫРДЫҢ ЖАЛАУЫН КӨТЕРГЕН ЖАЛҒАС ЖЫРАУ” жырау ЖАЛҒАС ЖҮСІПОВ туралы.

●●●●● МУЗЫКАНТТАР ПАРАҚШАСЫНДА;

1.АДИЛБАЙ ШИЛМАНОВ.” АРАМЫЗДА ЖҮР ӨНЕРЛІ ҚЫЗЫЛҚҰМДЫҚТАР”. дауылпазшы БАХЫТБЕК МЕДЕТБАЕВ туралы.

2.ГҮЛДАНА ТӨРЕХАНҚЫЗЫ.” ӨНЕРДІ СҮЙГЕН БАЛА ӨМІРДІ СҮЙЕДІ”. КЕНИМЕХТЫҚ өнерпаз балалар туралы.

3.АҚСӘУЛЕ МӘМБЕТҚЫЗЫ.”ҚОБЫЗ САРЫНЫМЕН КӨРКЕМДЕЛГЕН КҮЙ- ҒҰМЫР” қобызшы ӘСЕЛ ҚЫДЫРМҰРАТ туралы.

●●●●● КҮЙШІЛЕР ПАРАҚШАСЫНДА;

1.АДИЛБАЙ ШИЛМАНОВ.” МАЭСТРОНЫҢ ҰЛЫ- ЕЛЖАН КҮЙШІ.” күйші ЕЛЖАН СЕНБІҰЛЫ туралы.

2.АДИЛБАЙ ШИЛМАНОВ.” КҮЙШІ МАҒАУЙЯ ХАМЗИННІҢ ШӘКІРТІ”. күйші ЕСЕНӘЛІ БОРАНБАЕВ туралы.

●●●●● ӘУЕСҚОЙ САЗГЕРЛЕР ПАРАҚШАСЫНДА;

1.АДИЛБАЙ ШИЛМАНОВ.”САРЫАРҚАДА САЗГЕРГЕ БЕРІЛГЕН АС”. сазгер СЕНБІ АЙТБЕНБЕТОВ( марқұм) туралы.

2.АДИЛБАЙ ШИЛМАНОВ.” ТҰСАУКЕСЕР- ПРЕЗЕНТАЦИЯ; ТАУЕЛІБАЙ САЗГЕРІ”.  сазгер СЕНБІ АЙТБЕНБЕТОВ( марқұм) туралы.

3.АДИЛБАЙ ШИЛМАНОВ.” ТАНЫСЫҢЫЗ; “МАЭСТРО ӘНУАР” сазгер ӘНУАР ЖАНАХАНОВ туралы.

4.АДИЛБАЙ ШИЛМАНОВ. “ ӘНМЕН ЖЫРДЫҢ ПАТШАЛАРЫ” сазгер МҮСІРЕП САТАНОВ( марқұм) туралы.

5.БИБАЙША АМАНШАЕВА.

” ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ ҚОҢЫР ҮНІ” сазгер МҮСІРЕП САТАНОВ( марқұм) туралы.

●●●●● СУРЕТШІЛЕР ПАРАҚШАСЫНДА;

1.АДИЛБАЙ ШИЛМАНОВ. 

“ ҚЫЗЫЛҚҰМДЫҚ ЖАС СУРЕТШІ” суретші НҰРХАН НАЗАРОВ туралы.

2.АДИЛБАЙ ШИЛМАНОВ.

” СУРЕТШІ,МҮСІНШІ- ШАРАПАТ” суретші,мүсінші ШАРАПАТ МЕҢЛІҚҰЛОВ туралы.

3.АДИЛБАЙ ШИЛМАНОВ.” ӨМІРІН ӨНЕРМЕН ӨРНЕКТЕГЕН”. суретші АСИЛБЕК НУРТАЗАЕВ туралы.

4.ГҮЛДАНА ТӨРЕХАНҚЫЗЫ.” ЖАҢА ЛОГОТИП,ӨЗІНДІК ИДЕЯ”  дизайнер СҮНДЕТ МАЕМГЕНОВ туралы.

5. ГҮЛДАНА ТӨРЕХАНҚЫЗЫ. “ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ” суретші ҒАРИФУЛЛА САҒИДУЛЛАҰЛЫ туралы.

●●●●● ЖУРНАЛИСТЕР ПАРАҚШАСЫНДА;

1.ҮМІТ ЖОЛДАСОВА.” ТҮЙЕШІНІҢ БАЛАСЫ” журналист ПОЛАТБЕК ЖАНБАЕВ туралы.

2.АДИЛБАЙ ШИЛМАНОВ. “АМАНКЕЛДІ- БІЗДІҢ ФОТОЖУРНАЛИСТ”. фотожурналист АМАНКЕЛДІ ТҰРЖАНОВ туралы.

●●●●● ЖАЗУШЫЛАР ПАРАҚШАСЫНДА;

1.АДИЛБАЙ ШИЛМАНОВ.

”ҚЫЗЫЛҚҰМДЫҚ ЖАЗУШЫ,АҚЫН,ЖУРНАЛИСТ.” жазушы ӘБДІСӘЛИ ДӘУЛЕТБАЕВТАР туралы материалдарды жарияладық.

 Міне, ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ ӨНЕРЛІ,ДАРЫНДЫ азаматтарын жақсы тану, оларды сурет- видеоларынан көз алдарыңызға тұтас келтіре алатындай  етіп, жазған еңбектерімен өмірбаяндарымен толық таныс болу мақсатында,олармен мақтанып жүру үшін барынша жақсы жандармен, Сіздермен бірге, материалдар жинап qyzylqum.kz  сайтына еңгіздік. Біз бүгін тек сайтта жазылған материалдар туралы ақпаратпен бөлісіп  отырмыз,лайк қоюдың қажеті жоқ . Оқырмандарымыздың қолына тигелі отырған әлі де лайықты орын алатын кейіпкерлер, ақын жазушыларымыздың шығармашылықтары туралы материалдар,өлеңдер өз кезегін күтіп тұр. Жоғарыда атап өткен әр саланың парақшасындағы материалдардан басқа оперативті түрде шығып тұратын ЖАҢАЛЫҚТАР бөлімі бар. Ол жерде де өткен жылы бірқанша қысқаша материалдар жарық көрді: команда мүшелері ҚАЛИ ЖОЛДАСОВ өз жоспарымен,АРМАН АХМЕТОВ өзінің аудиокітабымен,әнші ӘНЕЛ қызымыз жеңісімен,өткерген сайыстарымен СӘНДИБЕК УРИСТЕМОВ, ҮШҚҰДЫҚТЫҚ ҚАЙРАТ АХМЕТОВ ұйымдастырған ән байқауымен,ТЕМІРТАУДАН спорт жарыстарымен ҒАНИ ЕСБОЛОВ,баспадан жарық көрген тарихи- кітабымен ҚЫЛЫШ ТЕЛҒАРАЕВ,медальмен марапатталған ПОЛАТБЕК ЖАНБАЕВ,жыр кітаптарымен ОРЫНБЕК АЙТБЕНБЕТОВ,АМАНЖОЛ МЫРХИЕВ,ынталандыру сыйлығына ие болған АҚСӘУЛЕ ШАМҰРАТОВАЛАРДЫҢ жеңістері,жетістіктерімен  жаңалықтарда Сіздермен ақпараттармен бөлістік. Одан басқа жаңалықтар қатарында жерлестеріміздің видеотоптамасын көруге мүмкіншілік жасадық ҚЫЗЫЛҚҰДЫҚТА өткен тойдың қорытынды промо- ролигі, ҒАНИ ЕСБОЛОВТЫҢ өлеңдерін оқып, ЕЛЖАН СЕНБІҰЛЫНЫҢ “ ҚҰЛҚҰДЫҚ” , Жерлес жігіттеріміздің қазақстандағы ансамбльінің  орындаған әндерін тыңдауға мүмкіншілік жасадық.Шынайы меломандарға әндер альбомында әртүрлі ән сайыстарының жеңімпаздарының әндерін Сіздерге ұсындық.Ол әндер біздің Алтын қорымызда сақталатын болады.Біздің qyzylqum.kz сайтының рейтінгісі Сізбен бізге байланысты. Құметті ҚЫЗЫЛҚҰМДЫҚ жерлестер және кімдер туралы жазуды дұрыс деп санайсыз? Бізге сол дарынды азаматтар туралы не өзіңіз жазыңыз,болмаса хабарласу үшін  телефон номерлерін жіберіңіз,байланысымыз үзілмесін.

Ал,жалпы қатынасуға мүмкіншілігі бар әншілерімізді 2024 жылы 18-19-20 сәуір күндері 

 “ ҚЫЗЫЛҚҰМ- БАБАЛАР МЕКЕНІ” атты авторлық әндерімен  командалық гастрольдық турға ЕКІБАСТҰЗ,ПАВЛОДАР,АҚСУ қалаларында өтетін концерттің жобасымен ұсыныстарды әр әншінің контакт- телефондарына өткен жылы жолдағанбыз.

 Бұл командамыздың 2024 жылға ұсынғалы отырған және бір креативтік жобамыз,бұдан да басқа кейстеріміз бар. Біздің қызметіміз,жоспарларымыз туралы толық ақпарат алу үшін мына көк жазуды qyzylqum.kz бассаңыз болды,сайтқа кіріп оқып аласыз. ҚЫЗЫЛҚҰМДЫҚТАР біз барлық салада интеграциялану мақсатында өз туған жеріміздің рухани байлығының тізімін түзіп, шығармашылық потенциалымызды танып, біліп,мақтаныш ететін шығармашыл,дарынды азаматтарымыздың өресін,білім деңгейін,интеллектін,оның қазақ халқына беретін пайдасын,рухани қорына қосатын салмағын көрсете білуіміз керек. Мәдениет,білім,шығармашылық, нақты жұмыстарымыз  өнердегі жетістіктеріміз барлығы қазақ халқына арналуы керек.Жеңісінде,жетістігінде халқымызбен барлығында бір болу. Дендеріңізге саулық,ұзақ өмір тілейміз,бірге жасайтын жұмыстарымыз жемісті,мазмұнды болсын.Жазған кітаптарыңыз,шығарған әндеріңіз қазақтың таңдаулы кітаптары қатарынан орын алып,әндеріңіз музыка индустриясында әнсүйер қауымның көңілінен шығып,мойындалып,сапалық дәрежесі биік болып,жаттап алып айтып жүретін  хитке айналсын. ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ ӨНЕРІН жан- жақты танытуда біз білімді,сауатты,мәдениетті,интеллекті жоғары,кәсіби тәжірибелі,жаңалықпен өзгерісті тез қабылдайтын жаңа техникамен интернетті жан- жақты меңгерген,IT- мамандығын меңгеруге,медиа саласында,сайттар жасау бағдарламасының барлық функцияларын іске қосуға  талаптанған,рухани бай,ғажайып адамгершілікті,иманды,адал,принципші,қызметте сыйлы,шығармашылық дарынымен 

дәлелденген, игі істерге талпынысы мен күш- қуаты толысқан,креативті идеялы,ерекше харизмалы,жасанды интеллекттің тілін білетін,мотивация беретін, халқына қалтықсыз қызмет ететін команда жинап қалдық. qyzylqum.kz сайтын қолдаушылар жағы да айқындалып қалды, демек, мерейтойларымызды баршамыз бірге тойлау сәтіде қашық емес деп ойлаймыз.Оны өз уақытында дос- жаран,сұхбаттас- сырлас тілектестерімізбен Сіздермен бірге қуанышымызды тойлаудың бағдарламасын түзіп,ықыласпен ой-ұсыныс- тілектеріңізді тыңдап, көре жатармыз.Біздің сайтымыз өз пікірін айтамын,идеясымен бөлісемін,тақырыпты толықтырамын,өзін таныстырамын,авторларға ризашылық- рахметін білдіруге,сайт бойынша сұрақтары бар оқырмандарға ыңғайлы уақытта бірінші беттегі хабарласу үшін нүктесін басып жазба қалдыруға мүмкіндік жасалған,бізден жауап алу процессі да ойластырылған, бұл заманның коммуникациясының талабына сай,ерекшелігі  болып табылады.Алға, Қазақстан!!! Алға қазақ елі!!! 

Сіздерге есеп берген,

 

qyzylqum.kz сайтының командасы.

 

Хабарласу формасы

Хабарласу формасы

Байланыс ақпарат

Байланыс номерлер

+7 707 114 02 56

+7 700 114 02 56

Поштасы

info@qyzylqum.kz
adilbai.shilmanov@mail.ru